Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет78/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Тестiлеудiң жаңа бағдарламасы кадр резервiнiң 

Тестiлеудiң жаңа бағдарламасы кадр резервiнiң деңгейiне қарай сараланатын болды:

1) мемлекеттiк қызметке алғаш рет кiру үшiн, яғни «Б» атқарушылық корпусының лауазымына орналасуға кадр резервiне қосу үшiн;

2) «Б» корпусындағы мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк саты бойынша жоғарылату үшiн және «А» басқарушылық корпусының лауазымдарына орналасуға кадр резервiне қосу үшiн.

Конкурстық тестiлеуден табысты өткен кандидатқа кадр резервiне қосу туралы сертификат берiлді, бұл оған конкурстық iрiктеудiң екiншi кезеңiне қатысу құқығын бередi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қосылған үмiткерлер үшiн мемлекеттiк органда тағылымдамадан өту мүмкiндiгi көзделедi.

Конкурстық iрiктеудiң екiншi кезеңiнде бос лауазымға тағайындау үшiн мемлекеттiк орган конкурстық iрiктеудi бiрiншi кезеңдегi тестiлеу нәтижесiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қосылған адамдар қатарынан ғана жүргiзедi.

Екiншi кезеңдегi конкурстық iрiктеу барысында мемлекеттiк органның салалық ерекшелiгiмен және қызмет бағыттарымен айқындалатын конкурстық рәсiмдер қолданылады.

Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігі мемлекеттiк органның конкурстық iрiктеудiң екiншi кезеңiнде пайдалануы үшiн үлгiлiк конкурстық рәсiмдердi айқындайтын болады (57-сурет):

- бейiндiк (салалық) тестiлеу;

- әңгiмелесу (дара, топпен);

- емтихан;

- эссе жазу.

57-сурет. Үлгiлiк конкурстық рәсiмдердi ұйымдастыру

Әрбiр мемлекеттiк орган мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша оның қызметiнiң салалық бағытына, осы лауазымға орналасу үшiн конкурстық iрiктеу жүргiзiлетiн қандай да бiр бос мемлекеттiк лауазымның ерекшiлiгi мен лауазымдық мiндеттерiне сәйкес конкурстық рәсiмнiң түрiн дербес айқындайды.

Мемлекеттiк органдар үшiн бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртiбiмен тағайындау тетiгi жетiлдiрiліп жатыр.



2. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту.

Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламаларының мазмұндық бөлiгiн сапалық тұрғыдан жаңғырту, оның iшiнде қазiргi заманғы бiлiм беру технологияларының және нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк басқару жүйесi қағидаттарының негiзiнде оқыту бағдарламаларын жаңарту маңызды шара болмақ.

Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары анағұрлым икемдi болады және мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк қызмет жүйесi жұмыс iстеуiнiң озық әлемдiк практикасын ескеру жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң басқарушылық және атқарушылық корпустарға бөлiнуi ескерiле отырып, оларды оқыту үдерістерiн құруға қойылатын саралау тәсiлдерi көзделетiн болады.

«А» корпусының лауазымына тағайындалған мемлекеттiк қызметшiлер үшiн лауазымдық мiндеттерiн тiкелей орындауға кiрiсу алдында менеджмент, стратегиялық жоспарлау, тиiмдi басқару шешiмдерiн қабылдау саласында бiлiм алуға бағытталған қысқа мерзiмдi оқытудан өту мүмкiндiгi көзделуде.

«Б» корпусының мемлекеттiк қызметшiлерiн оқыту саяси шешiмдердi тиiмдi орындау және стратегиялық бағдарламаларды iске асыру үшiн бiлiм мен дағдылар алуға бағытталған бiлiм беру бағдарламаларына негiзделуде.

Мемлекеттiк қызметшiлердi өңiрлiк деңгейде оқыту тиiмдiлiгiн арттыру үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттырудың өңiрлiк орталықтары қызметiн үйлестiрiп, бiлiм беру бағдарламаларының мазмұнды бөлiгiнiң сапасына мониторинг жүргiзу көзделуде.

Қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттырудың өңiрлiк орталықтары қызметiн үйлестiру мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк қызмет саласында сапалы бiлiм жинақтау мен алмасудың бiрыңғай жүйесiн қалыптастыруға және өңiрлiк деңгейде сапалы бiлiм беру қызметтерiмен қамтамасыз етуге бағытталған.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы мемлекеттiк қызметшiлердi оқытудың бiрыңғай оқу, әдiстемелiк, ғылыми және кадр орталығы болмақ.

Мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту жүйесiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» Халықаралық стипендиясының және «Назарбаев Университетінiң» әлеуетiн тиiмдi пайдалануға бағытталған жүйелi шаралар көзделуде.

Мемлекеттiк қызметшi оқуды аяқтағаннан кейiн өзi бұрын атқарған лауазымға не басқа – бiлiктiлiк және кәсiби талаптары бойынша теңдей не атқарымдық мiндеттерi жаңа алған кәсiби бiлiмi мен дағдыларына сәйкес келетiн жоғары тұрған лауазымға тағайындалуы мүмкiн болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет