41
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series
Кіріспе
Сөздің мағынасы – адамның өмірі,
халықтың тағдыры, қоғамның өзгерістері,
табиғаттың құбылыстары секілді күрделі
құбылыс. Өмірбаян, тағдыр, тарих сияқты
сан алуан. Тағдырдың тарихи талайын тану
қиын, болашағын болжау мүмкін емес. Ал
сөз мағынасының жүйелі заңдылықтары
мен ережелерін ретроспективалық әдіспен
талдауға, тануға болады. Тарихи семантикалық
деривациясы танып-білу, зерттеп-зерделеуден
өтпеген тіл лексикасы – өмірбаяны жоқ адам,
тарихы жоқ халық, заңы жоқ қоғам тәріздес.
Тарих жеке бір құбылыс немесе бірнеше
құбылыстың жиынтығы емес, ол тарихи
кезеңдер мен дәуірлерді тарихи салыстырудан
басталады. Сондықтан да қазақ тілінің
семасиологиясын, оның ішінде сөздердің
мән-мағыналарының өзгеруін, диахрондық
тұрғыда түркі тілдерінің және қазақ тілінің
тарихымен салыстыра қарастыру қажет.
Семасиологиялық
құбылыстарды,
яғни
түркі жазба ескерткіштері, қазіргі түркі
тілдері және қазақ тілі материалдарының
негізінде, олардың арасындағы семасиоло-
гиялық ортақ заңдылықтарды айқындаған
жөн. Түркі лексикасындағы дыбыстық
құрамы ұқсас, бірақ мағыналары басқа және
мағынасы да, дыбыстық құрамы да бірдей
сөздердің тарихи мазмұндық байланысын
табу ләзім. Себебі тілдердің туыстығының
материалдық көрсеткіші – сөз ортақтығы,
ұқсастығы, идеялық көрсеткіші – сөздердің
мән-мағыналарының жуықтығы, бірдейлігі.
Көне және орта ғасырлардағы түркі
ескерткіштерінің қазіргі түркі тілдерінің
барлығына қатысты екендігі белгілі. Олардың
барлығын ортақтастырып тұрған тектес,
төркіндес, туыс екенін айғақтайтын басты
тілдік факті – «түркі» деп аталатын тілдердің
сөздік қоры, яғни тілдер туыстығының басты
белгісі – сөздер ортақтығы. «Тіл тарихын
жете білу үшін фонетикалық сәйкестікпен
бірге сөздердің семантикалық жақтан
өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке
алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде
фонетикалық заңдар мен семантикалық
заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын,
оның даму жолдарын танып-білудің кілті» [1,
332 б.]. Немесе «салыстырылатын сөздердің
бір жағынан мағыналары ескерілсе, екінші
жағынан дыбыстар заңы ескерілуі керек» [2,
22].
Достарыңызбен бөлісу: