Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет47/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Қоғамдық пікір – жұртшылыққа маңызды мәселелер бойынша түсініктер және бағалаудың байланысы негізінде сипатталатын қоғамдық массалық таным. Ол стихиялы түрде пайда болып, өзгереді (тәжірибе, дәстүр, болжанбаған оқиғалар негізінде және т.б.), сонымен қатар, мақсатты қалыптасып, ұйымдасқан түрде пайда болады. Ол жалпы қоғам көлемінде де, әлеуметтік топтар көлемінде де жұмыс жасайды. Ол оң, теріс, бейтарап болуы мүмкін және т.б. Ол қоғамдық оқиғаларға, әр түрлі әлеуметтік топтарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қатысты ашық және жабық қарым-қатынасты ұстанады. Ол кез-келген сұрақ бойынша қолдау немесе сынау ұстанымында болады және жеке адам, әлеуметтік топтар мен институттар іс-әрекетін реттейді, белгілі бір қоғамдық қарым-қатынас нормаларын орнатады.

Жүргізілген бағалау, сараптамалық, бақылау және реттеушілік қызмет негізінде қоғамдық сана ең соңында басқару мақсатының жетістігіне айнала алады. Мысалы, басқару шешімдері үдерісінің орындалуын бақылау. Осылай, қоғамдық сана маңызды шешімдер қабылдау үдерісіне араласып, мемлекеттік басқарудың белсенді субъектісі ретінде алға шығады. Белгілі мағынада мынадай қорытынды жасауға болады: қоғамдық сана сезімталдығына (оны тыңдайды және онымен санасады) сай мемлекеттік билік демократиясына және басқаруға әсер ететін фактор болып саналады.

Дәстүрлі түрде екі ақпараттық ағын басым түседі: «жоғарыдан» – билік органдарынан шығатын – «тікелей байланыс» және «төменнен» – биліктің күшіне әсер ететін қоғамның «кері байланысы». Мемлекеттік басқару кезінде әлеуметтік қарым-қатынастың технологиялық дамуы қолайлы орта қалыптастыратын, әлеуметтік кеңістікті толтыратын барлық ақпараттық ағындар «ортасының» бірлестігімен сипатталатын коммуникацияның жетілген әдістерін алға шығарды. Нәтижесінде, мемлекеттік құрылымдар бастамасы бойынша немесе белгілі бір мүддені көздейтін жұртшылықтың тиісті сұранысы бойынша ақпараттың атаулы түрде берілуі әлеуметтік-коммуникациялық қарым-қатынасты қалыптастырады.

Мемлекеттік ұйымдар мен жұртшылық арасындағы ақпараттың алмасуын басқару олардың ерекшеліктерін, әр түрлі коммуникациялық ықпал ету ерекшеліктерін білуді қажет етеді.



Мемлекеттік басқарудағы коммуникация түрлерін шартты түрде мына топтарға бөлуге болады (46-сурет):

1) сыртқы (ұйым шекарасынан шығатын, мысалы, Президенттің халыққа жолдауы, БАҚ-қа жіберілетін баспасөз хабарламасы, үкіметтік хабарламалар, «ашық есік күндері»);

2) ішкі (ұйым ішінде жүзеге асырылатын, мысалы, ведомствалық ақпарат бюллетені, сарапшылар кеңесі, ішкі радио мен теледидар, селекторлық кеңестер, бөлім қызметкерлерінің кеңестері);

басқару құрылымы мен мемлекеттік орган қызметкерлеріне сәйкес:

3) көлденең (дәрежесі бірдей тұлғалар арасында);

4) тігінен (бастық пен бағынушылар арасында);

5) вербалды (сөздік) – тәжірибеде маманданған түрде жаза алатын және сөйлей алатын. Мысалы, көпшілік алдында сөз сөйлеу, радио бағдарламасы үшін мәтіндік хабарлама;

6) ауызша емес (сөзсіз), мысалы, дене қимылы, ымдау, сыртқы келбет, қоршап тұрғандар (интерьер), ресми қабылдаулар, дөңгелек үстелдер, соның ішінде БАҚ-ты сипаттайтын. Олардың ерекшеліктерін ескеру, бірінші кезекте, тәжірибелік сипат үшін керек.

46-сурет. Мемлекеттік басқарудағы коммуникацияның түрлері

Адамдар қажеттіліктерінің әлеуметтік табиғатын да ескеру маңызды.

Дәлелденген сараптама мен адам психологиясын білу негізінде, адам санасына әсер етпей, сана астарына ықпал етіп, «PR» технологиясының барлық тәсілдерін пайдаланып, адамдардың қажеттіліктері мен көңіл-күйлеріне әсер етіп, оларды белгілі бір іс-әрекетке итермелеуге, мысалы, белгілі бір саяси көшбасшыға дауыс беруге болады. Бұдан басқа, адамдар арасындағы әмбебап қарым-қатынас тетігін де дұрыс түсіну керек. Қарым-қатынас кезінде бірін-бірі тану қызмет, еңбек, білім, шығармашылық ақпаратымен алмасу және т.б. жүреді.



Қарым-қатынастың түрлері (47-сурет):

- тікелей (бетпе-бет жүздесу);

- жанама (техникалық құралдарды пайдалану арқылы – хат жазу, телефон, ғаламтор);

- өзара (сөйлесу, әңгімелесу);

- бір жақты (радио дикторының монологы);

- тұлғааралық (екеуара немесе топта);

- жалпылай (көптеген аудиторияға бірдей) болуы мүмкін.

47-сурет. Қарым-қатынастың түрлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет