Түйін. Қазақ тілінде ұша – қойдың сүбесімен, құйрықпен тұтас алынған бел омыртқа. Тат. куюмчакъ, кость между хвостомъ и курдюкомъ барана – деп түсіндіреді сөздікте (Будагов, 99). Будагов құйрық деген сөздің көптеген мағынасын берген соның бірі – курдюкъ (1871: 52). Ұша > сүбе > құйырық > омыртқа > үш.
Жөргем: Тек Жетісудағы Найман рулары ғана табаққа «жөргем» деп аталатын ащы және тұщы ішектердің өрілген бір бумасын, қарын, өкпе, жүрек сияқтылардан бір-бір тілімін, алдыңғы және артқы үйітілген сирақтардың бір-бірін табақтың алды-артына қояды (С.М., 108 б.). Жүргенге жөргем ілінеді (Мақал) малдың ащы ішегі мен тоқ ішегін жуып тазалап, тұздағаннан кейін оны айналдырып, тағы бір рет сумен шайқайды. Қазанға салып асуға қолайлы болу үшін ішектерді өткермелеп өреді. Ащы ішек жіңішке, әрі өте ұзын болғандықтан, оны тоқ ішек секілді жалаңқабат өре салмай, бірнеше еселеп шумақтың белінен айналдыра шаншып орап, ішектің ұшын бекітеді. Жөргемді асуға да, турап қуыруға да болады. Майға қуырылған жөргем дәмді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |