Түркілік «от» ұғымының этимологиясы¹



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата19.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#181622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Zhalmakhanov
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, 4-ТОМ, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, b212, 830321
Ш.Ш. Жалмаханов, А.Е. Жартыбаев


46
№ 2(135)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Филология сериясы
ISSN 2616-678Х еISSN 2663-1288
этимологиясын танудағы реконструкцияның 
маңызын белгілейді.
Мағыналық 
байланыстағы 
сөздердің 
тектестігі мен төркіндестігінің тарихын 
айқындау үшін, салыстырылатын сөздерді 
қазіргі тілдер мен туыс тілдердің түрлі 
тарихи кезеңдердегі мәліметтердің тектестігі 
мен 
төркіндестігінің 
ықтималдылығын 
анықтау үшін бастапқы мағына, оның 
қандай өзгерістерге ұшырағанын, қандай 
зат-құбылыстардың атауы болғандығын білу
болмаса болжай білу, анық аналогияларға 
сүйене отырып, ескерткіштердің мәліметтерін, 
оның фонетикалық заңдарын пайдаланып 
көне түрін реконструкциялау қажет [24,165]. 
Фонетикалық заңдар, біріншіден, сөздің көне 
тұлғасын қалпына келтірумен қатар оның
мағыналық ассоциясын анықтаудың құралы, 
екіншіден мағыналарды бір-біріне кездейсоқ 
жақындастыруға, қисынсыз байланыстыруға 
жол бермейді [24,166]. Поляк лингвисі 
Ф.Славский: «Огромную ценность для 
этимологических исследований представляет 
детальное знание и ареала распространения 
по возможности в найболее отдаленное 
прошлое нередко позволяет пройзвести 
реконструкцию первичной морфологической 
или семантической мотевации» [25, 56] дейді.
Реконструкция мен этимология – бір-
бірімен тығыз байланысты ққбылыстар. 
Реконструкция этимология жасау үшін 
қажет, этимология реконструкция арқылы 
іске асады. Зерттеуші Б.И.Татаринцевтің 
пайымдауынша, 
сөз 
этимологиясын 
айқындау үшін: 1) лексикалық-семантикалық 
сипаты, 2) сөздің тіл ішіндегі, туыс тілдер 
аралығындағы мән-мағыналық байланыстары 
(ұқсастықтары 
мен 
ерекшеліктері), 
3) 
семантикалық реконструкциясы жасалуы, 
4) белгілі бір объектінің белгілі бір 
сөзбен 
таңбалануының 
диахрониялық 
тұрғыда негізгі немесе дәйектеуші екені 
(ономасиологиялық экскурс жасау) қатаң 
есепке алынуы керек [26,35] Семантикалық 
реконструкция дегеніміз – дәйектеуші 
семантикалық белгі. Семантикалық белгі 
сема деп те, мағына компоненті деп те, немесе 
мағына деп те аталуы мүмкін. Семантикалық 
реконструкцияны дєйектеуші семантикалық 
белгілер 
негізінде 
жүргізбегендіктен, 
этимологиялық талдаулар мен зерттеулерде 
орын алып жүрген 4 кемшілік бар. Бірінші 
кемшілік – семантикалық реконструкция 
жасау үшін дәйектеуші семантикалық 
белгілерді айқындамастан, яғни мазмұндық 
жағына көңіл аударылмастан, фонетикалық 
заңдылықтар негізінде ғана архетиптер, 
праформаларды анықтауды этимологиялау 
деп есептеу. Екінші кемшілік – бірнеше 
туыс және туыс емес тілдерден мысалдар 
келтіріп салыстырады, зерттеушілердің бұл 
сөздердің этимологиясы жөніндегі пікірлерін 
келтіріп, автордың өзі кейбір келіспейтін 
тұстарын баяндайды, яғни этимолог тағы да 
этимологиялық шешімге және дәйектеуші 
семантикалық белгіні реконструкциялауға 
жетпей «жығылады» деген сөз, үшінші, 
төртінші кемшіліктерге ортақ осалдық – 
дәйектеуші семантикалық белгілерді табуға 
талпыныс жасалып, оларды дұрыс таппау, 
этимологтың ойын тұйыққа тіреуі. Үшінші 
кемшілікті, нақтылай айтқанда, дәйектеуші 
семантикалық 
белгі 
ретінде 
жанама, 
көмекші немесе туынды белгілердің алынуы. 
Төртінші кемшілік – бірнеше дәйектеуші 
семантикалық белгі санамаланып, олардың 
қайсысының 
негізге 
алынатындығының 
айқындалмайтындығы [26,36-40].
Демек 
семантикалық 
деривация 
процесін реконструкциялау түркі жазба 
ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдері және 
қазақ тіліне ортақ жалпы түркілік немесе 
түркі тілдері аралық лексиканың толық 
тізбесін, лексикографиялық түзілімін жасап, 
гомогенді, генетикалық тектес түбір, негіз 
морфемаларды семантикалық аспектіде 
салыстыру және тарихи-салыстыру жүргізіліп, 
этимологизациялануға тиіс сөздердің тарихы 
мен төркінін дәуірлік, ескерткіштік және 
тілдік ерекшеліктерін ескере отырып табамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет