Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты– «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі контекстінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.
Міндеттері:
Оқыту:
- Оқушылардың «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін игеруін қамтамасыз ету;
- оқушылардың (қазақстандық патриотизм, патриоттық акт, «Мәңгілік Ел», азаматтық, ұқсастық, менталдық, жалпы ұлттық бірлік, жалпы ұлттық идея, қоғамдық келісім, төзімділік) ұғымдарын меңгерулеріне көмектесу;
Дамытушылық:
оқушылардың мәселелерді тұжырымдай білулерін дамыту, оларды шешу жолдарын ұсыну;
оқушылардың қатынастық мәдениетін (араласа білу, монологтік және диалогтік сөз құру) дамыту;
сыни ойлау, жеке, топтық жұмысты ұйымдастыру, диалог жүргізе білуді дамыту;
оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
- «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеялар негізінде патриоттық тәрбие міндеттерін шешуге көмектесу;
- жаңа қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық көзқарасты тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу;
- құнды қасиеттерді: қазақ тілін құрметтеу, қазақ халқының, әр халықтың, этникалық топтардың әдет-ғұрпын, дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |