Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет50/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Ақпараттарды іздеу және алу. Желідегі ыңғайлы түсінік, барлық мемлекеттік билік туралы толық, дәл және өзекті ақпараттар қажетті ғаламторда орналасқан, бұл ақпараттарды іздеу үдерісін едәуір жеңілдете түседі, сұрақтарға жауап беруге мәжбүр болған шенеуніктердің уақыты үнемделеді және жіберілген қателіктер саны азая түседі.

Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік билікпен өзара байланысы. Берілген қызмет түрі азаматтар мен ұйымдарды ғаламтор арқылы қажетті анықтамаларды сұрап білуі және алуы немесе рұқсатқа қол жеткізуі, сонымен бірге заңда қарастырылғандай мемлекеттік басқару органдарына есеп беруі сияқты қызмет жиынтығымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сұраныс жағдайын көру мүмкіндігі де орын алады.

«Бір терезе» қағидаты барлық деңгейдегі мемлекеттік билікпен өзара байланыста болу үшін енгізудің бір орталықта болғанын дұрыс деп санайды. Бұл үшін сұраныстар мен есептерді мемлекеттік биліктің өкілетті органдарына автоматты түрде бағыттап отыратын жүйе қажет және де мемлекетті азаматтар мен кәсіпкерлік қызметі үшін құрылған біртұтас «провайдер» ретінде қарастыру керек.

Бұл мақсаттарды «Мемлекеттік билік органдары порталы» құжатында сипатталған ғаламтор-порталы идеологиясы жүзеге асырады.

Өзекті құжаттарды әрдайым жариялап отыру мен сұраныстардың барысын бақылауға байланысты әр түрлі мекемелердің құжат айналымы автоматтандырылған жүйесінен алынған ақпараттар қажет болып тұрады. Сол себепті, ақпараттың көпшілікке қол жетімді болуы үшін автоматты түрде экспортқа шығарылуы тиіс.



Билік органдары арасындағы өзара байланыс тиімділігі. Қазіргі кезде мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару орындарында қабылданған қағаз құжаттарымен алмасу өте баяу жүргізіліп, келіп түскен құжаттарды тіркеуге, шығыс құжаттарын жеткізуге мәжбүр болған курьер және пошта жұмысы, экспедиция мен кеңсе ісі қызметі ресурсын елеулі шығындарға ұшыратып отыр.

Жекелеген билік органдары қызметінің тиімділігі. Мемлекеттік билік органдарының көпшілігіне ортақ қызметтердің негізгі мазмұны – ағымдағы құжаттарға байланысты басқару шешімдерін жасау болып табылады. Сондықтан олардың өзіндік қызметін орындаудағы қызмет тиімділігі көп жағдайда мекемеде қабылданған құжаттармен жұмыс жасау жүйесінде анықталады.

Ведомстволардың барлығында іс жүргізу қызметі дәстүрлі жүйемен жүргізіледі. Құжаттардың орталықтанған бақылауына негізделген бұл жүйе орындалуының барлық сатысында бірқатар маңызды құндылықтарға ие болады.



Дегенмен де көлемді құжаттармен жұмыс жасауда, бәрібір қағаз құжаттарымен жұмыс барысында кезігетін келеңсіздіктер орын алады, олар:

- мекеменің ішінде құжаттарды беруде ұзаққа созылатын рәсімдердің орын алуы;

- құжаттардың орналасқан жері туралы ақпараттың жоғалу мүмкіндігі;

- жоғарыда тұрған органдар мен қоғам тарапынан жекелеген шенеуніктердің жеке қызметінің, сондай-ақ жалпы мекеме қызметінің тиімді бақыланбауы;

- қағаз құжаттар қозғалысы мен оларды сақтаудағы ішкі құрылым шығындарының жоғарылауы;

- шенеуніктердің қызметіндегі кертартпалықтың өсуі және сапалы шешімдер дайындауға уақыттың жетпеуі.



Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып аталған мәселелерді шешудің екі тәсілі бар:

- құжаттармен жұмыс жасау рәсімі тиімділігін арттыру (іс жүргізу қызметін автоматтандыру);

- электронды құжат айналымына өту.

Іс жүргізу қызметін автоматтандыру қағаз құжатын тіркеу кезінде толығымен немесе бөлшектеп электронды нысанға өткізуге негізделген, және одан әрі жұмыс негізінен электронды тіркеу карточкалары мен құжаттар арқылы жүргізіледі.

Мұндай технологияларды енгізу:

- мекемелердегі құжат қозғалысын жылдамдатады;

- құжаттарды қайта қарауға кепілдік береді;

- құжаттардың орындалуы мен басқару шешімдерін қабылдауда тиімді бақылауды қамтамасыз етеді;

- жекелеген шенеуніктердің, сондай-ақ жалпы мекеменің жұмыс тиімділігін арттырады;

- қағаз құжаттарын көбейту, көшірмелерін жіберу мен сақтау шығындарын төмендетеді;

- шешімдерді қабылдауда орындаушыға толық құжаттар базасын ұсыну арқылы олардың негізділігі мен сапасын жоғарылатады.

Осындай тәсілдемелерді пайдалану барысында құжаттарды тіркеуде қосымша шығындар пайда болады. Дегенмен де, егер мекеме құжаттардың едәуір бөлігін электронды түрде алып отыратын болса, онда мұндай келеңсіздіктерге жол бермеуге болады.

Электронды құжат айналымы идеясы құжаттың қағаз нұсқасы мүлдем болмайды дегенге саяды. Бұл аралас құжат айналымымен салыстырғанда тиімділікті арттырып, шығындарды азайтады.

Электронды құжат айналымы мен іс жүргізу қызметіне түбегейлі өту біраз уақытты талап ететінін ескеруіміз қажет. Бірақ қазіргі кезде енгізілген автоматтандырылған іс жүргізу электронды құжат айналымына түбегейлі өтудің жақсы технологиялық алғышартын құруда, мұндай мекемелерде қызметкерлер қағазбастылықтан (қағаз айналымы кеңседе, мұрағатта және экспедицияда тұйықталады) біртіндеп арылады және де олар технологиялық қажеттіліктен арылады.

Кейбір құжат түрлері үшін (мысалы ішкі құжаттар) құжат айналымы қазіргі күннің өзінде де мүмкін болып отыр. Ол сонымен бірге, құжат жобаларын дайындау мен келісудің барлық кезеңдерінде де мүмкін болып табылады.

Мұндай жүйелерді енгізудің негізгі міндеттері тек қана билік органдарының жекелеген қызмет тиімділігін арттырумен анықталмайды. Өткен бөлімдерде көрініс тапқандай, құжаттармен жұмыс жасауда ішкі ведомстволардың жүйелі қызметінің тиімділігінсіз, ведомствоаралық құжат айналымын автоматтандыру да, сонымен бірге азаматтармен және шаруашылық субъектілерімен де байланыс орнату үшін портал құру да мүмкін емес.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мемлекеттік басқаруды реформалау бағдарламасының басты мақсаты қуатты мемлекеттік қызметтің барлық белгілерін иеленген кәсіби, тәуелсіз, есеп беруге міндетті және мемлекеттік басқару жүйесінің тек жеке сапасына ғана негізделген, сонымен қатар оның қызметі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер, және де іскер топтар тарапынан жоғары бағаланған қуатты мемлекеттік басқаруды құру десек көңілге қонымды болар еді.



Қалаған нәтижелерге жету үшін мемлекеттік басқаруды реформалау бағдарламасы қажет, реформа бағдарламасы төмендегідей мақсаттарды қамтуы тиіс:

- қызмет көрсету тәртібін жетілдіру (мемлекеттік қызметтің қызметін тұтынушылардың барлығын дерліктей қамтитын, атап айтқанда саясаткерлер үшін (кеңестер беру және саяси талдаулар жүргізу);

- азаматтар үшін (заңдық қызметтер, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, әлеуметтік кепілдіктер);

жеке сала үшін (кәсіпкерліктің тұрақтылығын және инвестициялар үшін оның ашықтығы, қолайлы инвестициялық және заңнамалық ахуал құру, нарықта тепе-тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету);

- мемлекеттік қызметті тұтынушы әр түрлі топтар алдындағы мемлекеттік қызмет жауапкершілігінің артуы;

- мемлекеттік қызметте сапалы қызмет көрсету мәдениетінің дамуы;

- мемлекеттік қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға ұмтылыс.

Сонымен қатар, реформа бағдарламасында мемлекеттік қызмет әрекетімен байланысты және жеке салалардың даму жолында тұрған кедергілерді жоюға бағытталған мәселелердің есебінен дамудағы кедергілерді жоюға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі сонымен бірге, халықтың ең төменгі топтарына көрсетілетін ұйымдастыру қызметінің кемшіліктерін түзету кезіндегі әрекетіне арналуы тиіс.



Басқарушылық ақпарат жүйесі. Ақпараттық жүйені дайындау және енгізу, мұнда соған қоса, ғаламтор ресурстарында қолданылатын кадрлық ақпараттар, кадрлық шығындар, қаржылық есеп беру, жалақы қоры, бюджеттік ұстанымдар мен бос емес штаттық қызметтер де қамтылады.

Жұртшылықпен байланысты жақсарту және мемлекеттік қызметшілер ортасына басқару мәдениетінің жан-жақты кіруі мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аппараттың өзін-өзі реттеуі мен құқықтық мемлекетпен қарым-қатынасқа түсетін азаматтық қоғам қалыптасуының маңызды шарттарының қатарына кіреді, ол мемлекеттік басқару саласында ақпараттық технологияның қалай пайдаланылатынына да байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік басқарудағы коммуникация түрлері қандай?

2. Адамдар арасындағы әмбебап қарым-қатынас.

3. Мемлекеттік органдардағы PR қызметі.

4. Ақпараттық коммуникацияның әр түрлі құралдары.

5. Мемлекеттік ұйымдардың мәдениетін жасау мен көрсетудің басты тетіктері.

6. Мемлекеттік басқару кезіндегі мәдени-іскерлік қарым-қатынастың түрлері.

7. Мемлекеттік этикет деген не?

8. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолдары.

9. Мекемелер арасында электронды құжат алмасу жүйесі қалай құрылады?

10. Іс жүргізу қызметін автоматтандыру технологиялары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет