«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет40/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

Ұжымдық идеялар генерация әдісінің мәні (ой шабуылы) мәселелік жағдайды «ой шабуылы» арқылы мамандардың шығармашылық потенциалын пайдалануды қажет етіп, алғашында идеялардың генерациясын жасап, кейіннен соңғы ағырға идеяларды және келісілген көз қарастарды (бұзу, критикалау) жоққа шығарады. Бұл әдіс 30-шы жылдардың соңында американдық ғалым А.Осборнмен жасалынды, ол аяқ асты пайда болған идеялар арқылы мәселелерді шешуді ұсынған. Осыған ұқсас әдістерді осыдан 400 жыл бұрын «Хинду» үндіс шеберлері қолданған болатын: дискуссия мен критикаға тыйым салынып, әркім өз идеясын еркін жеткізіп, оларға баға кейіннен берілген.

Ұжымдық идеялардың генерациясының әдісі келесі кезеңдерді іске асырумен сипатталады. Бірінші кезең белгілі бір мәселені шешу бойынша «ой шабуылына» қатысушылардан топ құрумен байланысты. Топтың ең жақсы жағдайлар жиынтығының саны эмпириялық түрде болады. 10–15 адамдардан тұратын топтар аса өнімді болады. Екінші кезеңде талдау тобы мәселелі хат құрастырады, онда мәселелі жағдайды қарастырылады және мәселелік жағдай мен әдістің мағынасы келтіріледі. Үшінші кезең – идеялар генерациясының кезеңі. Әр қатысушы бірнеше рет сөз сөйлеуге құқылы. Алдындағы айтылғандарға сын жасалынбайды, скептикалық ескертулерге жол берілмейді. Жүргізуші үрдісті реттеп, жаңартылған немесе идеялардың комбинациясының қолдап, көмек көрсетіп, қатысушыларды жасқаншақтықтан босатады. «ой шабуылының» ұзақтығы қатысушылардың белсенділігіне байланысты 20 минуттан аз болмай, 1 сағаттан аспауы керек. Төртінші кезең генерация кезеңінде айтылған идеялардың жүйелілігмен байланысты. Идеялардың тізбегі жасалынып, белгілері анықталады, олардың көмегімен идеяларды біріктіруге болады, кейіннен оларды анықталған белгілері бойынша топтарға біріктіреді. Бесінші кезеңде жүйелендірілген идеялардың (бұзылуы) диструктациясы іске асырылады. Әр идея жоғары білікті мамандар тарапынан жан-жақты критикаға ұшырайды. Осындай топтар 20–25 адамнан тұрады. Ал алтыншы деңгейде критикалық ескертулерге баға беріліп, практикалық түрде іске асырылатын идеялардың тізімі жасалынады. Бұл әдіс болжау объектісінің дамуына бағалау нұсқаларын тез және сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет