Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы


Түйін. Мәшһүр-Жүсіп тұлға



бет60/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп тұлға лексемасын дара, ешкімге ұқсамайды деген сияқты қолданған. Тұл + ға (түбір мен қосымшадан) тұрады. Бұл сөздің жасалуына негіз болған тұл түбір тұлғасы сияқты. Тұлға < тұл < тұла бойы // тал бойы.
Тұла бойы. Оймаќ ќ±рам сау жер жоќ, Т±ла бойында ќалмады (М-Ж., 197); Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты, Шашының ұзындығын тізе басты (Ақылбай, 287); Нұрына көзі Айбастың көріп жетті, Тал бойы қорғасындай еріп кетті (ҚКБС, 39). Тұла бойын топшылап, Бұлтиған бетін опалап (Манас). М. Отаров: Ш. Сарыбаев тұлабойы сөзін қарастыра келіп, екі түбірден: тұл және бойы құралатынын, *тұла < *тұл морфемасының қазақ тілінде жоқ екендігін, бірақ та тұл формасында кездесетінін және өз алдына дербес қарақалпақ, өзбек және басқа тілдерде `барлығы, баршасы` мағынасында қолданылатынын айтады (ҚТҚЭС. 194) [209, б.123]. Тұла мен тұлға түбірлес лексемалар. Тұл > тұл (-а) қосымша. Мысалы, Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты (ҚКБС, 40) Тал – шуваш тілінде `сыртқы әлпетті`, `барлығы` деген ұғыммен сай келеді екен. Тұл ~ тұла ~ тула~ толо ~ тола, Тулу ~ тал (бойы) ~ толай ~ тулай ~ тулайы, толайым `барлығы, түгел, сыртқы тұрпаты` мағынада болуы мүмкін (Жанпейісов, 66). Тал сөзі де осы «су (көл)» ұғымымен қатысты болуы керек Е. Жанпейісов [268, б.25-30]; Древнее значение талай +с будет `вода, озера, реки` (Муразаев, 170) Талас (тал + ас) р. Т. Омырзаков [209, б.215]. Будагов: тат. таль 1) тальникъ (дерево), қра тал (қара тал-А.Қ.) черно-талъ, кир. көп тал малокитникъ (salix caspica). 2) кир. бантикъ на конц косы. 3) тур. = дал, тал втвь. 4) = тал – 5. [212, б.728].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет