Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет63/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Ауылдың алды айдын көл,
Айдың көлде шағала,
Айдың көлді жағала,
Айнала қонған қалың ел.


Ауылдың алды абайла,
Ауылдың алды ұлы көш,
Алдыңда өткел, оны кеш,
Аяңда ауыл, аяңда!


Ауылдың алды айқын жол,
Айқындар ауыл, аңырмас.
Аңыртпай бастар бауырлас
Қозғалармыз қалың қол.


Ауылдың алды асқар тау,
Асқар таудан асармыз.
Асып жайлы жасармыз,
Ел ержетіп есен-сауI.

Ілиястың «Ауылдың алды» атты өлеңіне Әбділда Тәжібаев былай деп баға береді:


«Лирикалық сезімін эиикалық дәрежеде жырлайтын Ілияс өлеңдерінің жаңа сапасы осылай басталады. Он алты жолдық шығарманың сыртқы құрылысы мен үндестігі де, ішкі мазмұн ырғағы да бір кісінің демінен туған, стильдік ала-құлалығы жоқ дүние. Өлеңнің қозғалыс, тыныс жағынан алсақ үлкен дастанның асыл сынығы тәрізді. Ірі меңзегіш ойлар екпінді сөздердің дауылы мен ұшып бара жатқандай. Ауыл көшінің қозғалысы батырлар жырының бөлшегіндей...»II.
Лирикалық поэзияға сюжет енгізуде қазақ ақындарының творчествосында болған бір кемшілік – өлеңнің композициялық құрылысына ақау түсіру, кейде лирикаға тән жылылықтан айырылып қалу, айтқалы отырған жақсы ойдың оқушыға дәл жетпей бытырап-шашыраңқы шығуы т.б. Қазақ поэзиясына тән осы ортақ кемшілік I.Жансүгіровтің творчествосынан да орын алды. Бұл қазақ өмірінде бұрын-соңды болмаған, қазақ жұртшылығына бейтаныс – завод, фабрика, техника туралы өлеңдерінде әсіресе көп кездеседі. Паравозды, машинаны, баспахананы, станокты жырлағанда ақындар оның винттерін, оның қозғалысын тамашалап, бәрін тәптіштеп суреттеуді әдетке айналдырды. Мұның, әрине, себебі бар. Станокті «Станок» деп жырлағанмен оны бұрын көрмеген адамға ешқандай әсер етпейтіні сөзсіз. Сондықтан да ақын тәптіштей суреттеп, көрмедегі экскурсоводтың қызметін амалсыз атқарып кетеді. Ал, халық сол паровозды өзі айдап, станокты өзі меңгерген кезде, ақын паровозды айғырға, станокты тағы бірдеңеге теңемейді, керісінше, екінші бір нәрсені паровоз бен станоктың өзіне теңейді. Демек, өндіріс орындарын, техника саласын жырлауда ақындардың қиыншылыққа ұшырағанын түсіне-ұғына отырсақ та, экскурсоводтық қызмет атқарағанын ақтауға болмас еді. I.Жансүгіровтің «Заводта» өлеңіндегі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет