Жөрме > жөрмелеу сөзі де түбірлес болып табылады. Бұл сөздердің негізі көне түркі сөзі өр болып табылады. Өр > орау. Жөргем мал ішегін ет қосып өру арқылы дайындалған тағамның түрі. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» (1966) жөргем мен жөргек сөзін жөр өлі түбірден туындаған дейді. Солтүстік шығыста қолданылатын «көрпе» сөзі: Тілладан ою бастырған Шұға көрпе жабайық (Ныс. 233); Жалғыз-жарым көрпесі келер сасық (М-Ж. 1 том: 86); Оңтүстік қазақтарының тілінде «көрпе» мағынасында қолданылатын – жуырқан сөзі де тарихи тұрғыдан осы сөзбен түбірлес, екеуі бір ғана түбірдің екі түрлі фонетикалық варианты. Көне түркі тілінде: «йерге – обертывать, заворачивать, наматывать, йергенчү – стеганое одеяло» (ДТС, 276). Радлов: «Сөздігінде» «йөрге – завернуть, закутать... йөргет – велеть завернуть (Т. III Ч.I). Егер соңғы фактілерді ескерсек, қазақ тіліндегі ора етістігі едәуір фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде қалыптасқан түбір. Ора > өр. Ол өзгерістер мына тәрізді: басқы й дыбысының редукциясы, екінші буындағы г (ғ) дыбысының элизиясы. Ал жуырқан сөзінің құрамындағы бұл түбірдің ізі жуыр морфемасынан көрінеді. Мұндағы өзгерістер: й > ж, о > у. Алайда байырғы түбір өз сыпатында жөргек сөзінің құрамында ғана сақталған – дейді (Томанов, 147). Томанов: Ұршық сөзінің бастапқы дыбыстық қалыптасу сипатын: йу (о)р –шық. Осындағы ійір мен ұршық екеуінің ежелгі ізі (йі/у), -р етістік жасайтын жұрнақ дейді. Ол көне түркі тілінде йіг – веретено (ДТС, 260), йігне – ине (ДТС, 261) дейді де йерге туынды етістіктің қимыл есім тұлғасы (-ге). Қазақ тіліндегі ұршық сөзінің абсолют басындағы айтылған й-дің редукциялануы, сөйтіп келесі дауыстының қысаңдауы арқылы барып қалыптасқан. Томанов сөйтіп, ұршық > иір сөзінің о бастағы түбір тұлғасы мен жөргек сөзінің түбір тұлғасы бір екендігін айтады. М. Рясянен: ир ~ ер считать корнем йарын, то й перед начальным гласным следует признать протезой, наличие которой в этой позиции, по мнению наблюдается уже в древнетюркском языке. Позднее с заменой й на ж появляется жар – дейді [9, б.187]. Қазіргі жастар жоғарғы мақалдың мағынасын түсінбей «жүргенге жүз грамм ілігеді» – деп өзгертіп алғандығы қатты қынжылтады. Жалпы, жаурқан (көрпе) жуырқан <>жөргек о бастағы семантикалық мағынасы да, қалыптасу кезеңі де бір, тілдің даму барысында өзгеріске ұшыраған сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |