Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


I. 1.3 – тармақ. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері



бет4/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
I. 1.3 – тармақ. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» - қазақ тілін оқытудың ғылыми – теориялық негіздерін, мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен формаларын, тілді меңгертудің амалдары мен ұстанымдарын, түпкі нәтиежеге жетудің жолдарын, сабақ түрі мен онда қолданылатын әдіс – тәсілдері, оқыту құралдарын зерттейтін ғылым.

«Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасында» педагогикалық мамандарды дайындау мен білім спасына қатысты нақты міндеттер мен ұстанымдар көрсетілген. Бұл құжатты «Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен еңгізудің ауқымды міндеті тұр. Бұл білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру, жұмыс істеу болып табылады», - деп көрсетілген. Қазақ мектебінде балаға лингвистикалық білім беріп, тілдік қарым – қатынастағы сөйлеу мәдениетін жетілдіретін қазақ тілі оқытылады, өзге тілді мектепте балаға өз ойын біреуге дұрыс жеткізе білу үшін коммуникативтік дағды мен білік игертіліп, тіл үйретілді.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі қолданбалы ғылым ретінде дәстүрлі екі мәселенің шешімін табуды көздейді:

Нені үйрету керек? Бұл сұрақтың жауабын қазақ тіліне арналған білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдарын және

оқу - әдістемелік құралдарды дайындау және оны үнемі жетілдіріп, дамытып отыру, оның тиімділігін тексеру рқылы беруге болады.

Қалай оқыту керек? Бұл сұрақтың жауабы білім берудің жаңа моделіне сәйкес қазақ тілін оқыту әдістері мен тәсілдері, жаттығу жүйесі, дидактикалық материалдар мен құралдарды, тапсырмаларды пайдалануға арналған кеңестер, сабақтарды қолданудың жолдарын ұсыну арқылы тиянақталады.

З.Бейсембаева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің «келешек бір маманды белгілі бір мамандық бойынша теориялық және әдістемелік тұрғыдан дайындайтын оқу пәні» болып табылатынын, оның мазмұны дәріс, семинар, өздік жұмыстар мен диплом, курс жұмыстары арқылы игерілетінін айтады.

Сонымен, «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу нысаны қазақ тілін оқытудың ғылыми – теориялық тұжырымдары мен әдіснамалық негіздерін, тіл білімі салаларын теориялық – практикалық тұрғыдан меңгертудің амалдарын, оқытудың басты ұстанымдарын, тілді дұрыс қолданудың ұтымды әдіс – тәсілдерін қарастыратын және сапалы оқу үдерісін іскеасыратын әдістемлер жүйесінен тұрады.

Ал қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты – болашақ қазақ тілі мұғаліміне кәсіби дағды мен тәжірибе қалыптастыруға негіз болатын теориялық білім беру; педагогикалық білік қалыптастыру; сабақ берудің тиімді әдіс – тәсілдерін меңгерту; тіл білімі салалары бойынша жинақталған білімді дұыс сөйлеу мен сауатты жазу үшін қолдануға үйрету; студенттің кәсіби - әдістемелік шеберлігін дамыту.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің міндеттері:



  • студенттерді мектепте оқытылатын қазақ тілінің нысанымен және міндеттерімен таныстыру;

  • мектептегі қазақ тілі курсының әдістемелік мәселерін қарастыру;

  • қазақ тіл білімі салаларын меңгертудің әдістемелік жолдарын игерту;

  • студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру;

  • өздігінен ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді игеру дағдыларын жетілдіру;

  • қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жеткен жетістіктер және тәжірибелерді оқыту үрдісінде қолданудың жолдарын меңгерту;

  • қазақ тілін оқыту әдістемесі саласының қазіргі таңдағы жаңа бағыттары мен өзекті мәселерімен таныстыру;

  • оқушылардың білім деңгейін бағалауға үйрету.

Осы міндеттерді шешу нәтиежесінде «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» студентті кәсіби білікті маман ретінде даярлауды жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет