«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет98/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

Зертханалық жұмыс №12

Массалық қызмет көрсетудің және модельдің жасалуының есептер қойылымы.

Сабақтың мақсаты: Көпшілікке қызмет көрсетудің моделін жасау үшін есептер қойылымына тоқталу. Өнеркәсіптік меншік объектісі мысалында көрсету. Бағдарламалық модельдерін көрсету.


Өнеркәсiптiк меншiк объектiсі - Пайдалы модель

Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады, және ол жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса ғана, оғаң, құқықтыққорғау берiледi. Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi қамтиды.Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады.Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса, пайдалы модельдiң жаңалығына әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.Төмендегі аталған объектiлерге қатысты шешiмдер пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайды:



  • жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;

  • шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;

  • шартты белгiлер, кестелер, ережелер;

  • ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;

  • есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;

  • ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;

  • бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;

  • Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн ұсыныстар.

Пайдалы модель - патентпен қорғалады және өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек. Пайдалы модельдің авторы болып, өз еңбегiмен жасаған жеке адам танылады. Пайдалы модель патенті оның авторына (авторларына) патент иеленушiлерге беріледі және қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады.Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады.

Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi және қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.Пайдалы модель объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар Қазақстан Республикасының патент заңы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңымен реттеледi. Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау қызметі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 53-НҚ Бұйрығымен бекітілгең «Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықта» жазылған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті пайдалы модельдердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган және пайдалы модельдердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.

Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (пайдалы модельдердi қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК.

Көптеген экономикалық есептер көпшілікке қызмет көрсетумен байланысты яғни бір жағынан қандай да бір болмасын қызмет түрінен көпшілік талап қою қажеттігі туындайды. Ал екінші жағынан ол талаптар қанағаттандырылатын болады. Көпшілікке қызмет көрсету құрамына мынадай элементтер жатады:

А) талаптар ағыны құрамына енетін талаптар көзі

Б) кезек

В) талаптар ағыны құрамына енетін қызмет құрылғылары

Аталған жүйелермен көпшілікке қызмет ету теориясы айналысады.


  1. Күту шарттарына қарай қызмет көрсетуді бастауды былай ажыратады.

  2. Жоғалтудан басталатын көпшілікке қызмет көрсету жүйелері.

  3. Күтуден басталатын көпшілікке қызмет көрсету жүйелері

Бастартудан басталатын көпшілікке қызмет көрсету жүйесіне түсетін талаптарда, егер барлық қызмет көрсету каналдары бос болмаса, онда бас тартуға тура келеді де, талап орындалмайды, яғни жоғалады. Оның мысалы ретінде телефон станциясына жұмыс келтіруге болады. Ал күтуден басталатын көпшілікке қызмет көрсету жүйесінде барлық каналдардың бос емес екендігі белгілі болғаннан кейін кезекке тұрып, қызмет көрсететін каналдарының босағанын күтеді. Егер көпшілкке қызмет көрсету жүйесінде кезекке тұру саны шектеулі талаптардан тұратын болса, онда оны кезектің ұзындығы шектеулі жүйе ұзақтығы деп аталады. Егер көпшілікке қызмет көрсету жүйесінде кезекке тұратын болып, бірақ әр талаптың шектеулі болатын өз уақыты болса, онда ол шектеулі күту уақытымен берілген жүйе деп аталады.

Қызмет көрсету каналдарының саны бойынша көпшілікке қызмет көрсету жүйесі;

a) Бір каналды

б) Көп каналды болып екіге бөлінеді.

Талап қою көзінің қайда орналасқандығана байланысты көпшілікке қызмет көрсету жүйелері;

а) Егер талап көзі жүйеден тыс болса тұйықталмаған

б) Егер талап көзі жүйенің өзінде болса тұйықталған болады.

Тұйықталмаған жүйенің мысалы ретінде телевизор жөндейтін ательені алуға болады. Көпшілікке қызмет көрсету жүйелерінің басқа да белгілері бойынша классификация жасауға болады.

Мысалы:

Қызмет көрсету тәртібі бойнша бір фазалы және көп фазалы көршілікке қызмет көрсету жүйелері т.б

Көпшілікке қызмет көрсету теориясында қолданылатын әдістермен модельдерді шартты түрде аналитикалық және эмитациялық деп бөлуге болады.

Аналитикалық әдістері – жүйенің сипатын оның бар болуының кейбір функциясының параметрі түрінде өзгереді. Оған байланысты көпшілікке қызмет көрсету жүйесі жұмысының эффектілігін сапа жағынан талдауға мүмкіндік береді.

Эмитациялық әдістер – көпшілікке қызмет көрсету процесін ЭЕМ – де модельдеуге негізделген. Ол аналитикалық модельдерді пайдалану мүмкін емес кезінде қолданылады.

1-сурет.Жедел-жәрдем машинасының моделі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет