Морфологиялық талдау тәсілімүмкін болатын мәселелердің ішінен қолайлы шешімдерді тандауды көрсетеді. Оны ірге тасы қаланған зерттеулерді болжау барысында қолдану мақсатты болады. Морфологиялық талдау тәсілі объект сипаттарының жүйелі түрде қаралуын көрсететін амалдар қатарын байқатады. Оны зерттеу «морфологиялық қорап» тәсілі бойынша жүргізіледі, ол мақсаттар ағашы немесе матрица түрінде жасалынады, оның әр торына сәйкес параметрлер жазылады. Кезектелген бірінші деңгейдегі параметрлердің келесі деңгейлердегілердің кез-келген бір параметрімен қосылуы мәселенің мүмкін болатын шешімін көрсетеді. Мүмкін болатын шешімдердің ортақ саны жол бойынша алынған, «қораптарда» келтірілген барлық параметрлердің санына сай келеді. Оларды алмастыру және әр түрде келістіру жолымен объектілердің мүмкін боларлық сипаттарын алуға болады.