Ас. Ас салып жейін деп ең қылып табақ? (М-Ж. 2003: 6); Бойына жесең інжір сіңеді асың (М-Ж. ХБ: 74); Л. Будагов сөздігінде: «кир. арап. асъ, пища (у кирг. асъ называется только, пища изъ мясо или говядины) арап. асъ – приготовлять (пищу), курить табакъ, велть сварить чай» т.б. бірнеше мағынасы аталады [8, б.793]. Арабша «дәм», «тағам» деген сөздің қазақша мағынасы – «ас», «тамақ». Дәмді жоғары тұтатын қазақ «дәм татып кет» деп жатады. Қастандық қылған кісіге «дәм атсын» дейді. Ас, `тамақ, дәм ` көптеген түркі халқына ортақ атау болған. Қазақ «ас» деп: таңғы шай, түскі ас, кешкі ас, ал қонаққа беретін тағамды «қонақасы» – деген. А. Жылқыбаеваның «Түркі тіліндегі ас, `тағам` сөзінің семантикалық өрісі» – деген мақаласында: Э. В. Севортян ас лексемасының «ас//аш/а: с/а : ш түркі елінде бар сөздерді жан-жақты қарастырғаны, ас сөзін көне ирандық лексемадан ауысқанын. Ас//аш сөзі өзінің бастауын басқа тілден алғанымен ең алдымен көзге түсетіні ол түркі тілдеріне ғана емес, Алтай семьясына, монғол, маньжур және Корей тілдеріне тез тарап кеткендігін, сөйтіп, ас этимоны а: ш жеті семантикалық мағыналық тобы барын және түркі тілдерінде ас сөзі түрлі мағына береді: орталық мағынасы: пысқан тамақ, тамақтану, палау (орта Азия), күріштен, жармақтан істелген тамақ, кеспе (ет), асылған ет; периферийлік мағынасы: тамаққа әзір емес дәнді-дақылдар, бидай, нан, әртүрлі араласқан тамақтың түрі, малға беретін жем, бау-бақша жемістері т.б. атап көрсетеді. Э. В. Севортяннің айтуынша ас//аш көне пехлевен тілінен ауысып түркі тілінде етістік атаулы омоним болған. Ол бірден атаудың аты мен етістіктің «тамақтану» және «жеу» мағынасын берген. Севортян жанама түрде болсын мынандай мысал келтіреді: ашіч аш + (и) ч «шөңке» деген тұрмыстық тұтынатын құрал мағынасында қолданылатынын айтады. Ас түбірінен туынды сөздер: аса, асату, астық, асқазан, асхана, асыра, асам, ашқарақ, (аскерне баш.), асар, һашар (ұйғ) ұжымдық көмек: үй тұрғызу, мал қырқу, мал сауу, егін жинау т.б. асаба, асадал, аскөк (укроп). Қазақтар ас қайыру, ішкен асын жерге қою, таспен атқанды аспен ат, асына қарап қызын ал деген этнофразеологизмдерді бас-басына атап өтеді [9, б.310 - 314]. Ал, С. Я. Байчоров «Ас этимонының этимологиясы» – деген мақаласында топонимикаға байланысты қарастырады [9, б.279-290]. Тура осы ойға орайлас «Талас (тал + ас)» өзеннің атының этимологиясы төменде басқа бөлімдерде айтылады. Е. Жанпейісов жоғарыдағы Байчоров пікіріне орай Алтын - асар, Жеті – асар, Қос – асар, Томпақ - асар, Қарала – асар, Қара – асар, Сорлы – асар – деп Мәмиев М. «Сыр бойындағы асарлар» сүйенеді де «Аs `пир`, угощениье, званый обед; qalї asqa bedlär oqїsa seni `если беки позовут тебя на пир`; olardїn birisi küdänkä aš ol / sünnät ašї ja to‰ura o‰ul `один из них (пиров) свадебный или же по случаю обрезания или рождения сына` (ДТС, с. 61), куман. аш бäрÿрмäн `я даю пир` (РСл, I, с. 585)» – деп түркі тілдерінде ас көбіне `тағам`, `тамақ` мағынасын беретінін нақты мысалдармен түсіндіреді [7, б.73-75].
Тары. Тарының қауызындай болмай қалды, Астың-жер, болғанменен үстің аспан! (М-Ж. 1 т. – Б. 185). хак., тары «себу», тарығ «егін» мағынасын, тува., тараа «астық, жалпы өнім егін», як., туорах «дән», моғол., тариа «астық, егін», қалм., тәрән «астық, егін» мағыналарында көрінеді тары сөзі ертеде «егу» мағынасын бергендігін жазады. Талқан. монғ. талх «нан» мағынасын, бурят., таряа талхан «егіннің өнімі» деген мағынасы бар (Ә. Нұрмағамбетов. 1990, 111).
Достарыңызбен бөлісу: |