Түйін. Саба > көк (тері) > көнек (тері ыдыс).
Көнек. Жасынан пісіп-ќатып, кµнтерлі, шыдамды болсын, – дейді ѓой (М-Ж., ЌШ, 36); Шоштанның қызынан жұртта туып қалған Тоңболат, мұнан Баскөнек, мұнан боқыш... (М-Ж., 41). Мысалға: Көнтері мен баскөнек сөздердің шығу тегі жағынан да, жасалуы жағынан да бір. Биенің сүтін сауатын ыдысты көнек – дейді (С. М., – Б. 105).
Монғолиядағы және республикамыздың солтүстік шығыс аймақтарындағы қазақтар тілінде көнек деп құдыққа қауға ретінде салатын ағаштан жасалған шелікті не теріден жасалған ыдысты айтады. Көнек жеке сөз ретінде кей облыстарда мүлдем қолданылмайды, бірақ ол жерлерде көнектей сын есімі жиі айтылады. Көнек сөзі түркімен тілінде де қолданылады: онда көнек (кө+нек) деп тұз салатын тері қапты айтады. Бұл – сөз көбінесе мөлшерден тыс үлкен, қампиған, көлемді деген мағынада қолданылады. Сол себепті де көнектей сөзі ісік зат есімімен жиі тіркеседі. Көнек зат есімінің түбірі көн болуы керек, -ек оған қосылған кішірейткіш жұрнақ (Ж.Б.) (ҚТҚЭС, 1966: 105).
Достарыңызбен бөлісу: |