Түркілік «от» ұғымының этимологиясы¹



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата19.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#181622
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Zhalmakhanov



40
№ 2(135)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Филология сериясы
ISSN 2616-678Х еISSN 2663-1288
Ш.Ш. Жалмаханов
1
*
А.Е. Жартыбаев
2
1
Қарағанды медицина университеті, Қарағанды, Қазақстан
2
Silkway Халықаралық университеті, Шымкент, Қазақстан
*Байланыс үшін автор: szhalmakhanov@bk.ru
ХҒТАР 16.21.5
Түркілік «от» ұғымының этимологиясы¹ 
Аңдатпа.
Тіліміздегі көптеген лексикалық бірліктер мен олардың мағыналарының 
төркіні мен тарихына этимологиялық талдаулар жүргізілуі керек. Ал этимология те-
ориялық негіздеуді, талдаудың әдістемелік жетілуін талап етеді. Белгілі бір сөздің не-
месе сөздердің төркіні мен тарихын анықтау мақсатын орындау үшін сөздердің бірінің 
бастапқы мағынасын, екінші бір сөздің басқа мағыналарын, үшінші бір сөздердің лек-
сикалық немесе фразеологиялық тіркес, мақал-мәтелдер құрамындағы мағыналарын 
талдау, жинақтау және жүйелеу қажет. Бұл мақсат-міндеттердің лингвистика та-
рихында қарастырылуы ғылым пайда болғалы бар десе де болады. Себебі сөздердің төркіні 
мен тарихы адам баласын тәжірибелік, ғалымдарды ғылыми тұрғыларда қызықтырып 
отырған. Ізденістің негізгі нысаны сөз мағынасының тарихы болғандықтан, ретроспек-
тивалық әдістің синхрония-диахрония, анализ-синтез, индукция-дедукция, жекелеп 
және кешенді талдау тәсілдері кеңінен қолданылады.
 Мақалада түркі тілдеріне ортақ «от» түбір сөзінің түбір сөз, туынды сөз, лексикалық 
тіркес, фразеологиялық тіркес құрамындағы лексикалық және грамматикалық мағына-
лары мен грамматикалық формалары толық есепке алына отырып, түркі жазба ескерт-
кіштері мен қазіргі түркі тілдерінің материалдары түгел талдау нысанына айналды. 
Этимонның этимологиясын зерттеу сөз семантикасы, семантикалық деривация, дери-
вациялық процесс, реконструкция түрлері және семантикалық реконструкция және 
сөз этимологиясының негізі – компаративистика деген 5 тағаннан тұрады. Этимоло-
гиялық талдау жасалатын сөз фонемалық, морфемалық, лексемалық және синтагмалық 
деңгейлерде, яғни кешенді түрде талданды.
Түркі «от» ұғымының этимологиясын сөз семантикасы, сөз тіркесі семантикасы, 
түбір сөз семантикасы, туынды сөз семантикасы, күрделі сөз семантикасы тұрғыла-
рынан талдай отырып, «от» семасының архисемасы – «өсімдік» мағынасы деген түйін 
жасауға болады.
Түйін сөздер:
 сөз мағынасының төркіні мен тарихы, түркі жазба ескерткіштері мен 
қазіргі түркі тілдері, этимологиялық реконструкция, фоно-морфо-синтагма-семанти-
калық өріс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет