2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2017 жылғы 20 маусымның № 7 хаттамасы)
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол №7 от 20 июня 2017 года)
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту бойынша
әдістемелік ұсынымдама. Әдістемелік ұсынымдама. – Астана: Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 122 б.
Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная
военная и
технологическая подготовка». Методическая рекомендация. – Астана: НАО
имени И.
Алтынсарина, 2017. – 121 с.
Осы әдістемелік ұсынымдама білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы
әскери және технологиялық дайындық» пәні
бойынша оқу бағдарламалары
негізінде әзірленді. Ұсындамада 10-11-сыныптарға арналған «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәні оқу бағдарламаларының ерекшеліктері,
оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен әдістері көрсетілген. Білім мазмұнын
жаңарту аясында пәнді оқытуда оқу сабақтарын жоспарлау және өткізу
бойынша әдістемелік ұсынымдамалар берілген.
Әдістемелік
ұсынымдама мектеп басшыларына, әдіскерлер мен пән
мұғалімдеріне арналған.
Данные методические рекомендации разработаны на основе учебной
программы по предмету «Начальная военная и технологическая подготовка» в
рамках обновления содержания образования. В рекомендации показаны
особенности учебной программы предмета «Начальная военная и
технологическая подготовка» для 10-11 классов, формы и методы организации
обучения. Даны методические рекомендации по планированию и проведению
учебных занятий при изучении предмета в рамках обновления содержания
образования.
Методические рекомендации предназначены для руководителей школ,
методистов и учителям-предметникам.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2017.
© Национальная академия образования
им. И. Алтынсарина, 2017.
3
Кіріспе
Алғашқы әскери дайындық меншік нысанына, типі мен түріне
қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу
орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге
шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы
жастардың меңгеруге міндетті оқытылатын пәні болып табылады [1].
«
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні –
білім
алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуына тәрбиелеуге
баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің
дағдыларын меңгеруімен қоса әскери іс негіздері мен төтенше жағдайларда
адамның өмір қауіпсіздік әрекетінен білім беруіне бағытталған.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту бойынша
әдістемелік ұсынымдама төрт бөлімнен тұрады:
1-
бөлім - Білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктері.
2-
бөлім - «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
оқу пәнін
оқытуды ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары.
3-
бөлім - Оқу процесінде «Алғашқы әскери және технологиялық
дайындық» кабинетінің, әскери алаңның ресурстарын пайдалану.
4-
бөлім - Білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық» оқу пәнін оқыту
процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктері.
Әдістемелік ұсынымдамада оқу орындарында, далалық оқу жиындарында
алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарын ұйымдастыру
мәселелері, оқу-материал базасын жабдықтауға қойылатын талаптар,
оқытылатын тақырыптар тізімімен кестелер берілген, сондай-ақ оқыту әдістері,
әр бөлімге тесттік тапсырмалар және т.б. қарастырылған.
Ұсынымдамада берілген сабақ өткізу түрлері мен оларды өткізу әдістері
ұсынымдамалық сипатта болып табылады. Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы
жергілікті жердің
ерекшеліктерін, оқу-материал базасының болуы мен жағдайларын, жеке
тәжірибесін, білім алушылардың дайындық деңгейлерін ескере отырып,
Орта
білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты және оқу бағдарламаларында анықталған мақсат-
міндеттерді сапалы орындауды қамтамасыз ететін
басқа да әдіс-тәсілдерді
қолдануына болады [2].