Түркілік «от» ұғымының этимологиясы¹


Зерттеудің  мақсат-міндеттері



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата19.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#181622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Zhalmakhanov

Зерттеудің 
мақсат-міндеттері 
мен 
әдістері
Тіліміздегі көптеген лексикалық бірліктер 
этимологиялық талдауды және мағыналарын 
түсіндіруді 
қажет 
етеді. 
Этимология 
теориялық негіздеуді, талдаудың әдістемелік 
жетілуін талап етеді. Лексикамыздың 
семантикалық деривациясын этимологиялық 
талдаудың 
мақсат-міндеттеріне 
сәйкес 
реконструкциялаудың барлық әдіс-тәсілдері 
мен элементтері қолданыла бермеуі мүмкін. 
Соған байланысты мағыналары күңгірттенген 
(деэтимологизацияланған) сөздердің бірінің 
бастапқы мағынасын, екінші бір сөздің 
басқа мағыналарын айқындау керек болады. 
Үшінші бір сөздердің лексикалық немесе 
фразеологиялық тіркес, мақал-мәтелдер 
құрамындағы қазір деэтимологизацияланған 
сөздерді анықтау қажет болады. Көне, орта 
ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштері 
мен қазіргі түркі тілдерінің деректері: 1) 
сөздердің 
фонетикалық 
модификация, 
гомогенді морфологиялық синонимдер және 
грамматикалық коррелятивтер жиынтығын, 
2) 
оның 
фоно-морфо-семантикалық 
өрісін тану арқылы ғана анықталады. 
Мұндағы 
лексикалық 
негіздің 
фоно-
морфо-семантикалық өріс – фонетикалық, 
морфемалық модификациялардың, негізгі 
және көне мағыналардың этимологиясы – 
қарастырылып отырған лексикалық негізден 
туындаған сөздердің жиынтығы [3,3]. Түркі 
тілдері лексикасының түбір сөздерінде 
бастапқы, негізгі мағыналардың, ал туынды 
сөздерде негізгі, бастапқы мағыналардың 
белгілері сақталады. Сондықтан түбірдің 
бастапқы мағыналарын айқындауда туынды 
негіздерді, түбір немесе оның бастапқы 
мағынасы қолданудан шығып қалған жағдайда 
түбір мен оның бастапқы мағынасын туынды 
негіздердегі кейінгі мағыналар арқылы да 
қайта қалпына келтіруге болады (4,44).
Ш.Ш. Жалмаханов, А.Е. Жартыбаев


42
№ 2(135)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Филология сериясы
ISSN 2616-678Х еISSN 2663-1288
Түркілік «от» ұғымының этимологиясы
Лексикалық семантиканың деривациясын 
тарихи тұрғыда зерттемей тарихи процесс 
нәтижесі болып табылатын түркілік ортақ 
лексиканың семантикалық өзгерулерінің 
себеп-салдарларын, 
заңдылықтары 
мен 
ережелерін, жолдары, типтері мен түрлерін 
айқындап, 
құрамы, 
құрылымы 
және 
жүйесін белгілеу мүмкін емес. Лексиканың 
семантикалық деривациясы тілдік процесс 
ретінде тарихи дәуірлері (V-ХІV ғғ.), тілдік 
фактілері (түркі жазба ескерткіштері және 
қазіргі түркі тілдері) салыстырмалы және 
тарихи-салыстырмалы аспектілерде зерттеуді 
қажет етеді. Сондықтан да ізденісіміздің 
материалы – «от» этимонын түркі жазба 
ескерткіштері, 
қазіргі 
түркі 
тілдері 
мәліметтері негізінде талдаймыз.
Зерттеудің тарихы.
Сөз мағынасының 
тарихи өзгерістері семантикалық деривация 
теориясының негізінде ғана зерттеліп, 
зерделенбек. Сондықтан да семантикалық 
деривация теориясының негіздеріне талдау 
шолу жасау қажет. Орыс лексикологы 
Ф.П.Филин ескерткендей, түркі лексикасының 
семантикалық деривациясын толық зерттеу, 
зерттеп тастау мүмкін емес, себебі: а) ең 
қажетті, жиі қолданылды деген сөздің өзі жазба 
ескерткіштерге түспеуі мүмкін, ә) сөздіктер 
мен картотекаларда барлық сөздер жиналған 
жоқ, б) көптеген сөздер деэтимологизацияға 
ұшырап кеткен [5,5], в) тарихи фонетикада 
тіл 
дыбысы, 
тарихи 
грамматикада 
морфологиялық формалар мен синтаксистік 
конструкциялау санаулы да, тілдегі сөз көп. 
Оның үстіне сөздік құрамға бір-біріне қарама-
қайшы көлемділік, өзгергіштік, сақталғыштық 
және тұрақтылық деген 4 қасиет тән [5,3-4]. 
Сондықтан да А.М.Щербак «Совершенно 
особое и относительно самостоятельное 
направление этимологических исследований 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет