Төраға өз құзіреттілігі бойынша:
- Агенттік жұмысына жетекшілікті, аумақтық бөлімшелер мен бір мекемеге қарасты ұйымдардың қызметтеріне бақылауды жүзеге асырады;
- департаменттер директорларының, олардың орынбасарларының және тағы басқа Агенттіктің жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
- Агенттіктің аумақтық бөлімшелері және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітіп, бұйрықтар шығарады;
- Агенттіктің орталық аппарат қызметкерлерін, аумақтық бөлімшелер жетекшілерін және олардың орынбасарларын, бір мекемеге қарасты ұйымдардың жетекшілерін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады;
- Агенттік заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдарға байланысты, сондай-ақ, өз құзіреттілігіне қатысты басқа да сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды.
Төраға коллегияны және басқа да кеңесші органдарды құру құқығына ие.
Оның көмегімен кадрлық менеджменттің және мемлекеттік қызметтің барысы мен жағдайын анықтау, аттестациялар және байқаулар таңдауы рәсімін өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік тудыратын мемлекеттік қызмет кадрларының Республикалық ақпараттық басқару жүйесін енгізуді ерекше атап өткен жөн. Бұдан басқа, негізгі құрал болып рейтингілік жүйе бойынша құрылған мемлекеттік органдардың өздерінде кадрлық менеджменттің тиімділігін бағалау жүйесі табылады. Бұл кадрлық қызмет және тәртіптік комиссия жұмысын бағалауға, салалық және өңірлік аспектілерде кадрлық менеджменттің нығаюына мемлекеттік қызметтің қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Осылайша, мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын және бірлігін мамандандырылған органдар жүйесі (өкілеттік органдар және оның аумақтық бөлімшелері) қамтамасыз етеді. Өз құзіреттіліктеріне сәйкес мемлекеттік қызмет істері бойынша органдар мемлекеттік басқару саласына, сонымен қатар, бекітілген заңнамаға байланысты салааралық үйлестіру және басқа да арнайы орындаушы қызметтер және өкілеттіктерге қатысты басқаруды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет ісі бойынша органдар жүйесі өз орындарында кадрлық жұмысты қамтамасыз етуші мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін толықтырады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жаңа үлгісiнiң тұжырымдамасы» бекiтiлді.
Тұжырымдаманың 1-бөлiмінде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесiн дамытудың пайымы берілген. Онда меритократия, тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, транспаренттiк және қоғамға есептiлiк қағидаттарына негiзделген мемлекеттiк қызмет жүйесiн кәсiбилендiру мемлекеттiк басқару жүйесiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн және халыққа сапалы қызмет көрсетудi қамтамасыз етудiң аса маңызды факторы болып табылады деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесiн дамытудың мынадай негiзгi қағидаттары мен жалпы тәсiлдерi 55-суретте белгіленген.
1. Мемлекеттік қызметке кіру.
Халықаралық тәжірибеде мемлекеттiк қызметтiң екi үлгiлiк үлгісiн бөлiп қарастыруға болады - баспалдақтық және ұстанымдық.
Мемлекеттiк қызметке кiру мен оны атқару тәртiбiне қатысты осы үлгілердегi айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемлекеттiк қызмет тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрқатар жалпы шарттар тән.
Бiрiншiсi – мемлекеттiк қызметшiлердi саяси «тағайындалатындар» және кәсiби «орындаушылар» деп бөлу.
Екiншiсi – мемлекеттiк қызметке конкурстық негiзде қабылдау, бұл мемлекеттiк қызметке бiлiктi әрi құзыреттi мамандарды iрiктеп алуға мүмкiндiк бередi және кадрларды iрiктеу мен жоғарылатудың қамқоршылдық жүйесi үшiн мүмкiндiктердi азайтады.
Мемлекеттiк қызметтiң жоғары беделi мен мәртебесi шетелдердегi мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң маңызды ерекшелiгi болып табылады.
Қазiргi кезде, көптеген елдер мемлекеттiк басқарудың ұлттық жүйесiнiң ерекшелiктерiн ескеретiн мемлекеттiк қызметтiң аралас үлгісiн құруды жөн көредi.
55-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет жүйесiн дамытудың негiзгi қағидаттары және жалпы тәсiлдерi
Мемлекеттiк қызметтiң көптеген тиiмдi үлгілерiнде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттiк қызмет институты қолданылады, ол саяси шешiмдер қабылдау үдерісін оларды iске асыру үдерісінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттiк қызметтiң атқарымдары жалпы мемлекеттiк саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзiрлеу және әкiмшiлiк қызметтi жүргiзу болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң жаңа үлгісi мемлекеттiк қызметтiң баспалдақтық және ұстанымдық үлгілерiнiң элементтерiн қамтып, аралас болып қалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, мемлекеттiк қызметтiң жаңа үлгісiнде корпустық тік саты: мемлекеттiк саяси қызметшiлер, «А» басқарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы айқын көрiнiс табатын болады.
Жаңа үлгінi қалыптастыру бойынша мемлекеттiк лауазымдардың жаңа тiзiлiмi бекiтілді.
Мемлекеттiк саяси қызметшiлер корпусына мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын, мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылық етудi жүзеге асыратын, тиiстi саладағы мемлекеттiк дамудың стратегиялық
бағыттарын айқындайтын қызметшiлер, сондай-ақ тағайындалуы саяси-шешушi сипатқа ие қызметшiлер енгiзiлдi.
Достарыңызбен бөлісу: |