Сабақтың формалары
Сабақ аясында мына жұмыс түрлерін өткізу ұсынылады:
1-4- сыныптарда – саяхат- сабақ, викторина- сабақ, жарыс- сабақ, ойын-сабақ, әңгіме, көрме, сурет конкурсы, фотоколлаж, қолдан жасалған бұйымдар, музыкалық ісшаралар, фестиваль, ұжымдық шығармашылық жұмыс, бейнетурлар ( фильмдер, слайдтар, композициялар көру);
5-9- сыныптарда –сынып сағаты, әдеби-поэтикалық шығарма, пресс-конференция, іскерлік ойын, викторина, конкурс, жарыс, диспут, презентация оқушы жобасы, эссе, фотокөрме, экскурсия, түрлі ұлттардың белгілі адамдарымен кездесу және т.б.;
9-11- сыныптарда – сынып сағаты, рольдік ойындар, оқушылардың жобаларын қорғау, ми шабуылы, пікірталас, дебаттар, саяси сабақ, тренингтер, газет шығару, ауызша журнал, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, құқық қорғау органдарының, саясаттанушы-ғалымдармен, заңгерлермен, тарихшылармен кездесу және т.б.
Сонымен қатар:
сабақты заманауи интерактивтік оқыту формаларын қолданып өткізу;
психолологиялық-жас ерекшелігін, жекебас ерекшелігін, білім алушылардың дайындық деңгейін ескеру;
ән тыңдауды, патриоттық тақырыптағы бейнефильмдерді көруді ұйымдастыру;
Қазақстан тарихының, қазақ әдебиетінің материалдарын, , кинематография, публицистиканың, веб-сайт strategy2050.kz «Қазақстан 2050» терминологиялық анықтамалық материалдарын пайдалану және т.б.;
білім беру ұйымдарында қоғамдағы этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, басқару органдары өкілдерінің, ҚР Парламент және маслихат депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан халқы мектеп Ассамблеясының, соғыс және тыл ардагерлерінің, патриоттар форумының қатысушыларының, «Жас Отан» жастар қанаты және т.б. кездесу ұйымдастыру, «дөңгелек үстел», конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;
этномәдени бірлестіктерге, мұражайларға, мемориалдарға және т.б. қатысу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |