Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет88/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтары белгіленген.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпымемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқарады.



Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктің құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап беретіні белгіленген.



Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.



Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнің құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған.

Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк әкiмдiктер құрылмайды.

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнің қызметтері де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген.

Әкiмдiк Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.

Әкiмдiк қаулысына әкiм қол қояды.

Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.

Әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.

Әкiмдiк және (немесе) әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.

Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиiстi мәслихат бекiткен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару схемасы шеңберiнде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып тиiстi әкiмдiк белгiлейдi. 

Бақылау сұрақтары:

Халықтық билікті жүзеге асыру жолдары.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының ерекшеліктері

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi.

Мәслихаттар мен әкiмдiктердің міндеттері мен құзіреттері. 

9.3 Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы № 126-IV Заңына сәйкес, заңның атауына «өзін-өзі басқару» деген сөздер қосылып, жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты мынадай анықтамалық жаңа өзгерістер енгізілді:

жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын, нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет; 

жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; 

жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;  

жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары – жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу жөнiндегi функциялар жүктелген органдар;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет