Жауқазын. Аршыған жауқазындай аппақ болып, Бұл күнде соның бәрі кетіп қалған (М-Ж. 2003: 221); Жауқазындай (жауқасындай) аршыған аппақ болып (М-Ж. 2003: 134); Ал, тау жуасын, қыр жуасын, тау сарымсағын, кеспеге турап та, шикі күйінде де жеген. Сазды жерде өсетін картоп тұқымдас жаужұмырды (буылтықты) қоламтаға көміп, пісіріп жейтін болған.
Қ. Жұбанов жау жұмыр мен жау қазын (тамырларын жеген, емге пайдаланған) тіркесіндегі жау > jағ (майды жақ) оның үстіне ұйғыр тіліндегі jағ (жир, масло), алтайлық djuv id қазақ тіліндегі жау формасымен тең келеді. Жау сөзі Орхон жазуындағы jағь – враг, қыпшақ формасына сәйкес келмейтін жау етістігі (идти дождю, снегу) жау жұмыр сөз тіркесіне әсер етті деген қисыны келмейтінін айтады [12, б.40].
Б. Қалиев: «До недавного времени значение элемента жау, встречающегося в названиях многих растений, связывали с основным значением этого слова – `враг`. Так, жаужапырақ, по нашему толкованию, состоит из двух слов: жау `враг` и жапырақ `лист`. Соответственно жаушырмауық `ясменник распространенный` – из того же жау `враг` и шырмауық `вьюнок`, жаушымылдық `пион` или `марьин корень` – из жау и шымылдық `полог, занавес` и.т.д» (Сіз өсімдік аттарын жақсы білесіз бе? // Оңтүстік Қазақстан. 1972. 6 октябрь). А.Т. Кайдаров в ряду многочисленных корней-омонимов жау переводит как `масло, сало, жир` и в качестве примера приводит слово жауқазын (<жау+қаз+ын) `горный тюльпан`. Ученый сравнивает этот корень с башкирским яу `масло, жир, сальник` (Структура односложных корней и основ в казахском языке, Алма-Ата, 1986. – С. 213.). То же мы встречаем и в «Древнетюркском словаре»: jaү `масло, жир` (Древнетюркский словарь. Л., 1969. С. 223).
Б. Қалиев: «Если признать что жау наряду со значением `враг` имеет значение `масло, жир`, то наше толкование этимологии слов жаужапырақ, жаушырмауық и жаушымылдық оказывается необоснованным и противоречивым по отношению к третьему названию – жаушымылдық. Первые два вида растений не содержат никаких жиров, что исключает принцип наименования по свойствам предмета. Растение жаужапырақ даже не пригодно для использования в качестве кормовой травы. А у растения жаушымылдық, наоборот, ценится съедобные корни. Исходя из этого, очевидно, можно отнести это слова, пересмотрев его этимологию, к группе таких названий, как жауқазын `горный тюльпан`, жаужұмыр `ферула`, жаупазақ `сорт абрикоса`, жауқияқ `вострец, элимус, телорез`, жаушалғын `волоснец, колосняк ` и др. Первые компоненты этих слов связаны со значением `масло, жир` [9, б.344-345].
Енді, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Б. Қалиев пікірлеріне орай осы сөздерге тілдік талдау жасағанды дұрыс көрдік.
Айталық, жаужұмыр, жаубүйрек, жауқазын бұлар түбірлес сөздер. Түбір тұлғасы «жау». Енді «жау» түбірін анықтаймыз. Жау – етістік, жау – зат есім. Жау (враг) дегендегі «жау» логикалық жағынан келмейді. «Жаубүйрек» адамның организмі өзіне жау бола алмайды. Басқасын да солай әжетке жаратуға болады. Ал енді «жау» (жаңбыр) жаубүйрекке қатысы шамалы, демек, жауқазын мен жаужұмырдың түбір тұлғасы «жау» (жаңбыр) байланыстыруға болар еді, бірақ, бұл алдамшы түбір тұлғасы ғана. Оны мына зерттеулер дәлелдейді. О баста түріктер өзін танымай тұрып, қоршаған ортаны таныған. Ол: жаужұмыр мен жауқазын материалдық қажетін өтеген. Логика бұны құптайды. «Жауқазын» мен «жаужұмырдың» түбірін қазып алып, тағам ретінде пайдалануы мүмкін не емге қолданған. Демек, «май» алған. (Тобылғыны отқа қыздырып, әкем тырнағының сөгіліп кеткен көбесіне жағып отырғанын талай көргем). Бірақ, түрік «май» деген атын білмеген, оның орына «жақ» деген уәжін білген. Көзге көрінгені қимыл ғой. Атауы жылдар бойы тұрақталып, айтыла-айтыла «жаққа» айналған. Көне түркілер «жауды» «жақ» деген мәліметтер де жоқ емес. Осы «жақ» жылдар өте кейіннен «жау» ретінде түзілген де, алғашқы мағынасы «жақ» пен «май» ұмытылған. Сөзіміз дәлелді болу үшін былай айтып көрелік: «майбүйрек», «майжұмыр», «майқазын» логика жоққа шығармайды. Кейіннен май > ұмай (отқа май салу т.б.) мифтік және салт-дәстүрлік өріс алғандығын көруге болады. Ұмай бөлімін қараңыз.
Түйін. Бұл сөздердің алғашқы түбір тұлғасын қалпына келтірсек: жақ <> май > жау сияқты тілдің даму барысын, жолын көреміз. Мінекей, осылай көне сөздерің о бастағы түбір тұлғасын табуға болады.
Бидай. «Бидай деп айтшы!» – десе, сарттың «бидай» деуге тілі келмейді (М-Ж. 8 т. – Б. 231). Бидайдай желге ұшырып өміріңді (М-Ж. 1 том: 81); Бидайдың ағашынан жалғыз татсаң (М-Ж. 46);
Ол – біздің жыл санауымызға дейінгі мың жылдықтың орта шенінде, сонау қола дәуірінде өмір сүрген бабаларымыздың мекен-жайларының қалдықтарын зерттеген оқымыстылар олардың бидай, қара бидаймен қоса тары өсіргенін дәлелдеп отыр, – деп жазады («Қазақ әдебиеті» газеті, 1985.). Б. Қалиевтің сөздігін де осы мақсатта ұсынамыз [13, б.6]. Ш. Сейітова «Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы» халық танымына тереңдеп барғанын көрсетеді [14]. Т. А. Боброваның ботаникалық терминдердің этимологиясын қарастырған зерттеуі көңіл аударарлық [15, б.93]. Е. А. Керимбаев: «Многочисленны оронимы, связанные с названиями растительного мира Казахстана» – деп, өсімдік атауларына қатысты көптеген оронимдерді мысалға келтіреді [16]. Аса қажетті өсімдіктердің бірі – бидай, арпа, тары – дейді Б. Қалиев.
Түйін. Қалай десе де, дәнді-дақыл түркі халқына таңсық болмаған. Көне мәліметтер, қазба жұмыстар ерте уақыттағы ыдыстарды тауып алғанда ішінде бидай, тары т.б. сақталғанын анықтаған. Демек, түркілер үшін бидай тағамның негізгі көзі болған. «ҚКБС» жырының бір нұсқасында Қозы Баянның кеткен жерін айт деп шешесінің қолына ыстық бидайды уыстатып, басады. Осындай ауыз әдебиетінде кездесетін тілдік деректер түркі жұртының материалды тұрмысынан елес береді.
Достарыңызбен бөлісу: |