Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет59/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Бейне біткен қайыңдай.
Білегі мінсіз балғынның.
Ақша төсі айдындай,
Шашы сенің шалғының.
Қасы сенің қабағың,
Лебі сенің лебіңдей.
Саусағы сенің шабағың,
Шынтағы шыбық өрімдей75.


Осы екі шумақтағы салыстыра шендестірулер ақынның тапқырлығын танытатын сияқты, ауыз әдебиетінде әдетте сұлу қыздың білегі «ай балтаның сабындай» болып келетін дәстүрлі теңулер Ілияс үшін жаңалық емес. Ол осындай бейнелеудің жаңа бір үлгілерін, жаңа бір бояуларын табуға тырысқан, оны таба да білген. Жоғарыда келтірілген екі шумақта сұлу қыз – сұлу көлге, сұлу көл – сұлу қызға айналып кетіп отыр. Балғын сұлудың білегі – көл жиегіндегі ақ қайың, сұлудың шашы – көлдің шалғыны, немесе сұлудың саусағы – көлдің шабағындай. Енді бірде ақын көлге:

Көмкеруің көк көгал,


Күлімдеген күміс көл.
Кенерең кесте – құрақ, тал,
Кестеңді өртер күзгі жел76, –
дейді.
Осындағы балғын сұлуға күлімдеген күміс көлдің өзі бір сурет. «Көмкерілген көк көгал» да дәл табылған бейне. Кенередегі түрлі түсті құрақ-талдардың кестесіндей түрленіп тұруы да жарасымды-ақ. Осыншама тың, соны, қанық бояумен бояп, тамаша пейзаж жасап отырған суретші ақынның күзгі желді бейне бір өртке теңеп, әлгі кестелерді өртетуі – оның ақындық, суреткерлік, живописецтік күш-қуатының қаншалықты дәрежеде екеніне айғақ бола алады. Мысалға келтірілген шумақтан белгілі бір мезгілдегі табиғат көрінісін көз алдымызға елестетеміз. Мұның өзі де тек жай салына салған пейзаж емес, онда да өсу, ілгерілеу бар, яғни жан бар, өмір бар.
Ілияс лирикасының бояуы қанық дегенде, біз ең алдымен осындай жайларды айтамыз. I.Жансүгіровтің «Алатау», «Демеймін төгілейін, ағылайын» «Көгілжім жердің кенері», «Айдаушы», «Домбыра» деген лирикалары бұрынғы көптеген өлеңдерімен салыстыра қарағанда бас-аяғы жинақы, артық жолдар, көлденең ойлар жоқ, айтайын дегенін түйіп, жүрек сезіміне орап, жып-жинақы, жып-жылы етіп берген. Сондықтан да бұл өлеңдердің Ілиястың толғау, термелеріндей емес, көлемі жағынан қысқарып, әрбір жол, әрбір сөз өз орнына қаланып, ойды жеткізуге өзінше қызмет атқарып тұрғанын көреміз.
Белгілі бір оқиға, белгілі бір құбылыс лирикалық геройдың сезімі арқылы көрінетіндіктен де шағын көлемді лирикалық шығарманың композициялық кұрылысы кейбіреулерге онша күрделі көрінбейтіндей сезілуі мүмкін. Ал, бұл жанрдың байыбына барған кісіге лирикалық поэзияда соны ой, үйірімді тілі, шынайы сезімі болу қандай шарт болса, осының барлығын жымдастырып, қиюластырып, оқушы зердесіне жеткізетін жинақы композиция да сондай қажет. Композициялық арқауы ыдырап жатқан лириканың әсері күшті болмайтыны даусыз.
Әрбір жеке шығармаларға жалпы баға бергенде, өлеңнің көптеген шарттары мен композициялық жинақылығын бір-бірімен байланысты түрде, тұтас күйде алып қарау шарт.
Лирикалық поэзия композициясының түрлері әр алуан. Кейде бір өлең бір ғана мотивпен, бір ғана ойды айтса, бір ғана сезімді білдірсе, кейде бір өлеңнің өзінде мотив әлденеше өзгеріп, ауысып отырады. Мұның өзі айтайын деген белгілі бір ойды оқушыға толық жеткізіп беру үшін қажет. Мысалы, I.Жансүгіровтің «Сабын» деген лирикасы түгелдей (36 жол) бір мотивпен келеді. Сабынның жасалуы, сабынның тазартқыштық қасиетін айта отырып, ақын оған терең астар берген:

Арылта жуып, сабындап,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет