Студенттерді патриоттық ТӘрбиелеудің Әдістері



бет1/15
Дата31.12.2019
өлшемі1,7 Mb.
#53963
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
СТУДЕНТТЕРДІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Әдістерді анықтау үшін негіз ретінде ғалым-педагогтар тәрбиелік өзара әрекеттесу тәсілдерін таңдауда тәрбиеші-куратордың ұстанымына бағдар-ланады. Куратор мен студенттің арасында анықталатын бірқатар өзара әрекеттесуді атап көрсетуге болады: студенттің өз-өзіне, өзінің отбасына қатынастарының сипатына ықпал ету тәсілдері; оны құрдастарымен, жұмыс-тағы қызметкерлерімен қатынасу жүйесіне қосу; көзқарасты түзету тәсілдері, құнды мақсаттарды және тәртіп стилін өзгерту. Яғни тәрбиелеу әдістерінің бір мағыналы анықтамасы болмайды.

Сонымен бірге, студенттің қоғамға немесе өз-өзіне, қызметі тақырыбына немесе тәсіліне, басқа адамға немесе адамдардың тұтас тобына қатынастарын өзгертуге олардың ортақ бағытталғандығы айқындалған. Бұдан тәрбиелеу әдісі адамға ықпал етудің ғана емес, сонымен бірге өзара әрекеттесу құралдарының бірі болып табылатыны шығады.

Тәрбиелеу әдісі оны құраушы элементтерге (бөліктерге, тетіктерге) ыдырайды, олар әдістемелік тәсілдер деп аталады. Әдіске қатысты тәсілдер жеке, бағынышты сипатта болады. Олардың өзіндік педагогикалық міндеттері болмайды, берілген әдіс көздейтін міндетке бағынады. Әр түрлі әдістерде сол және бір әдістемелік тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Және керісінше, әр кураторда сол және бір әдіс әр түрлі тәсілдерден құралуы мүмкін.

Тәрбиелеу әдістері және әдістемелік тәсілдер өз арасында тығыз байланысқан, олар өзара ауысуы, нақты педагогикалық жағдайларда бір-бірін ауыстыруы мүмкін. Бір жағдайларда әдіс – педагогикалық міндетті шешудің өзіндік жолы ретінде, басқа жағдайда жеке тағайындалған тәсіл ретінде болады. Мысалы, әңгімелесу сананы, көзқарастар мен нанымдарды қалыптастырудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге ол патриоттық тәрбиелеу моделін іске асырудың әр түрлі кезеңдерінде пайдаланылатын, негізгі әдістемелік тәсілдердің бірі болуы мүмкін.

Сөйтіп, әдіске бірқатар тәсілдер кіреді, бірақ оның өзі олардың қарапайым қосындысы болып табылмайды. Сонымен бірге тәсілдер куратор жұмысы әдістерінің алуан түрлілігін анықтайды, оның педагогикалық қызметі-нің мәнеріне даралылық береді. Жоғарыдан тәрбиелеу әдістері – бұл куратор мен студенттердің жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешу бойынша бірлескен мақсатқа бағытталған қызметінің тәсілдері екендігі шығады.

Осы уақытқа қарай тәрбиелеу әдістерінің мәні мен жұмыс істеу заңдылық-тарын ашатын ауқымды ғылыми қор жинақталған. Оларды жіктеу ортақты және ерекшені, елеуліні және кездейсоқты, теориялықты және практикалықты айқындауға көмектеседі, және сонымен бірге олардың мақсатқа сәйкес және аса тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады, жеке әдістерге тән белгілердің тағайындалуын түсінуге көмектеседі.

Жоғарыда айтылғаннан тәрбиелеудің жалпы әдістерінің жүйесін ұсынамыз:

• жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістерін;

• жеке тұлғаның қызметін ұйымдастыру және қоғамдық тәртібінің тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

• жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін ынталандыру және мотивациялау әдістері;

• тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.

ЖОО жағдайларындағы олардың айрықша ерекшеліктерін нақтылап, тәрбиелеу әдістерінің мысалдарын келтіреміз. Берілген жұмыста біз В.А. Сластенин ұсынған тәрбиелеудің жалпы әдістерінің жүйесін ұстанатын боламыз.


Тәрбиелеу процесінің нақты жағдайларында әдістер күрделі және қарама-қайшы бірлікте болады. Мұнда жеке «жалғызданған» құралдар логикасының емес, ал олардың үйлесімді ұйымдастырылған жүйесінің шешуші маңызы болады. Әрине, тәрбиелеу процесінің қандай да бір кезеңінде сол немесе басқа әдіс азды-көпті оқшауланған түрде қолданылуы мүмкін. Бірақ басқа әдістермен сәйкесінше бекітпей, олармен өзара әрекеттестірмей ол өзінің тағайындалуын жоғалтады, тәрбиелеу процесінің көзделген мақсатқа қозғалуын баяулатады.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.

Әңгімелесу – бұл сипаттамалық немесе әңгімелеу түрінде жүзеге асырылатын, басым көпшілігінде нақтылы материалдың жүйелі баяндалуы. Жеке тұлғаның патриоттық қасиеттерін тәрбиелеу кезінде берілген әдіс куратор сағаттарында Қазақстанның көрнекті адамдарының өмірбаяндық материалын баяндағанда, бейнелерді сипаттағанда, тарихи дәстүрлерді, ұлттық мәдениетті, қоғамдық өмір оқиғаларын және т.б. сипаттағанда кеңінен қолданылады. Әңгімелесуге тәрбиелеу қызметінің әдісі ретінде бірқатар талаптар қойылады: баяндау қисындылығы, жүйелілігі және дәлелділігі; нақтылық, бейнелілік, эмоциялылық.

Егер қандай да бір ережелердің (заңдардың, принциптердің, ережелердің, тәртіп нормаларының және т.с.с.) дұрыстығын дәлелдеу қажет болған жағдайларда әңгімелесудің көмегімен айқын және нақты түсіндіруді қамтамасыз ету мүмкін болмаса, түсіндіру әдісі қолданылады. Түсіндіруге берілген пікірдің ақиқаттылығын анықтайтын, қисынды байланысқан ой тұжырымдарын пайдалануға негізделген, баяндаудың дәлелдемелік нысаны тән. Көптеген жағдайларда түсіндіру студенттердің бақылауымен, тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының оларға және керісінше сұрақтарымен үйлеседі және әңгімеге ұласуы мүмкін.



Сұхбат – бұл тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының және студенттің белсенді өзара әрекеттесуінің сұрақ-жауап әдісі. Сұхбатта негізгісі – бұл студенттерді субъектімен көзделген тәрбиелеу процесінің мақсатына біртіндеп әкелетін сұрақтардың мұқият ойластырылған жүйесі. Сұхбатқа дайындалып, ол тәртіп бойынша, негізгі, қосымша, жетекші, нақтылаушы сұрақтарды көздеуі тиіс. Эвристикалық сұхбаттасу ережелері Е қосымшасында берілген.

Дәріс, әдіс ретінде, куратор сағаттарын өткізгенде көбінесе әңгімеге жақын болуы, сонымен бірге үлкен ақпараттық-танымдық сыйымдылығымен, қисын-ды құрылымдардың, бейнелердің, дәлелдемелер мен жалпылама қорытынды-лардың күрделілігімен ерекшеленуі тиіс.

Патриоттық тақырыптама бойынша дәрістердің өзгешелігі тақырыптың сипатынан, құрылым нысанынан, ғылыми және идеологиялық ақпараттың көлемінен, студенттердің бойында Отанды қорғауға әзірлікті қалыптастыру бойынша функционалдық мүмкіндіктерден айқындалады.

Дәрісті ақпараттық технологияларды пайдалану, бейне-дәрістер көрсету, электрондық презентациялар әзірлеу арқылы жүргізу мақсатқа сәйкес болады. «Қазақстан Республикасы және Біріккен Ұлттар Ұйымы»1 (2-семестр) тақырыбына ұсынылған үлгілі слайд-дәріс Ж қосымшасында берілген.

Сондай-ақ патриоттық тәрбиелеу әдістеріне пікірталастар мен диспуттар жатады, алайда оларды студенттердің танымдық және жалпы алғанда әлеуметтік белсенділігін ынталандыру әдістері ретінде қарастыруға болатынының негізі аз емес.

Танымдық дауласу жағдайлары, пікірталастар оларды шебер ұйымдас-тырғанда студенттердің назарын жеке тұлғаның патриоттық қасиеттерін дамыту проблемасы бойынша әр түрлі ғылыми көзқарастарға аударады, дәлелдеуге арналған әр түрлі амалдарды ұғынуға түрткі болады. Сонымен бірге егер студенттерге сол немесе басқа құбылыстың себептері туралы өз пікірлерін айту, қалыптасқан түсініктерге өзінің көзқарасын негіздеу ұсынылса, мысалы, «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы отбасылық құндылықтардың ролі»2 тақырыбы бойынша (1-семестр), олар бір қарағанда кәдімгі пікірталас-тық емес сұрақтарды зерделеу кезінде де құрылуы мүмкін. Пікірталастың міндетті шарты – талқыланатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы пікірдің бар болуы. Әрине, пікірталаста соңғы сөзді куратор алуы тиіс, алайда бұл оның тұжырымдары – соңғы сатыдағы ақиқат дегенді білдірмейді.

Пікірталасты өткізу мұқият жоспарлануы тиіс, ал қатысушылар ол өткізілгенге дейін тақырыбымен танысуы, өзінің көзқарасын дәлелді түрде негіздеуі үшін, алғашқы деректер көздерінің жеткілікті санын зерделеуі тиіс.

Онда дегенмен қалыптасқан және ғылыми беделдермен қабылданатын шешім қабылдануы тиіс болатын пікірталастан ерекшелігінде, пікірталас патриоттық қызмет процесінде пікірлерді, бағаларды және нанымдарды қалыптастыру әдісі ретінде белгілі және түпкілікті шешімдерді талап етпейді. Диспут, пікірталас сияқты, бұрын ашылған заңдылыққа негізделген, ол мынадан тұрады: пікірлердің, әр түрлі көзқарастардың кездесуі барысында алынған білім ылғи да жалпыланғандықтың, төзімділіктің және икемділіктің жоғары өлшемімен ерекшеленеді. Диспут қалыптасатын жеке тұлғасы өмірдің мазмұнын ынтыға іздеумен, ештеңені сенімге қабылдамауға ұмтылумен, ақиқатты анықтау үшін фактілерді салыстыруды қалаумен сипатталатын студенттердің жас ерекшеліктеріне жақсы сәйкес келеді.

Диспут ұғымдар мен дәлелдерді талдауға, өз көзқарастарын қорғауға, оларға басқа адамдарды сендіруге мүмкіндік береді. Диспутқа қатысу үшін өз көзқарасыңды айту аз болады, қарама-қарсы пікірдің күшті және әлсіз жақтарын байқау, бір көзқарастың қателігін жоққа шығаратын және екіншісінің дұрыстығын растайтын дәлелдемелерді таңдау керек. Диспутты өткізу ережелері И қосымшасында берілген.

Алайда, диспуттар мен пікірталастардың студенттердің патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың тиімді құралы болып табылуына қарамастан, олар тым жиі өткізіле алмайды, семестрде 1 реттен жиі өткізілмеуі тиіс, өйткені аса мұқият дайындықты талап етеді.
Жеке тұлға түсіндіру мен сендіру құралдары ретінде сөз бен ойдың әсер етуі нәтижесінде ғана дамымайды. Басқа адамдардың тәртібі мен қызметінің жақсы үлгілері мен мысалдарының үлкен тәрбиелік мәні бар. Үлгі әдісі студенттерде биік ойлар тудыру, «өмірді кімге қарап жасау керек» деген игілікті мақсат-перспективаны анықтау үшін пайдаланылады. Үлгіге сүйену саналы сипатты болады, студенттер өздері таңдаған тұлғаның жеке қасиеттерін, ішкі қасиеттерін, кейде сыртқы мәнерлерін пайдаланады. Ежелгі Рим философы Сенека: «Жақсылыққа адамгершілік қағидалары арқылы жету қиын, мысалмен жету оңай» - деп пайымдаған.

Қоғамдық пікір. Бұл - студенттер ұжымы қызметінің әдісі. Қоғамдық пікір ұжымның дамуымен және қалыптасуымен бірге құрылады және ұжымның студенттің жеке тұлғасына әсер ету әдісі болып табылып, ұжымда жұмыс істейді. Әдетте берілген әдіс, студенттердің әдеттерін, әрекеттерін, пікірлерін анықтап, олардың тіршілік әрекетінде елеулі роль атқарады. Ол бағалау, шектеу және ынталандыру қызметтерін орындайды. Бірақ қоғамдық пікір кездейсоқ құрылмайды. Осы күрделі және нәзік процеске студенттер де, тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар да қатысады.

Сендіру. Сендіру әдісінің ролі патриоттық тәрбиелеу процесінің студент-тердің саналылығын дамытумен, олардың тәртіп ережелерін және қоршаған болмысты түрлендірудегі өзінің орнын түсінумен табиғи байланысты болуымен анықталады.

Патриоттық тәрбиелеу әдісі ретіндегі, процесі ретіндегі сендіруді және осы процестің нәтижесі ретіндегі, жеке тұлғаның тұрақты өмірлік ұстанымы ретіндегі сендіруді ерекшелеу қажет.



Жеке тұлғаның қоғамдық патриоттық мінез-құлқының қызметін ұйымдастыру және тәжірибесін қалыптастыру әдістері.

Үйрету әдісін қолдану кейбір педагогикалық шарттардың сақталуын талап етеді. Ненің меңгерілуі тиіс екендігі туралы анық түсініксіз үйрету мүмкін емес. Студенттерге іс-қимылдардың сол немесе басқа бейнесін белгілей отырып, оны аса қысқа және айқын ережеде білдіру қажет. Әрбір берілген уақыт бөлігіне олардан патриоттық тәртіп түрі қалыптасатын, минимум жеке іс-қимылдар ерекшеленуі тиіс. Тәрбиелеу процесін тәжірибелі ұйымдастыру-шылар патриоттық тәртіптің тәрбиеленетін түрінің үлгісін көрсетуге, оған оң көзқарасты құруға үлкен мән береді. Әдетті қалыптастыру үшін уақыт талап етіледі. Алдымен жасалатын іс-қимылдың дәлдігіне және сонан кейін ғана жылдамдығына қол жеткізу керек. Үйрету әдісі іс-қимылдың орындалуын бақылауды болжайды, ол студенттерге мейірбанды, мүдделі қатынасты, пайда болатын қиындықтарды айқындау мен талдауды, әрі қарай жұмыс істеу тәсілдерін талқылауды талап етеді. Студенттердің өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру одан да маңызды болады.

Үйрету әдісі жаттықтыру әдісімен тығыз байланысты. Жаттығудың механикалық дағдыландырумен және тәртіптік психология: ынта-реакция-бекіту рухында жаттықтырумен ортақ ештеңесі жоқ.

Әдетте тәрбиелеудегі жаттықтыру әдісі деп студенттердің дұрыс тәртібінің, міндеттерді шешудегі дербестілік тәжірибесін жинақтауына, олардың жеке қасиеттерін, сезімі мен еркін дамытуға, жақсы әдеттерді қалыптастыруға, білім, сендіру және тәртіп, сөз бен іс арасындағы бірлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, күнделікті өмірді, оқыту процесін, қызметті ұйымдастыру жүйесін түсінеді.

Педагогикалық талап. Педагогикалық талап патриоттық тұлғаның дамуын басып озбай, сонымен қатар студенттің өз-өзіне қоятын талаптарына ауысуы тиіс. Талап оның алдында сол немесе басқа қызмет, мысалы, азаматтық парызын орындауға әзірлігі процесінде жүзеге асыруға тиесілі нақты міндет ретінде болуы мүмкін.



Кеңес беру. Бұл әдіс ЖОО-да айтарлықтай танымал және қолдануда қарапайым. Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, оны студенттерге кеңес беру арқылы беруге талпынады. Бұдан басқа, кеңес беруді пайдаланып, оқытушы (немесе студенттер) жол-жөнекей, ығыр қылмайтындай, өзінің студенттердің қылықтарына, іс-қимылдарына, пікірлері-не өз көзқарасын жеңіл түрде білдіреді және осылайша оларды өзгертуге талпынады. Бұл кеңестердің ішкі мағынасын ұғыну және дараландыру үшін, олардың адресатпен қабылдануы өте маңызды.

Жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін ынталандыру және мотивациялау әдістері.

Кез келген қызмет аса тиімді өтеді, егер жеке тұлғаның бар күшін салып белсенді әрекет ету, алға қойған мақсатқа табандылықпен жылжып, шарасыз қиындықтарды, қолайсыз жағдайлар мен басқа жағдайларды жеңу тілегін тудыратын, күшті, айқын, терең дәлелдер бар болса, сапалы нәтижелер береді. Қызметті мотивациялаумен оны ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандыру – ойға, сезімге және іс-қимылға ояту, түрткі, күш беру. Студент тұлғасына патриоттық тәрбиелеу факторының әсерін нығайту және күшейту мақсатында ынталандырудың әр түрлі әдістерін қолданады, олардың арасында жарыс, көтермелеу, жазалау және т.б. аса кең таралған болып табылады.

Тәрбиелеу процесінде жарыс адамға салауатты бақталастыққа, басымды-лыққа, озықтыққа, өзін танытуға ұмтылу жоғары дәрежеде тән болуының күмәнсіз әлеуметтік-психологиялық фактісі есепке алынып, тәрбиелеу процесінің субъектісімен құрылады. Студенттерді еңбекте және қоғамдық қызметте ең үздік нәтижелерге жету үшін күреске қатыстыру артта қалушыларды озықтар қатарына шығарады, белсенділік, ынталылық, жаңашылдық, жауапкершілік және ұжымшылдық сияқты патриоттық қасиеттердің дамуын ынталандырады.

Көтермелеубұл студентті дұрыс, ынталы, шығармашылық қызметке сырттай белсенді ынталандыру, ояту әдісі. Ол студенттер табыстарының қоғамдық танылуы, марапаттау, олардың рухани және материалдық қажеттіліктерін кезекпен қанағаттандыру көмегімен жүзеге асырылады. Мақтау білдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ұлы тұлғасының өнегесін қолдануға шақыру – осының барлығы тәрбиелеу процесін ұйымдастырушы пайдаланатын әр түрлі тәсілдер.

Мәжбүрлеубұл студенттерге кінәсін мойындауды және өз тәртібін түзетуді қаламауына қарамастан, өз міндеттерін орындауға түрткі болатын шараларды қолдану. Ол сендіруге және патриоттық тәрбиелеудің басқа әдістеріне сүйенген жағдайда ғана педагогикалық дұрыс қолданылады. Мәжбүрлеуді ақылмен пайдалану керек, оған қызықпау және оны асыра пайдаланбау керек.

Ынталандыру әдістері. Олар мақұлдаудан, кінәлаудан, бақылаудан, өзін-өзі бақылаудан тұратын әдістер тобын білдіреді.

Барлық төрт әдіс те студенттердің қызметін, әрекеттерін, тәртібін ынталандыру мақсатында немесе керісінше, егер олар жағымсыз сипатта болса, оларды тоқтата тұру (рестимуляция) мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Әдістер қосымша болып табылады және тәрбиелеуді ұйымдастырушылар тарапынан әдепті қатынасты талап етеді.



Мақұлдау әдісі қызметтің, тәртіптің, студенттердің білдіретін патриоттық қасиеттері немесе қатынастарының дұрыс бағалануы туралы куәландырады, ол кураторлармен немесе студенттер ұжымымен беріледі. Әдіс студенттерде дұрыс эмоциялардың (сенімділіктің, қанағаттанудың, мақтанудың) пайда болуына мүмкіндік туғызады, олардың таңдаған ұстанымының дұрыстығын растайды. Ол мақтау, алғыс, грамотамен немесе құнды сыйлықпен марапаттау, газеттегі мақалалар, құрмет тақтасындағы фотосуреттер және т.б. түрінде қолданылуы мүмкін.

Кінәлау әдісі қызметті, тәртіпті, студенттердің білдіретін қасиеттері мен қатынастарын теріс бағалауды білдіреді, ол тәрбиелеуді ұйымдастырушылар-мен беріледі. Берілген әдісті қолдану студенттерде жағымсыз күйзелістер (ұялу, күйзелу, өкіну, сенімсіздік және т.б.) тудырады. Бірақ егер студенттер оқиғалар мен өз әрекеттерін сын тұрғысынан талдаса, тәртіп пен моральдың заңды нормаларына сәйкес келмейтін сол немесе басқа қасиеттерді жеңу жолдарын белгілесе, демек, әдіс сәтті қолданылған және мақсатқа қол жеткізілген.

Басқа реакция да болуы мүмкін: студенттер лайықсыз әрекеттеріне өкінбейді, өзіне талғампаз болмайды, өзінің тәртібін қайта қарастырмайды – бұл жағдайда кінәлау әдісі сәтсіз пайдаланылған деген тұжырым жасау керек. Бәлкім, әдістің барабар емес түрі таңдалған, студенттердің іс-қимылдарының себептері ескерілмеген, не болмаса олардың адамгершілігі қорланған, не болмаса жастардың болжанбайтын реакциясының басқа себептері болған шығар. Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар өздерінің іс-қимылдарын мұқият талдауы, сәтсіздік себептерін және әдісті қолданудың басқа параметрлерін анықтауы қажет.

Кінәлау әдісі ескерту, түсіндіру, қайта сендіру, талқылау, сөгіс жариялау, жоғары оқу орнынан шығару түрлерінде іске асырылуы мүмкін.

Патриоттық тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.

Патриоттық тәрбиелеу процесін басқару оның нәтижелілігін сипаттайтын кері байланыссыз мүмкін емес. Бұл функцияны орындауға тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері көмектеседі.



Бақылау әдісі студенттер қызметі мен іс-әрекетінің барысын немесе нәтижелерін, олардың тапсырмалар мен міндеттерді орындауын тексеру мақсатында пайдаланылады. Берілген әдіс әңгімелесу, бақылау, жиналыста есеп беру, еске салу, қызметін бағалап жазбаша бұйрық беру, тестілеу түрінде берілуі мүмкін.

Негізгі бақылау түрлеріне мыналар жатады: студенттерді педагогикалық бақылау; патриоттық қасиеттердің тәрбиеленгендігін айқындауға бағытталған әңгімелесу; сұрақ-жауаптар (сауалнама, ауызша және т.б.); қоғамдық пайдалы қызмет нәтижелерін талдау; тәрбиеленушілердің патриоттық тәртібін зерделеу үшін жағдайлар жасау.



Өзін-өзі бақылау әдісін студент өзінің дамуын мен тәрбиесін ынталандыру немесе тексеру үшін өз-өзіне қолданады. Оны білдіру түрлері: ойлау, өз-өзін бақылау, өз-өзіне бұйрық беру, рефлексия, тестілеу.

Студенттердің тәрбиеленгендігі көрсеткіштері туралы олардың қызметтің барлық негізгі түрлеріне (Республика күніне, Конституция күніне, Жеңіс күніне арналған іс-шараларды, дөңгелек үстелдерді, диспуттарды және т.б. ұйымдастыруға) қатысу дәрежесі және осы қатысудың нәтижелілігі бойынша айтуға болады.



Патриоттық тәрбиелеу әдістерін оңтайлы таңдау және тиімді қолдану шарттары.

Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушы практикалық қызметінде тәрбиелеу әдістерін таңдай отырып, әдетте тәрбиелеу мақсаттарын және оның мазмұнын басшылыққа алады. Осы міндеттерге байланысты, ол қандай әдістермен қарулану керектігін шешеді.

Әдіс өздігінен не жақсы, не жаман бола алмайды. Тәрбиелеу процесінің негізіне әдістердің өзі емес, олардың жүйесі салынады. А.С. Макаренко: - Ешқандай педагогикалық құралдың ылғи да өте пайдалы болып танылмайтыны, кейбір жағдайларда ең жақсы құрал міндетті түрде ең жаман болатыны туралы айтқан.

К қосымшасында куратор сағатын талдаудың үлгілі сұлбасы келтірілген.



Куратор сағатының мақсаты:

Тәрбиелік – студенттерде қоршаған болмысқа көзқарастар мен сенімдер жүйесін, өзіне-өзінің, табиғатқа, қоғамға позитивті қатынасты қалыптастыруға және соларға сәйкес әрекет ете білуге ықпал ету;

Оқытушы – Қазақстан тарихы бойынша білімдерін жалпылау, тереңдету және нығайту.

Дамытушы – жеке тұлғаның рухани-адамгершілік, азаматтық патриоттық қасиеттерін дамыту.



Міндеттері:

1. Семей ядролық полигонын құруға және жабуға ықпал ететін ядролық сынақ салдарлары және тарихи оқиғалар туралы білімдерін нығайту.

2. Елі және ҚР Президентінің данышпан саясатына деген азаматтық жауапкершілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

3. Студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету.



Материалдық-техникалық жабдықтау: мақалдары, өлеңдері бар плакаттар, қағаз тырналар, ауа шарлары, куратор сағаты тақырыбы бойынша слайдтар.

Өткізу түрі: Рольдерде ойнау.

Кураторлық сағаттың уақытша құрылымы (50 минут):

1. Ұйымдастыру сәті - 2 минут

2. Куратор сөйлеген сөзі - 4 минут

3. Куратор мен студенттердің әңгімесі - 6 минут

4. Студенттердің театрланған көріністері - 37 минут

5. Қорытынды шығару - 1 минут



Куратор сағатының барысы

1. Ұйымдастыру сәті.

Куратор: Куратор сағатының тақырыбы: «Қазақстандықтар үшін ядролық тәрбиенің салдары» (1 слайд), оның мақсаты (2 слайд) студенттерде қоршаған болмысқа көзқарастар мен сенімдер жүйесін, өзіне-өзінің, табиғатқа, қоғамға позитивті қатынасты қалыптастыруға және соларға сәйкес әрекет ете білуге ықпал ету; Қазақстан тарихы бойынша білімдерін жалпылау, тереңдету және нығайту; жеке тұлғаның рухани-адамгершілік, азаматтық патриоттық қасиеттерін дамыту болып табылады.

Біз бүгін ядролық полигондар және жеке алғанда, Семей сынақ полигоны, оның салдарлары туралы әңгіме жүргіземіз. Колледж директоры С.А.Қойлыбаеваға сөз беріледі.



2. Куратор сөйлеген сөзі.

Қазақстан жерінде 1949 жылы 29 тамызда алғашқы ядролық жарылыс дүмпуі болды. Алғашқы жарылыс уақытынан бері - 60 жыл, ал соңғысына - 20 жыл өтсе де, әлі күнге дейін бұрынғы кеңестік полигон аумағында ғалымдар радиацияның жоғары деңгейін байқап келеді. Кейбір учаскелерінде тұру қазір де ұсынылмайды.

Семей сынақ полигоны әлемдегі ядролық қаруды сынауға арналған ең ірі полигондардың бірі болып табылады. Семей полигонының 40 жылдан астам қызметі - бұл бұрынғы Кеңестер Одағының қарулық жарыс тарихындағы кезеңдердің бірі.

Алғашқы қарулық жарылыстан бастап (1949 ж. 29 тамыз), кем дегенде 468 ядролық сынақтар осы полигонда өткізілді – бұл жер үстіндегі сынақтар, ядролық құрылғыларда ауада сынау, олардың ішінде алғашқы термоядролық құрылғы (12.08.1953ж.) және әлемдегі бірінші сутектік бомба (22.11.1955ж.) 6 құрылғы жоғары биіктікте және ғарышта сыналды. Жер үсті сынақтарынан басқа, полигонда вертикаль ұңғымалар мен горизонталь туннельдерде жер асты сынақтары жүргізілді.

Осы адамшылыққа жатпайтын эксперименттер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Кремльдің еркінен тыс қабылданған шешімімен тоқтатылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 1991 жылы 29 тамызда полигон аумағы мен жақын жатқан аймақтарда ластанған зоналар, жабылды. Біздің Президентіміз, елімізді ядролық қарудан – «суық соғыстың» қажетсіз мұрасынан және Мәскеу мен Вашингтон арасындағы ядролық қайшылықтан мәңгіге құтқару жөнінде қазақстандық элитаның белгілі бір бөлігінен бөлінбейтін шешім қабылдады.

Бүгін жаһандандыру ғасырында біздің жеріміз одан әрі осалдау болып келеді. Күн сайын жарияланбаған соғыста жүздеген адамдар қайтыс болуда. Оның үстіне ядролық қарудың болуы, біздің осал планетамыздың үстінде ілеулі тұрған Дамокл семсері болып келеді. Ядролық полигонды жабуда, ядролық қарудан толық босатылуда, оның барлық қауіпті құрылымын жоюда бірінші, әзірше, өкінішке орай, жалғыз мемлекет болып келе жатқан Тәуелсіз Қазақстанның үлгісі адамзатқа ядросыз әлем жолын көрсетті, оның шындыққа айналатынына біз сенеміз.

20 жыл өткен соң да, Семей полигоны жергілікті тұрғындардың өмірлері мен үміттерін алып кетіп жатыр. Ядролық жарылыстан жүргізілген жердің маңындағы ауылдарда сынақ кезінде және жарылыс тоқтағаннан кейін де дене бітімінің ауытқулары бар балалар тууын жалғастыруда. Тұрғындар өзіне-өзі қол жұмсаудың көптігі туралы және жан түршіктірер аурулар адамдардың, қазіргі кезде қыршын жаста өмірлерін алып кетіп жатқанын айтады.

Ядролық полигон өлген жоқ. Ол кем дегенде миллион жыл өмір сүреді. Егер плутонийдің радиациялық сәулесінің белсенділігі әрбір 24 мың жыл ішінде жартылай ғана бірқалыпты төмендейтінін ескерсек, онда тура миллион жылдан кейін Семей полигонының ядролық жерінің радиациялық фоны табиғатпен теңеседі.



3. Куратор мен студенттердің әңгімелесуі

Куратор: Алғашқы ядролық полигон АҚШ-та Невада штатында құрылды. Ядролық қару 1945 жылы Жапонияда Хиросима және Нагасаки қалаларында сынаудан өтті.

1945 жылы 6 тамызда «Малыш» атом бомбасы (3 слайд) Хиросима қаласына жақын жерде жарылды (4 слайд). Ядролық жарылыстан тірідей 200 мың адам жанып кетті, 160 мың адам ядролық сәулеленуден қайтыс болды.

Үш күннен кейін 9 тамызда Нагасаки қаласында 2 жарылыс дүмпуі естілді (5 слайд). Осы жарылыс нәтижесінде 73 мың адам қайтыс болды, кейінірек 35 мың адам түрлі аурулардан қайтыс болды.

Жыл сайын Хиросимада ядролық қарудан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар тізімі толықтырылып отырады. 2001 жылы тізім 221893 адамды құрады. Бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған қасіреттің куәгері болды, жүректер күйінішке толды.

Жапонияда ядролық сынақ құрбандарының естелігіне мемориалдық саябақ ашылды. Паркте жапон қызы Садако Сасакидің (6 слайд) ескерткішіне ерекше орны берілген. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша ол лейкемиямен ауырып, ерте балалық шағында қайтыс боған.

Жапонияда: егер кімде-кім қағаздан 1000 тырна жасаса (7 слайд), онда қалаған арманы орындалады деген наным бар. Сасаки бір ғана жазылып кету арманымен қағаз тырналар жасай бастады, бірақ бар болғаны 664 тырна жасап үлгерді.

1958 жылы кішкентай жапон қызына арналған ескерткіш құрылды (8 слайд). Әлемнің әр түкпірінен ересектер мен балалар әлі күнге дейін оның ескерткішіне қағаз тырналар алып келеді.

Осындай қасірет біздің елімізде де болды, Қазақстан халқына көптеген қайғы әкелді.



1 Студент: Сарыарқаның шексіз кең байтақ даласында, Ертіс өзенінің жағалауында Семей қаласы орналасқан. Бұл жер ұзақ жылдар бойы қуанышқа толы болды. Ұлы Абайдың жері. Мұнда адамдар демалуға, өлкенің сұлулығын тамашалауға, иісі аңқыған қымыз бен таза бұлақ суына рахаттануға келіп жататын. 1949 жылы сынақ полигонын ашу туралы шешім қабылданды (9 слайд). Адамдар өздерін өсірген жерлерімен, қасиетті ата-мекендерімен қоштасты. Қазақстан халқы Семей ядролық полигонының ашылуымен өздерінің тарихының жан түршіктірер беттерінің куәсі болды.

2 Студент: 1949 ж. 29 тамызда Игорь Васильевич Курчатов ядролық полигонды ашу туралы бұйрыққа қол қойды.

Алғашқы жарылыстан кейін 7 км биіктікте саңырауқұлақ тәріздес бұлт түзілді (10 слайд). Шөптер мен құдықтардағы сулар кеуіп кетті, адамдар ауырып, өле бастады (11-12 слайдтар). Семей Қазақстанның қанды бесігіне айналды.

40 жыл бойы (1949 ж. бастап 1989 ж. дейін) Семей ядролық полигонында 467 жарылыс дүмпуі болды. Олардың 124-і жер бетінде және 343-і жер астында болды.

3 Студент: Қазақстанда жарылыстарға қарсы және ядролық полигонды жабу үшін қозғалыс басталды.

Қоғамдық қозғалыс жасаудың шұғыл қажеттігі туды. Осындай игілікті мақсатты көздейтін қозғалыс «Невада-Семей» болды (13-14 слайдтар). Қозғалысты белгілі ақын Олжас Сүлейменов басқарды (15 слайд).



Куратор: «Невада-Семей» қозғалысы туралы сендер қандай фактілер айта аласындар?

4 Студент: Семей облысы Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарымен көршілес орналасқан, оларда қатерлі ісік (рак) аурулары және т.б. жағдайлары жиілеп кетті (17-18 слайдтар).

5 Студент: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және медициналық академия Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданының суына зерттеу жүргізді. Жер асты суларының құрамында, ядролық жарылысқа байланысты нормадан асатын зиянды химиялық заттардың (стронций, йод, плутоний, цезий, сынап және басқалары) бар екені анықталды, бұл күрделі жаппай ауруды тудырады.

6 Студент: Мен осы азаптардан өткен, қолсыз туған адамды білемін, ол Қарағанды қаласының тұрғыны Қуықов Е. Ол аяқтарымен жазып, сурет салуға үйренген. Біз бейбітшілікте өмір сүргіміз келеді және өмір сүру үшін күресеміз!

Куратор: Ал енді біз, өмірлерін бақытсыздық бұзған батырлармен жақынырақ танысамыз, олар қазір біздің арамызда болуы немесе бізді көруі мүмкін. Олар өмір үшін талай күресіп жүргенін немесе маңындағы адамдардың салқын қандылығы мен қатыгездігіне кездесіп, түсіністікке, жақсылыққа, мейірімділікке және сүйіспеншілікке деген сенімін жоғалтып, сағы сынғанын көрейік. Топ «Қазақстандықтар үшін ядролық сынақтардың салдары» атты миниспектакль қойды.

Бүгін әрбір топ Семей полигонында ядролық сынақ салдары батырларының бейнесін көрсетеді.



4. Студенттердің театрланған көрінісі

Жақсылық пен Жауыздық диалогының сюжеті көрсетіледі.



1-топ – Ләйләнің бейнесін көрсетеді, 20 жасар мүгедек қыз, ол ешқашан өспейді де, махаббатты сезінбейді.

2-топ – Құмардың бейнесі, мүгедек қыз - Ләйләге қатысты қатыгездік көрсеткен қыз.

3-топ – ешқашан сүйікті адам және әке бола алмау зардабын көтере алмаған Солдат бейнесі.

4-топ – өзінің кемтар баласын өлтірген Ана бейнесі

5-топ – Ләйлә мен мүгедек бейнесі көрсетіледі.

Жақсылық пен Жауыздықтың соңғы диалогы.



5. Қорытындысын шығару

Куратор: Полигон жабылды, ядролық сынақ салдарын біз мәңгі есте сақтаймыз. Куратор сағатына қатысушылардың бәріне рахмет.
КУРАТОР САҒАТЫНА АРНАЛҒАН СЛАЙДТАР

Тақырыбы: «Қазақстандықтар үшін ядролық тәрбиенің салдары»







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет