Түркілік «от» ұғымының этимологиясы¹



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата19.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#181622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Zhalmakhanov
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, 4-ТОМ, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, b212, 830321
б) практикалық 
мақсаттары:
1) түркі жазба ескерткіштерінде 
сақталған 
түркі 
лексикасының 
санын 
анықтау; 2) осы түрлі тарихи кезеңдер мен 
дәуірлердегі өзгерістердің сөздің лексикалық 
семантикасына әсер етуінің сапасын айқындау, 
3) 
оларды 
хронологиялық 
тәртіппен 
тізбелеп, сөздерді «инвентаризация» жасау, 
4) нәтижесінде түркі лексикасының тарихи-
салыстырмалы семантикалық сөздігінің үлгі-
жобасын жасау.
Тілдік материалдарды талдау, жүйелеу–
зерттеу кезінде анықталатын құбылыстар 
болады. Оның заңдылықтарын түсіндіруде 
қиындықтар кездеседі. Оның 3 себебі бар. 
Олар: 1) ізденіс фактілерінің жеткіліксіздігі
2) ізденістің әдіс-тәсілдерінің жетілмегендігі 
[7,4]; 3) тілдік фактінің құбылыс ретінде 
қалыптаспағандығы. 
Көне және орта ғасырлардағы түркі 
тілдерінің фонетикалық, грамматикалық 
бастапқы 
күйін 
қалпына 
келтіре 
алмайтынымыз секілді, ол ескерткіштер 
тіліндегі түркі лексикасының семантикалық 
күйін де түгелдей реконструкциялау мүмкін 
емес. Дегенмен де олардың заңдылықтарын, 
жүйесін айқындау міндет. Онсыз лексиканың 
семантикалық тарихы болмайды. Ал тарихсыз 
құбылыс болмайды.
Түркі 
лексикасының 
семантикалық 
деривациясын 
зерттеу 
лексиканың 
семантикалық өзгеруінің негізгі үрдістерін 
анықтау, түркі жазба ескерткіштерінің 
қазіргі қазақ және қазіргі түркі тілдерімен 
генетикалық байланыстарын белгілеу қажет. 
В.Г.Кондратьевтің сөзімен айтқанда: «При 
сопоставлении различных словарей тюркских 
языков необходимо учитывать их наиболее 
существенные отличительные особенности в 
совокупности. При установлении генетических 
связей между тюркскими языками следует 
принимать во внимание только те общие 
черты, которые сближают сопоставляемые 
языки и в то же время отличают их от других 
тюркских языков» [10,5]. «Сөздердің ...ішкі 
мағыналық жағын пайымдау үшін, сөздің 
семантикалық құрылымын толық зерттеу 
қажет» [11,75-76].
Лексикалық 
қорды 
салыстырмалы-
тарихи аспектіде зерттеу үшін: а) көне 
сөздік қордан белгілі бір сөздер тобын 
бөліп алып, ә) сөздердің даму, өзгеру 
заңдылықтарын айқындап, б) оларды 
семантикалық процесін жеке тіл немесе жеке 
тіл топтарының материалында зерттеу керек. 
Бұл салыстырмалы-тарихи лексикологияның 
негізін құрайды [12,41]. Себебі «каждый 
синхронный срез языка представляет собой 
совокупность данных, свидетельствующих 
не только о фиксируемой структуре 
языка, но также и о предшествовавших ей 
состояниях» [13,12]. «... Надо привлекать 
любые источники, и чем больше их, тем шире 
Ш.Ш. Жалмаханов, А.Е. Жартыбаев


44
№ 2(135)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Филология сериясы
ISSN 2616-678Х еISSN 2663-1288
удается охватить лексический материал» [6,8]. 
«Чем больше углубиться в прошлое, чем 
больше собрать исторического материала
тем больше шансов для удачного толкования 
исследуемого слова» [14,56]. Бұл сөздер бұдан 
былай: «түркі жазба ескерткіштеріндегі 
қазіргі түркі тілдеріне ортақ лексика» деген 
шартты атаумен топтастырылады. «Түркі 
жазба ескерткіштеріндегі қазіргі түркі 
тілдеріне ортақ лексика» деген атаудың 
шартты болуының себебі – түркі жазба 
ескерткіштерінің лексикасы 1) барлық түркі 
тілдеріне ортақ, 2) бірнеше түркі тіліне 
ортақ, 3) кейбір түркі тілдеріне ортақ, 4) бір 
ғана тіліне тиесілі болып келетіндігі. Жалпы, 
Л.Блумфильдтің тілді, М.М.Покровскийдің 
сөз мағынасын зерттеуді фонология мен 
формадан және фонетикадан бастау керек 
деген түйіндері [15,164] үнемі қолайлы, тиімді, 
дұрыс бола бермейді. Себебі, біріншіден, 
сөз дыбыстардан құралғанмен, сөз мағынасы 
дыбыстардан 
құралмайды, 
екіншіден, 
тіл білімі тіл дыбыстарын зерттеуден 
басталғанмен, 
тіл 
сөзден 
басталады, 
үшіншіден, лингвистиканың лексикология 
саласы мен оның семасиология тармағы сөзді 
зерттейді. Біз «түркі лексикасы» деп отырған 
сөздер жоғарыдағы 4 топтың құрамында да 
болуы мүмкін.
Тарихи 
лексикология 
мен 
тарихи 
семасиология 
бір-бірінен 
ажырамас 
бірліктегі, тығыз байланысты сала-тармақтар 
болғанымен, 
олардың 
өзіндік 
зерттеу 
нысандары бар. Бұл сала-тармақтардың бір-
біріне бағынышты байланыста болуының 
басты 
себебі 
– 
сөздің 
(лексеманың) 
мағынасыз, 
мағынаның 
(семеманың) 
сөзден тыс болмайтындығында, сөзбен 
таңбаланатындығында. Демек сөзсіз мағына, 
мағынасыз сөз болмайды. Олар табиғи 
бірлікте. Ал тарихи семасиология мен 
тарихи лексикологияның бір-бірінен ара 
қатынасының ажырайтын тұсы тарихи
дәуірлер мен кезеңдер, түрлі тарихи процестер 
нәтижесінде сөз мағынасынан, мағына сөзден 
ажырайды. Сөздің білдіретін мағынасы, 
мағынаны таңбалайтын сөз өзгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет