Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі


Эмоция және адамның еріктік қасиеті



бет16/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org
10 қмж 11, mzh.-blp-shyarudy-tr-azalar-shn-mayzy.-zhanuarlarday-blp-shyaru-nmder.-zat-almasudy-soy-nmder., тжб 5, Ақбаян апай, Адалдық, 9 лекция Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі (1)
1.3.Эмоция және адамның еріктік қасиеті 
Жоспар 
1. Адам өміріндегі эмоцияның рөлі.
2. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік.
3. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта
қарастыру және эмоцияларды басу. Эмоциялық интеллект анықтамасы.
4. Эмоциялық интеллект когнитивті қабілет пен тұлғаның даралық сипаты
ретінде. Эмоциялық интеллект диагностикасы және дамуы.
5. Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы.
6. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі..
7. Ерік және тұлға.
8. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент).
9. Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері.
10. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері.
11. Стресске тұрақтылық түсінігі.

Негізгі түсініктер:эмоция, стресс, ерік
Сезім - адамның өзіне,өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен
құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін
психикалық процес. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-
қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері
тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты,
оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де
коғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын коғамдық болмыс белгілеп
отырады. Сезімдерден эмоциларды айыра білу кажет.
Эмоция 

дегеніміз,
адамның
органикалық
мұқтаждықтарын
қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық
күйлер.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін
бірдей ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік



жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды


бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы
құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі
шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинкттерінен байқалады.
Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністердің ми қыртысы астындағы
орталықтардың нервтік қозуынан вегетативтік нерв жүесінде жүріп жатқан
физиологиялық процестерден болатынын көрсетті.Эмоциялық процестер адам
организмінде, оның тыныс алу, ас қорыту мүшелерінде, жүрек-тамыр
қызметтерінде біраз өзгерістер туғызады. Эмоциялық тебіреніс кезінде
тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді,көз қарашығы үлкейеді,
терлеу,бозару,қызару байқалады, жүрек өкпе,орталық нерв жүйесіне қарай
қанның ағысы күшейеді.
И.П.Павлов ми қыртыстарының эмоция мен сезімдердің барысы мен
көрінісін реттеп, денеде болып жататын барлық құбылыстарды қадағалап
отыратынын дәлелдеп берді.
Адамның эмоциялары мен сезімдерінің барысына екінші сигнал жүйесі
әсер етеді.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар.
Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін – карама-карсы,
полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену,
қажу, шаттық, уайым, т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып,
біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пассив 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет