Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет180/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   227
    Бұл бет үшін навигация:
  • Бұғау
Түйін. Демек, бұғау сөзінің түбірі бұ -ғау қосымша болуы мүмкін. Тағ, бағ, бұғ сияқты сөздер қазақ тілінде тау, бу болып айтылады (Қ. Жұбанов, 121). Бұғау сөзінің мағынасының ұласуы негізінде бұғалық сөзі пайда болған. Бұғау мен егеу сөздерінің қалыптасу формасы бір сияқты. IGEDI: ігеді, қышырлатты, ОL пішек іgеdі: Ол пішек ігеді – ол пышақ егеді. Вuғra tышын іgеdі: Бұғра тышын ігеді – Бура тісін қышырлатты (МҚ, 3 т. 342). Іге сөзі дыбыстық мағына берген. Көне түркі тілінде қышырлатты деген мағынасы да болған. Іге~еге фонетикалық өзгерістерден өткені байқалады. Қазақ, қарақалпақ тілдеріндегі е дыбысы басқа түркі тілдеріндегі сондай дыбыстан дифтонгіге ұқсастығымен ерекшеленеді. Қазақ, қарақалпақ тілдерінде бұл ерекшелік әсіресе тұйық буында анық көрінеді. Сөздің абсолют болудағы е дыбысының алдынан і қысаң дауысты анық көрінеді іле, іекі т.б. (Томанов, 42). Яғни іге і дыбысы е дыбысына ауысып еге болған. Алдымен іеге деп айтылып, і түсіп қалып еге қалған. У жұрнағы жіңішке, жуан сыңарынан акустикалық ерекшелігі оның жұмсақ естілуінде. Яғни жұмсақ варианты тек екінші буында ғана мүмкін. Жіңішке у қазақ тілінде байырғы түбір құрамында емес, қосымша құрамда айтылады (Томанов). Егеу – еде bileді tаsі (Кенан Коч. Аябек Байниязов. Вехби Башкапан қазақша-түрікше сөздік, 110) IGEME – қобызға ұқсас аспап (167). Демек, дыбыс бір затты үйкеген кезде шығады. Аспаптың аты да дыбысқа байланысты шыққан. Іге/еге дыбысқа байланысты қалыптасқан заттың аты. Іге>іеге>еге>егеу. Шідер > бұғау сияқты қолданылу мақсаты бір ат әбзелі ол – кісен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет