Қорыта келгенде, киіз үй жабдықтарына: кереге, шаңырақ, уық, бақан, адалбақан, күлдіреуіш, ши, түндік, үзік, туырлақ, киіз, текемет, сырмақ, бөстек, қазан-жабдық, ұршық, жүкаяқ, әбдіре, асадал, кебеже жатады. Бұлар өз ішінде киіз үйдің сүйектері және үй жабдықтары болып бөлінетіні белгілі болды. Қазан-жабдық (ас//қазан) негізінен мағынасы жағынан «өлік жөнелту» лексикасына жатады, бірақ кейбір қағидасы ыдыс-аяққа жататыны көрінді. Сол сияқты ұршықты да үй жабдығына жатқыздық. Киіз үй жабдықтарына үй сүйектерінен басқа: тамақ-ас сақтайтын: жүк аяқ, әбдіре, асадал, кебеже жатады. Ал, саба (қор), көнек, қанар>тағар>дағар>торсық >мес > қауға сұйық тамақ құйылатын, сақтайтын ыдыстар; олар өзі ішінде түрлі зат сақтайтын: қоржын, бөктергі, қанжыға, қанар, талыс, шөншік, боқжама, боқша, бойра, бүктеме болып бөлінеді. Нақты ас-тамақ ішетін ыдыс-аяқ: аяқ-табақ, табақ, тостаған, құман, құмыраша, кесе, қазан, қасық. Бұларды жалпы ыдыс-аяқтан жеке бөліп алмай-ақ бірге қарастырдық.
Достарыңызбен бөлісу: |