Түйін. Ас көптеген түркі тілдерінде `тағам` деген мағынаның орнында жүреді. Ас деген бөлімді қараңыз. Бірақ, кейбір жерлерде қонақасы деп өлген адамға арнап кешке беретін асты да айтады. Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталады (С. М., 112 б.).
Қуырдақ. Исіндей қуырдақтың мұрын жарып! (М-Ж. 52). Қазақта: қуыр, қуыр қуырдақ, қуырдағыңды ит жесін желке мойныңды бит жесін – деген этнографизм ежелден бар. Қуырдақ пен қуырмаштың шығу тегі бір. Қуыр түбірінен өрбіген туынды сөз. Қуырдақ деп еттен жасалған тағамның түрі. Л. З. Будагов: «коурмакъ =қаұрмқ тур. қуырмақ кывырмакъ (= тат. қабрмқ засучить, закрутить (усы), завить, подрубить, құрға кывырджынъ, кудрявый, курчавый (что также құры кывры); баранъ съ короткимъ хвостомъ, букли, завитые волосы, крутить нитку» – деп көрсетеді [20, б.78]. Ал, қуырмаш деген көбіне (дәнді-дақылды) қуырып, дайындау. М. Қашқари: «қоғурмач ~ қовурмач ~ қомач ~ (қуырмаш – А.Қ.) «қуырылған бидай» – деген анықтамасын береді. Қазіргі ұйғыр тілінде қоғурмач – қомач бәлендей өзгеріс жоқ. ҚКБС жырының Тверитин нұсқасында: «Попросил он мать однажды Для него курмач* сготовить. Та, без словисполнив просьбу, Позвала его покушать» – деп аударған [21, б.52]. Курмач* – деп қуырылған бидайды айтқан.
Кумачъ – кумачъ блый хлбъ, булка; хлбъ испеченный подъ горяей золой (кмаш Вамб.). ақ нан, бөлке, күлге пысырылған нан (пәтер), өздері үшін жақсылық тілесін деп моллаға нан апарып береді екен, бұл – Сүлеймен пайғамбардан келе жатқан дәстүр. Аңызда: құс өзінің иесіне балапандарын жеп қояды деп жалынады. Содан періште пайда болып дөңгелек нан (күлше) әкеп береді. Күлшені сүт, май, қант, жұмыртқа қосып пісіреді. Оны кептіріп, бір жыл жейді, тіпті малға да береді (Будагов, 163), (Транслитерация жасаған – А.Қ.)
В уйгыроведческой литературе, посвященной этимологизации второго компонента -мач в именах типа қомач `зажаренная пшеница`, көмәч `испеченная в золе лепешка`, также утверждается, что он восходит к слову аш `еда` (Садавкасов Г. Һазирқи заман уйғур тилида қошумчилар арқилиқ исим ясаш // Известия АН КазССР. Сер. филол. и искусств. 1957. № 2 (7). С. 9). Так, в «Уйгурско-русском словаре» указывается, что современная форма слова қомач состоит из компонентов қорума и аш (Уйгурско – русский словарь / Под. ред. Ш. Кибирова и Ю. Цунвазо. Алма-Ата, 1961, С. 247).
Т. Талипов -мач аффикснің түркі тілдерінің көбінде сөз тудырушы жұрнақ ретінде жұмсалатынын Х. Алимуродов зерттеуіне сүйеніп өз ойын қорытады. Э. В. Севортян считает, что «образование имен на -мач, начавшееся еще в древнюю пору, продолжалось и в историческое время, причем в более близкие периоды производные создавались от глаголов» (Севортян. С. 359). Однако не все образования на -мач ученый относит к числу отглагольных имен. По его мнению, «межтюркское қовурмач `жареная пшеница` нельзя объяснить из глагола қовур- `жарить`, а необходимо иметь исторические сведения об основных видах пищи у разных тюркских народов и об ареалах их распространения, откуда можно получить разъяснения для қовурмач» [9, б.227].
Қазы – казы лошадиный брюшной жиръ, киргизская колбаса (начиненная конинымъ ребромъ) қазы қабырға кониное ребро съ жиромъ (Будагов, 15). Казы и карта - род колбас из конины (Потанин, 1972: 359). Кир. алт. арабша казы, лощадиный брюшной жиръ, киргизкая колбаса (начиненная конинымъ ребромъ), қазбаұ қабырға кониное ребро съ жиромъ (Будагов, 1871: 15). Анайдан – Жолшара, бұл да қазы болған (ҚШ, 29); Ата қаз (құс), қазы (билік жүргізуші), қазы (тағам) сөздері байланысты болуы мүмкін. Бұл тұлғалар май > мифтік ұмайға апарады. (Транслитерация жасаған – А.Қ.).
Сүр. Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер! Шегі аман. Қатқан сүр ет берсеңдер, шегі жыртылады (М-Ж. 9 т. – Б. 125). Құрт пен май, сүрленген ет, қымыз келді (ҚШ, 25); Сүр // сәуір байланысты сияқты. Өйткені М. Қашқари: IAZUҚ иазұқ: сүр (сүрленген) иазұқ ет – күз кезінде әртүрлі татымдылықтар қосып кептіріліп қойып, көктемде жейтін ет дейді (М-Қ. 3 том. 26). Демек, сүр > жазғытұрым жейтін ет. Академик Ә. Қайдардың біз келтіріп отырған пікірге қосымша мынандай мәлімет береді: «Дело в том, что в условиях кочевого образа жизни раннего казахского общества, когда отсутствовали холодильники, морозильники, вяленье считалось удобной формой хранения сырой мясной продукции» – зерттеуге қатысы байқалды (Ә. Қайдар, 288).
Достарыңызбен бөлісу: |