Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет55/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Жылмиған жылы күнінен,
Жылдамырақ айырылып,
Аһылап ауру әнімен
Қабағын жауып қайғырып,
Жерге жетті бір қаза70.


Ілияс жерді жылылығынан айырып, ауру күйге түсіреді. Оның емшісі қыс қожа. Бұл жерде ақын дін иелерін де қатты сынға алады.


Сырты ажарлы, іші жау,
Тәрізі жаман, тамақсау71.


Ілиястың бұлай бейнелеуінде әлеуметтік негіз бар. Революциялық жеңісті құптап, оның идеологы болып отырған ақынның дін иелерін осылай батыл сынға алуы заңды құбылыс еді. Ақын бұл шығармасында («Қыс») идеялық жағынан Абайдан ілгері кеткен. Бұл, сөз жоқ, уақыттың жемісі.
Табиғат туралы жазылған шығармаларының ішінде Ілиястың басқа өлеңдеріне ұқсамай, оқшау тұратын 1925 жылы жазылған «Жетісу суреттері» атты өлеңі.
«Жетісу суреттері» I. Жансүгіровтің ақындық өнерінің құдіретті күшін айқын танытқан шығармасы. 1958 жылы 13 январьда I.Жансүгіровтің творчествосына арналған әдеби кеште сөйлеген Мұхтар Әуезов: «Мен Ілиясты бұрын да білуші ем, өлеңдерін де оқып жүретінмін. Бірақ оны шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін», деді. Бұл пікір Ілиястың бұған дейінгі жазған өлеңдерін жоққа саймайды, бұл «Жетісу суреттерінде» көрінген зор талантты екінші дарынның тануы.
«Жетісу суреттері» табиғат жайындағы лирикалың өлең. Өзінің туып-өскен балалық, жігіттік, азаматтық шағын бастан кешірген, зары мен мұңы, күйініші мен сүйініші, қуанышының куасы болған жер жәннаты Жетісудың табиғаты ақын жүрегін тербемей, тебірентпей қоймаған. Таулы, өзенді, шалғынды, бауырында неше алуан аң ойнаған Жетісудың Кіндіктас деп аталатын бір биігіне шығып жан-жағына көз жіберіп, барын барлайды. Ақын көзі бұл кезде қырағы, тапқыр кинооператор ұстаған аппараттың объектісіне айналып кетеді. Әрбір таудың сырт тұлғасы, көрінісі, тарғыл ала шоқысы мен жартастары, шыңы мен құзы, ондағы алуан түрлі өсімдіктердің түс-таңбасы, қадір-қасиеті бір көрінсе, бірі басымен алысқан асау, бірі жылысып аққан момақан өзендері, түрлі аң, құс, көбелектеріне дейін объективке ілігеді. Және мұның бәрі құр сурет емес, жанды бейне. Ақын әрбір көріністі суреттегенде сол көріністің өзін халықтың тұрмысында кең көрінген құбылыстарға теңей, балай отырып бейнелейді. Ақын суреттеп отырған жер өзінің ертедегі тарихынан да мәлімет беріп қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет