Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам



Pdf көрінісі
бет31/174
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#117393
түріМетодические рекомендации
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   174
Байланысты:
Үйде оқыту

 
3.
«Математика және информатика» білім саласының оқу 
бағдарламалары 
бойынша 
балаларды 
үйде 
оқыту 
ерекшеліктері«Математика және информатика» білім саласы 
 
Республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінде 5-9 сыныптарда 
математиканы оқыту «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
2012 
жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 
бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік 
оқу жоспарлары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін 
пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу 
бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. 
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін жергілікті ұйымдарының 
көрсететін, мемлекеттік қызметі ретінде тегін үйде жеке оқытуы, Қазақстан 
Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 
бұйрығымен бекітілген «Жергілікті атқарушы ұйымдар көрсететін, арнайы білім 
беру саласының мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен» (бұдан әрі стандарт) 
реттеледі. Қарастырылып отырған стандарт «үйде тегін жеке оқыту» қызметінің 
көрсетілуін анықтайды және бірнеше дәйекті кезеңдерді болжайды.
Үйде оқытудың типтік жоспары бойынша математика пәнін игерудің 
апталық жүктемесі 5-6 сыныптарда аптасына 4 сағат (оқу жылына 136 сағат), 7-
9 сыныптарда 3 сағат (оқу жылына 102 сағат) бөлінген. Яғни әр сыныпта 
апталық жүктеме 2 сағатқа кеміген. Үйде жеке оқыту үлгілік оқу жоспарында 
«Информатика» пәнін оқыту қарастырылмаған. 
Осыған байланысты типтік базистік жоспарға сәйкес 5-9 сыныптарда 
математика курсын оқытудың, ал типтік базистік жоспар бойынша 
қарастырылмаса да «Информатика» пәнінен аптасына 0,5 сағат оқу жүктемесіне 
(оқу жылына 17 сағат) арналған келесі тақырыптық үлгілік жоспарларын 
ұсынамыз. 
5-
сынып, Математика 
5-
сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны «Натурал сандар және 
нөл саны», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Жай бөлшектер және оларға 
амалдар қолдану», «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Пайыз» 
тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық 
мазмұнға оқу жылының соңында 5-сыныптағы математика курсын қайталау 
кіреді. 
5-
сыныпта оқытудың міндеттері - жаңа мазмұнның элементтерін кіріктіре 
отырып, оқушылардың бастауыш білім деңгейінде (бастауыш сыныптарда) 
игерген математикалық білімдерін естеріне түсіру, қайталау, тиянақтау және 
жүйелеу; координаталық сәуле, қостеңсіздік, натурал сандар жиыны, ондық 
санау жүйесі, бөлгіш, еселік, жай сан, құрама сан, жұп сан, тақ сан, жай бөлшек, 
жай бөлшекті қысқарту, ондық бөлшек, ондық бөлшектерді дөңгелектеу, пайыз, 
диаграмма ұғымдарын игеру; жай және ондық бөлшектермен арифметикалық 


61 
амалдар орындауда есептеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру
арифметикалық амалдар компоненттерінің өзара байланысын қолдана отырып, 
теңдеулерді шығару біліктігін дамыту; санның пайызын және пайызы бойынша 
санды табу біліктігін қалыптастыру; формулалар арқылы есептеумен таныстыру; 
мәтінді есептерді шығару. 
20-
кесте.
 
5-
сынып математика курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 4 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет