Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. В.В.Розен Модели принятия решений в экономике: М.: Высшая школа,2002
2. И.И.Бажин Информационные системы менеджмента. М.:Высшая школа, 2000
3.ШапкинА.С., МазаеваН.П. Математические методы и модели исследования операций. М.: Высшая школа, 2003
ДӘРІС 13
Әлеуметтік-экономикалық дамудың бағалық болжау тұрақтылығы әлеуметтік-экономикалық процесстерді болжау.
Дәріс мақсаты: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері. Жоспарлаудың түрлері туралы баяндау.
Түйінді сөздер: әлеуметтік-экономикалық, жоспар, даму, тұрақтылық.
Дәріс жоспары:
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және даму перспективалары.
Экономикалық тұрақтылық дегеніміз не? Пропорция ұғымы.
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін — ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау — экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты — экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |