Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет52/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттік-әкімшілік шиеленістерін сипаттау кезінде мынаны назарымызда ұстауымыз керек:

- мемлекет және қоғам арасындағы шиеленіс (заңдылық мәселесі);

- биліктің әр түрлі жүйесі арасындағы шиеленіс (заң, атқарушы және сот);

- мемлекет пен саяси жүйенің өзге институттары арасындағы шиеленіс (мысалы, мемлекет пен саяси партия арасында);

- мемлекеттік-құқықтық жүйе мен оны өзгертуге ұмтылған оппозиция арасындағы шиеленіс;

- мемлекет пен жеке тұлға арасындағы шиеленіс (адам құқықтарын сақтау мәселелері).

Шиеленістің басымдығының бірі болып биліктің уәкілетті және атқарушы тармақтарының конституциялық өкілеттігінің тепе-теңдігі саналады. Демократиялық саяси жүйелердің ерекшелігі болып олар үшін шектеулі қағидат ретінде саяси-құқықтық құрылғының билікті бөлуі саналады және әрине, саяси шиеленістердің болжануы да ерекшелік қатарына жатады.

Билік тармақтарының өкілеттігінің конституциялық бекітілуі және негізгі саяси күштердің демократиялық ойынның жалпы тәртібін ұстануы авторитарим мен биліктің монополиялануынан, анархия мен бағынбаудан сақтап, саяси-қоғамдық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.

Президенттік үлгі бұқараның мүддесін тікелей екі әдіс арқылы білдіреді – ол нәтижесі бір-бірімен сай келуі мүмкін президенттік және парламенттік сайлау. Егер партиялық жүйе мен институционалды тетік осылай жасалса, яғни өкілетті және атқарушы билік арасында қажетті екі жақты келісімді (ымыраны) іздеуді жеңілдетеді, онда халықтың саяси еркі келісілген шешімдер мен заңнамалық актілерде жүзеге асырылады.

Бұл өзге жеке шиеленістердің пайда болуының алдын алмайды. Америкалық президенттік режим мысалынан, олардың объектісі болып мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе шеттету саласындағы өкілеттігі болуы мүмкін екенін көруге болады. Бұл президенттік ресми түрдегі басымдығы және конгресстің оны бұл сұрақтарда ығыстыруға талпынуы. Өз кезегінде, қиын-қыстау кезінде Президент заң тетігі – ветоны пайдаланады. Ол Конгреспен қарым-қатынаста «конституциялық тепе-теңдікті» ұстауға арналған.

Саяси-құқықтық шиеленістер демократиялық саяси жүйе негізінде жатыр, және оның негізін қарастырады. Режим негізінде шиеленістердің жиналуы жаңа сапалы жағдай – саяси дағдарысқа әкеледі. Саяси дағдарыстың қарапайым анықтамасы – бұл шиеленістердің тереңдеуі мен күшеюіне байланысты, шұғыл түрде саяси қысым мен тұрақсыздық қалыптасып, қоғамдағы саяси жүйе жағдайының өзгеруі.

Бұл түсінік объектінің жүйелі сипатына тән, яғни дағдарысқа ұшыраған – Үкімет, Парламент, жалпы саяси жүйе. Дағдарыс негізі болып қоғамдағы жағдайдың өзгеруінің нәтижесі ретінде Үкімет пен Парламентте күштер тепе-теңдігінің өзгеруі, бұрынғы қызығушылық тепе-теңдігінің бұзылуы саналады.

Дамудың болашағына қарасақ, саяси дағдарыс рөлі екі жақты болып келеді. Ол қоғам өмірінің драмалық сәті болуы мүмкін, себебі саяси жүйенің белгілі бір тұрақсыздығы мен шырқының бұзылғанын көрсетеді.

Сонымен қатар, ол жаңа күштер мен қызығушылықтардың ара қатынасын алға шығарады және оның шешімі қоғамдық даму кезеңінің жаңа бастамасы болып саналады.

Егер сыртқы халықаралық қарама-қайшылықтармен, шиеленістермен сипатталған сыртқы саяси дағдарысты есепке алмасақ, онда ішкі дағдарыстарды қоғамдық тұрақтылық үшін олардың тереңдігі мен қаупіне қатысты келесі тізбекпен құруға болады.

Конституциялық дағдарыс өзінің қызметтік рөлі тұрғысынан белгі, мемлекеттіліктің әлсіздігі ретінде көрініп, кез-келгенмемлекеттің әлеуметтік және саяси жүйесіндегі қарама-қайшылықтың пайда болуы ретінде саналады. Сонымен қатар, ол – жаңа негізде мемлекеттіліктің нығайтуын талап етеді. Әрине, ол әрдайым жүзеге аспауы да мүмкін.

Мемлекеттің осы белгісіне немқұрайды қарау мынадай ауыр салдарларға алып келуі мүмкін:

- конституция құрылымын әлсірету;

- мемлекеттің тұтастығын бүлдіру;

- оның қауіпсіздігіне қауіп тудыру;

- Конституцияда және заңдарда қаралмаған билік құрылымын қалыптастыру;

- конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге ұмтылған заңға қайшы қаруланған құраманың пайда болуы.

Конституциялық дағдарыс өздігінен немесе кездейсоқ пайда болмайды. Оған түрлі себептерге ие конституциялық дағдарыстар себеп болады. Бұл дағдарыстар Конституцияның ішкі қарама-қайшылығынан, оның жетілмегендігінен, тұжырымдамасының нақты болмауынан және т.б. тууы мүмкін.

Осындай жағдайларда конституцияны жетілдіру үшін оның жеке тармақтарын конституциялық соттың қарауы мүмкін немесе оған Парламент өзгерістер енгізеді.

Конституциялық дағдарыстың келесі тобы – бұл мемлекеттік билік органдарының Конституциямен шиеленісі: құқықтық сауатсыздығы негізінде немесе саяси есептің нәтижесінде конституциялық нормаларды айналып өту. Осындай тұрғыдағы шиеленістер әрдайым саяси сипатқа ие емес, олардың кейбіреуі құқықтық реттеуді ғана қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет