Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді. Ыммен адам қуануды, ренжуді, ашуды және т.б. білдіреді. «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деген ұғым осыған байланысты айтылған. Ауыздың айналасындағы бұлшықеттер - ауызды жұмуға, көздің айналасындағы бұлшықеттер қабақты жабуға қатысады. Көздің айналасында қатпарлар пайда болып, қасты жоғары көтереді. Мойынның бұлшықеттері бас пен мойынды бұруға көмектеседі. Ымдау бұлшық еттері тері астында орналасқан, сол себепті ет жапқыш шандырлары болмайды,және олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, бет терісіне бекиді. Ымдау бұлшық еттеріне: 1) маңдай шүйде бұлшық еттері, сіңірлі жапқышпен жалғанған; 2) құлақ еттері-үшке бөлінеді: алдыңғы, жоғарғы және төменгі, олар самай шандырынан басталып құлақ қалқанына бекиді. 3) көздің дөңгелек еті- көз шарасында орналасқан. Ымдау еттеріне үлкен және кіші бұлшық еттер, мұрын, ұрт, қас жиыру, ауыздың дөңгелек еті т.б. еттер жатады. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ-сүйекке бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақсүйек қозғалысқа келіп, тамақты шайнауға, сөйлеуге қатысады. шайнау бұлшық еттеріне: 1) меншікті шайнау еті, бет сүйегінің доғасынан басталып төменгі жақтың бұрышына бекиді; 2) самай еті-самай сүйегінің сырт жағынан басталып,төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді; 3) ішкі және сыртқықанаты ет сына сүйектен басталып, төменгі жақтың өсіндісіне бекиді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ сүйегін қозғалысқа келтіріп, шайнауды қамтамасыз етеді. Үлкен шайнау, самай және қанатша бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақ сүйегі жоғары көтеріліп, жоғарғы жақ сүйегіне жанасады. Ал қосқұрсақты және мойындырықты – жақ бұлшықеттері төменгі жақты түсіреді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ-сүйекке бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақсүйек қозғалысқа келіп, тамақты шайнауға, сөйлеуге қатысады. шайнау бұлшық еттеріне: 1) меншікті шайнау еті, бет сүйегінің доғасынан басталып төменгі жақтың бұрышына бекиді; 2) самай еті-самай сүйегінің сырт жағынан басталып,төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді; 3) ішкі және сыртқықанаты ет сына сүйектен басталып, төменгі жақтың өсіндісіне бекиді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ сүйегін қозғалысқа келтіріп, шайнауды қамтамасыз етеді. Үлкен шайнау, самай және қанатша бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақ сүйегі жоғары көтеріліп, жоғарғы жақ сүйегіне жанасады. Ал қосқұрсақты және мойындырықты – жақ бұлшықеттері төменгі жақты түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |