Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Сүйгізсек боламыз ба сүйкімді біз



бет5/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Сүйгізсек боламыз ба сүйкімді біз,
Ойыңды ашық айтшы, ойын емес.
Ойлайық өмірлік шын сүюді біз.


Ал ақын оған:


Әзірмін. Бірақ алда шақтар әлі
Кездессе тұрмыстың бір шатқалаңы.
Сонда бұл сезімдерің, Асияжан
Қалайша жүрегіңде сақталады.


Міне, ақын кейіпкеріне осы сөзді айтқызып, оларды тұрмыстың шатқалаңына түсіреді.
Мәселе шығарма кейіпкерлерінің күні бұрын айтқан осы сөздерінде ғана болса, оны алып тастау қиынға түспеген болар еді. Алайда, мәселенің қиыны – оқушы күні бұрын біліп, сезіп отырған тұрмыс шаткалаңының мардымсыздығында. Ең алдымен Ақан мен Асия екеуінің арасындағы қолдан жасалған түсініксіздіктер, оқушыны селт еткізе алмайды. Мүмкін, өмірде мұндай, болмашы нәрседен түсініспестік туып кете беретіні болады деп дауласушылар да табылар. Бірақ, социалистік реализм әдісімен жазылған көркем шығарма өмірде болған құбылыстардың барлығын ала бермейтіндігін, типті құбылыстарды ғана алатынын тағы да қайталауға тура келеді. Оның үстіне, шығармаға екі жастың арасындағы түсініспеушілікті негізгі желі етіп алушылықтың өзі әдебиеттегі талайдан бергі схемаға айналған белгілі жай.
Еңбек тақырыбына арналған өндіріс туралы жазылған шығармаларда міндетті түрде парторг жүреді. Мәселе шығармадағы басты кейіпкерлердің бірі парторг болғандығына байланысты емес, солардың бейнелерінің де схемамен шығуында. Олар міндетті түрде ақылшы, міндетті түрде шиеленіскен дауды шешуші. Қарапайым, кішіпейіл етіп көрсету ниетімен ақын оларды жұмыс басына апарып қолына күрек ұстатып не жер қаздырады, не кен қаздырады. Парторгтің өндіріс орындарында, коллектив ортасында өзінің жеке ролі бар. Бірақ парторгтің өзі ең алдымен адам ғой. Адам болғаннан кейін, олардың өз характері, өз ойы болса керек еді. Алайда, қазақ әдебиетіндегі, әсіресе, өндіріс еңбек тақырыптарына жазылған поэмалардағы парторгтер жеке-жеке адамдар емес, олар тек парторгтер. Жазушы парторг осындай болуы керек деген күні бұрын көңіліне ұялаған ойынан аса алмайды. Олардың егіз баладай бір-бірінен айнымай жататыны да осыдан. Мысалы, «Ақан Ахтаевтағы» парторг Русаков пен «Қырда туған құрыштағы» парторг Парамановтың фамилиясынан болмаса, өзіндік мінезінен, ойынан істеген іс-әрекетінен айыруға болмайды. Сондықтан да олардың өздері схема ашамайына мініп отырған соң сөздері де, ақылдары да сол межемен айтылып жатады.
Мұндай схемалық образдар қазақ әдебиетіндегі көптеген поэмалардан бірінде аз, бірінде көп дегендейін ұшырасып отырады.
Бірінің сыртынан бірі арыз жазып, біріне-бірі жала жауып, осының салдарынан түсініспестік туып жүретін жай Ә.Әбішевтің «Кім менің әкем», «Бір семья» пьесаларында кездессе, кейін тартқан қарт пен ілгері сүйреген, жаңашыл жастың арасындағы тартыс Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ә.Тәжібаевтың «Гүлден дала» М.Иманжановтың «Менің махаббатым» т.б. пьесаларында да бір сүрлеуге түсіп, стандартқа айналып бара жатқан жайлары сезіледі. Колхоз председателінің халық, жас агрономының озық келуі, (кәрі педагог пен кәрі ғалым ескішіл, жас педагог пен жас ғалым жаңашыл келуі), немесе содыр тентек баланың міндетті түрде нашар оқып, сыпайы, тәртіпті баланың жақсы оқып, ақырында тентек баланың түрлі тездерге түсіп, түзеліп, сыпайы баланың қатарына қосылуы прозалық шығармаларда да баршылық. М.Қаратаев «Социалистік реализм және қазақ прозасының даму жолдары» деген мақаласында қазақ жазушыларының көбіне ортақ бір мінді дәл, дұрыс байқайды.
«Бір кітабынан екінші кітабы асып түсіп, өмірге ілесе ұдайы өрлеумен, төселумен, машықтанумен келе жатқан талантты прозаикте етек басты бір мін бар. Оны айтпауға болмайды. Бұл бір ғана Ғабиден (Мұстафин – М.Д.) емес, көптеген жазушылардың басында бар кемшілік. Ол өмір материалын дайын қалыпқа салу тәжірибесі. Ғабиденнің күн ілгері жобалаған образдар жүйесіне шақтаған бірнеше дайын қалыпы болатын тәрізді. Сол қалыппен балшықтан өзіне керек формада кірпіш құйғандай автор қолындағы өмір материалынан жоба бойынша қалаған образдарын шығарып отыратын тәрізді. Осы образдардың қалауында жобаға бағынған бір түрлі «тәртіп» бар. Қалып пен тәртіпке өмір шындығы сыймаған немесе көнбеген жағдайда жазушы әрекет орнына баяндамамен толықтырады. Сөйтіп, жазушы бой көрестіп алған соң образдар нанымдылығын кемітіп алады»1. Әдетте біздегі схемаға ұрылатын шығармалардың күні бұрын шығарманың әкелетін құрып, әр кейіпкерлеріне іс-әрекет беріп, оның тағдырын күні бұрын «осылай болады» деп шешіп алып, шығарманы жазу үстінде сол схема бойынша жүріп отырады. Кейіпкерлердің характері, оқиғаның даму барысы басқаша өрбуді керек етіп тұрса да, жазушы оларға ерік бермей, өзінің күні бұрын сызып қойған схемасының еркіне көндіреді. Сондықтан да, өмірдегі шынайы, реалды жағдайлар көбіне еленбей қалып қояды.
Л.Н.Толстой Анна Каренинаның вагон астына түсіп өлгендігін былай деп суреттейді: «Вообще герои и героини мои делают иногда такие штуки, какие я не желал бы: они делают то, что должны делать в действительной жизни и как бывает в действителной жизни а не то, что мне хочется».
Өмір шындығы ешқандай схемаға, стандартқа сыймайды. Нағыз, шын мағынасындағы көркем шығармада өмір әртүрлі қырымен, сырымен жан-жақты, реалды түрде көрінеді.
Формализмнің, натурализмнің, схематизмнің қай-қайсысы болсын, өмірді шынайы көрсете алмайды, совет әдебиетінің партиялығы, халықтығы мәселесіне нұқсан келтіреді, яғни совет әдебиетінің социалистік мазмұнын бұрмалаушылыққа әкеліп соғады.
Әдетте сондай теріс, жалған әдіске түскен шығармалардың негізгі кемшілігі өмірді шынайы көрсете білмеуінде дейміз. Ал, өмірді шынайы көрсету дегеннің өзіне жете мән бермей келе жатқан жай бар.
Егерде, көркем шығармада тек қана өмірдегі кемшілік көрінсе, онда социалистік қоғамның жеңімпаздық қуаты мен күші ескерілмей қалар еді. Бұл сөз жоқ оқушыға социалистік қоғамның даму процесіне сенімсіздік тудырар еді. Ал, өмірдегі тек қана жетістік көрінсе, онда өмір шындығын бояушылыққа (лакировка) жол берілер еді. Бұл сөзсіз оқушыға қоғамды енді ілгері дамытудың керегі жоқ, біздің өмірімізде ешқандай кемшілік жоқ, демек коммунизм үшін күрестің керегі жоқ деген ой тудырар еді. Мұның екеуі де өмір шындығын бұрмалау болып шығады, бұл социалистік реализммен ауытқу болып саналады. Шындықты көрсету, социалистік реализм әдісінің негізгі принципі. Бірақ өмір шындығы дегеннің өзі кең нәрсе. Социалистік реализм әдісінің принципі сол өмір шындығын жинақтап, топтап (обобщение) көрсетуді талап етеді. Айрықша еске алатын жай – өмір шындығын жинақтай суреттегенде революциялық даму тұрғысынан ғана көрсету керектігі. Мұны қалай түсінуге болады? Айталық социалистік қоғамдағы өмір сүріп отырған совет адамдарының бойында ізгі асыл қасиеттер бар да, сонымен бірге, олардың ішінде әртүрлі кертартпа жандар бар. Яғни советтік құрылыста мол жетістік те бар, сонымен бірге, кемшіліктер де бар. Екеуі де заман шындығы. Егерде совет адамдарының ерлік ісін, бай рухани дүниесін, биік гуманизмін, таза моральдық қасиетін жылы жауып қойып, оның орнына пайдакүнем, жағымпаз, маскүнем сияқты жат мінезді кемшіліктерін көрсетсе, әрине мұны шындық емес, жалған нәрсе деп ешкім айта алмайды. Өйткені мұндай жандар совет адамдарының арасынан әлі де кездеседі. Феодализмнің, капитализмнің санадағы сарқыншақтарының жаны сірі болғандығы соншалықты, олар жеңіл-желпі күреспен ада бола бермейді. Бірақ осы шындықты біздің дәуіріміз тудырып отырған типті құбылыс еді деп түйіндеу жасаса, бұл жалған шындыққа айналар еді. Социалистік қоғам капиталистік қоғамды қиратып, оның буржуазиялық кертартпа идеологиясын, ескі салт-санасы мен әдет-ғұрпына қарсы күресе отырып, халықтардың озық, прогрессивті идеясын, әдет-ғұрпын, ілгері дамытты. Халықты ұлттық езгіден, таптық езгіден азат етті. Қазақ халқы капитализмге соқпай бірден социалистік қоғам орнатуға көшті. Міне, осы ескі қоғамның қара түнегі орнап тұрған кезеңмен елімізде социализм толық жеңіп отырған кезеңімен салыстырып көрейікші. Социалистік қоғамдағы ұлы жеңістерді феодализммен және капитализммен салыстырғанда революциялық өзгеріс болды. Буржуазилық қоғам үшін заңды болып саналған ескі әдет-ғұрыптар қазір мүлде жойылды. Бірақ оның санадағы сарқыншақтары әлі де болса бар. Күрес қазір сол жаңа мен санадағы сарқыншақтар арасында болып отыр.
Санадағы ескінің қалдығы күні бітіп, дәурені өтіп бара жатқан, біздің қоғамда уақытша ғана өмір сүріп келе жатқан жат қылық. Ол біздің заман тудырған шындығы болмағандықтан да, одан қазіргі дәуірге тән құбылыс еді деп түйіндеу жасау шынайы шындықты бұрмалауға алып келеді, жалған шындыққа жол береді.
Социалистік құрылыс азғантай уақыт ішінде адам игілігі үшін орасан зор жұмыстар істеп үлгіргенде, енді бұдан бірнеше жылдан кейін біздің қоғамымыз қандай болады деп жарқын болашақтың тамаша жетістігіне ой жіберіп көруге де болады. Совет халқы бүгінгі күні елімізде коммунистік құрылыстың негізін жасап жатса, қазіргі даму қарқынмен көп ұзамай сол озық ойлы, адам баласы арман еткен коммунизмнің көптеген принциптері жеңіп шығатыны да ақиқат. Социалистік қоғамның бүкіл құрылысы тек озық идеяны уағыздауға, адамзат бақыты үшін еңбек етуге мүмкіндік тудырып отырғанда кешегі мен бүгінгіні салыстырсақ, қаншалықты ілгері басқанымызды көреміз. Ал бүгінгі мен ертеңгімізді ой таразысына салсақ, бұдан да артық болатынын сеземіз. Өйткені социалистік құрылыстың бүкіл табиғаты осыған алып келеді. Сондықтан да заман шындығын көрсету үшін затқа, құбылысқа кездейсоқ, жалған шындық тұрғысынан емес, тарихи тұрғыдан, бүгінгі ғана емес ертеңгі күннің тұрғысынан қарау шарт. Өмір шындығын революциялық даму тұрғысынан көрсету осыны міндеттейді. Үстірт қараған кісіге біздің қоғамымыздың әлі де орын алып келе жатқан кейбір ескінің сарқыншақтары мен кемшіліктерді көрсетудің қажеті бола қоярма екен деген сыңаржақ ой тууы мүмкін. Бірақ, байыппен қарасақ кемшілікті көрсетпеу керек деген ұғым тумасқа керек. Ілгері басқан аяқты кейін тартатын кертартпа идеяның қандай түрлеріне болса да аяусыз соққы беру, оның халық алдында әшкере ету – социалистік реализм әдебиетінің басты принциптерінің бірі.
Бірақ бір жайды ескеру шарт. Қемшілікті көрсетемін деп, сол кемшіліктерді социалистік қоғам тудырған типті құбылыс дәрежесіне көтеріп, бүгінгі заман тудырған озық идеал, асыл қасиеттер сол кемшіліктің көлеңкесінде қалып қойса жоғарыда айтқанымыздай жалған шындыққа бет бұруға мәжбүр етеді. Сондықтан да ескі кертартпа кемшіліктерді әшкере ету, соққы берудің жолын таба білу басты шарттың бірі. Бұл жерде, сөз етіп отыратын негізгі объектісі сол кемшілік, кертартпа идеялар болып келетін сатира жанрына тоқталмай өтуге болмас еді. Бүгінгі күннің кемшіліктерін сынап әшкерелейтін сатириктерге кейде, дәуіріміздің жетістігі мен жақсылығын жазбайды, оны көрмейді деген орынсыз кінә тағатын жайлар аракідік кездеспей қалмайды. Сатира ол қалайда сынап-мінеп, күйдіріп, өртеп отырады. Ондай қуаты болмаса шығарма сатира бола алмақ емес. Мәселе сатираның сынағыш күшімен бірге, оның нені сынауына байланысты. Жазушы өзінің шығармасында бір құбылысты немесе адам мінезінің бір қылықтарын сынағанда қандай идеал, қандай эстетикалық талғам тұрғысынан сынайды? Мысалы, жағымпаздық, мансапқорлық біздің қоғамдық құрылысымызға, біздің идеологиямызға жат қылық. Алайда, біздің арамызда ол бар. Ендеше, біздің эстетикалық идеалымызға жат нәрсе сыналғанда жақсылығы, құндылығы үшін емес, жаттығы, кертартпалығы үшін сыналады. Міне, осы сын арқылы жазушы өзінің идеясын уағыздап, сол үшін күресіп отыр. Олай болса сатиралық шығармаларда кертартпа нәрсенің барлығы сыналғанда, белгілі бір эстетикалық талғам тұрғысынан сыналатындығын ұмытпау керек. Ә.Тәжібаевтың «Қағанақ» деген сықақ өлеңін алайықшы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет