Тақырыбы: ОҚУ Үдерісінде қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері әдістері



Дата10.09.2024
өлшемі0,81 Mb.
#204014
түріСабақ
Байланысты:
шебер сынып 3 (1)


Тақырыбы:
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ ӘДІСТЕРІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №10ЖББОМ
БАСТАУЫШ КЛАСС МҰҒАЛІМІ:САЛЫКБАЕВА К.С.
Мақсаты:Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінде қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістеріне бағытталған іс-тәжірибені тарату.
Сабақты бастар алдындағы рефлекция
Сиқырлы бақ
Нені күтесіз?
Неден қауіптенесіз?
Теориялық бөлім
Қалыптастырушы бағалау дегеніміз барлық оқушыларға табысты болуға,яғни тапсырмаларды дұрыс орындап,сабақ мақсатына жетуге көмектесу.Сабақта мұғалім қалыптастырушы бағалаудың құралдарын қолдану арқылы (мақсат пен күтілетін нәтижелерді талқылау,тапсырма дескрипторларын ұсыну,бақылау,сұхбаттасу, сұрақ қою,кері байланыс ұсыну,жәрдемдесу, бағыт-бағдар сілтеу, ынталандыру, оқушылардың өзін-өзі бірін бағалауды ұйымдастыру, т.б) барлық оқушыларға табысты болуға көмектеседі. Қалыптастырушы бағалауды әр сабақта қолдану керектігі баршамызға мәлім.Демек, әр сабақта мұғалім оқушыларға көмек беріп, олардың оқуын жақсартумен айналысады: әр оқушыға оның оқуындағы жетістіктерді көрсетіп, ынталандырады,осыдан кейін осал жерлерін (кемшіліктерін, қателерін, кетіктерін) нақтылап олардың түзету жолдарын ұсынады, яғни,бейнелі түрде айтқанда, «Білім» атты ұшы- қиыры жоқ сатының келесі баспалдағына қалай шығу керектігін түсіндіреді, көмектеседі.
Осының арқасында әр оқушыда « Білім алуда менде Мұғалім деген ұлы жанашырым, жанкүйерім бар! Ол қай кезде болмасын маған көмекке келуге дайын!Бұл үшін мұғалім өз уақытын да,күш жігерін де еш аямайды!Ол әрқашан да қол ұшын беріп, маған жәрдемдеседі, мені қолдайды, ынталандырады, барлық сұрақтарыма жауап береді! Одан еш шаршамайды!Ол менің көп білуімді әр кез қалайды,оған мүдделі!деген түсінік қалыптасады.
Ал қалыптастырушы бағалаудың қаншалықты нәтижелі болғандығын жиынтық бағалаудан (БЖБ,ТЖБ)көруге болады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі


Ойлау деңгейлерін сәйкестендіру
Бағалау критерийлерін анықтау
Дескрипторлар құрастыру
Оқу мақсаттарына шолу
Тапсырмалар құрастыру
Нәтиже
*Сабақта қандай қалыптастырушы бағалау тәсілін қолданасыз?
* Cабақта оқушыларға қандай кері байланыс қолданасыз?
*Cабақ барысында пайдаланған әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды қалай ынталандырды?
«КЛАСТЕР» ӘДІСІ
Дескриптор:
1.Сабақта қалыптастырушы бағалау-1б тәсілін қолдана алатындығын көрсетеді
2.Сабақта қолданылған кері байланысты көрсетеді-2б
3.Сабақ барысында пайдаланған әдіс-тәсілдер арқылы ынталандырады-2б

Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың 18 және одан да көп әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.



Әдебиеттік оқу : Тақырыбы: «Ата сөзі-алтын сөз»
Оқу мақсаты:3.2.4.1-өлең, мақал-мәтел, нақыл сөз, батаның жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
3.1.5.1.өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.
Бағалау критерийлері: Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды.
Бата мен тілекті ажырата алады.
Панорамалық сабақ
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Топқа бөлу:Асықпен топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық» арқылы. ҚБ: асықтар
Сабақтын мақсатымен таныстыру.
Видео қаралым: Бата
Фонарик әдісі: Бата түрлерімен танысу.
Автормен таныстыру:Несіпбек Айтұлы.
Өлеңді тізбектей оқу.

СЕРГІТУ СӘТІ
«Learningapps.org» Бата түрлерін сәйкестендір
1-Топ: «Тарсия» әдісі арқылы бата түрлерін анықтау
Дескрипторы:1.Бата түрлерін табады-1б
2.Батаға сәйкес сөздерді табады-2б
3.Фигураны дұрыс құрастырады- 2б 2-Топ: «Шынжыр» әдісі «Батаны жалғастыр
Дескрипторы: 1.Батаның жанрлық ерекшеліктерін анықтайды- 1б
2.Батаны көркем сөзді қолдана жалғастырып айтады- 2б
3.Батаны орфографиялық және пунктуациялық ережелерді сақтап жазады-2б 3-Топ:Бата не үшін беріледі?Бата алатындай оқиға құрастыру.Көрініс. Дескрипторы:
1.Бата не үшін берілетінін айтады-1 б
2.Бата алатын оқиғаны құрастырады-2 б
3.Көркем-бейнел сөздерді қолданып көрініс көрсетеді-2 б
Шығармашылық тапсырма
КЕРІ БАЙЛАНЫС
МИНГЛ-МИНГЛ
Ережесі: Тақырып бойынша бес сұрақ дайындау керек .Қатысушылар мингл-мингл сөзін айтып,сыныпта жүреді.Мұғалім тоқта сөзін айтқан кезде алдында тұрған оқушыға өз сұрағын қою керек.Жауабын жазып алады.Әрі қарай ойын жалғаса береді

Рефлексия

  • Jamboard тақтасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет