Миология бұлшық еттер Бас пен мойын бұлшық еттері Тұлға бұлшық еттері Қол және аяқ бұлшық еттері

бет3/13
Дата06.06.2023
өлшемі2,02 Mb.
#178357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Миология

Телофрагма (Z-сызығы) миосимпластқа көлденең орналасып, миофибриллалардың құрылымдық бірлігі саркомерлерді шектеп, оларды бір-бірінен бөліп тұрады. Телофрагманы құрайтын протеиндер молекулаларының торы миосимпласт сарколеммасымен байланысып, миофибриллалар үшін тіректік қызмет атқарады. Телофрагманың қалындығы 100 нм. Миофибрилланың көрші екі телофрагма аралығындағы саркомердің қақ ортасында мезофрагма (М-сызығы) орналасады. Мезофрагма да жоғарыда аталған протеиндерден түзілген. Бұлар да тіректік қызмет атқарады. Мезофрагмадан телофрагмаға қарай миозин миофиламенттері, ал телофрагмадан мезофрагмаға қарай актин миофиламенттері бағытталып кездесіп, бір-біріне жанаса кіріп, біраз аралықта параллельді орналасып, кірмелер түзеді. Миофибриллаларды құрайтын миозин мен актин филаменттерінің өзара орналасу орындары ерекше. Диаметрі 10 нм, ұзындығы 1,5 мкм әрбір миозин филаментін, диаметрі 5 нм, ұзындығы 1 мкм алты актин филаменті қоршап жатады. Тек миозин филаментінен құралған М-сызығының екі жағындағы ақшыл аймақты Н-жолақ деп атайды. Телофрагма аймағында миосимпласт сарколеммасы ішке қарай қатпарлана еніп, көлденең түтікшелер (Т-түтікшелерді) түзеді. Олардың құрамына негіздік жарғақ кірмейді. Актин миофиламенттері - изотропты (I) ақшыл дискілерді, миозин миофиламенттері - анизотропты (А) күңгірт дискілерді қүрайды. Осы ақшыл және күңгірт дискілер кезектесе орналасып, миофибриллалардағы миосимпласттың (ет талшықтарының) көлденең жолақтарын жасайды. Себебі, миосимпласттағы барлық миофибриллалардың кезектесе орналасқан ақшыл және күңгірт дискілері бір деңгейде жатып, ет талшығының көлденең жолақтарын түзеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет