§ 50. КОЛЛОИДТЫСИСТЕМАЛАРДЫ ТАЗАРТУ Жоғары молекулалық қосылыстардың гидрофобты зольдері мен ерігінділерін алу кезінде олар түрлі қосымшалармен ласта-нады; көбінесе мұндай системада бастапқы электролит кездеседі; системаға артығымен қосылатын тұрақтандырғыштармен ластана-ды. Тұрақты коллоидты ерітінді алу үшін оларды жоғарыдағыдай қажетсіз заттардан тазарту керек. Енді жоғары молекулалық қо-сылыстардың және басқа да коллоидты системалар мен ерітінді-лерді тазалаудың кейбір түрлерін қарастырайық.
Диализ. Жартылай сіңіру қабілеті бар кеуек арқылы өтетін қоспалардан коллоидты ерітінділерді арылту әдісін диализ дейді. Бұл өте қарапайым және жеңіл әдісті Грэм ұсынған болатын. Диа-лиз әдісі коллоидты ерітіндіні тазалағанда жартылай өткізетін кеуектен нағыз ерітінділер өтеді де, ал бөлшек өлшемі ірілері сү-зіліп, өтпей қалу құбылысына негізделген. Диализ жүргізілетін қондырғыларды диализатор деп атайды. Ол үлкен науа ішіндегі жартылай өткізетін кеуектен жасалған қалтадан тұрады. Қалта ішіне коллоидты ерітінді құйылады да, науа ішінде ылғи су ағызы-лып тұрады. Осы кезде кеуектен өткен қоспа ерітінділер су мен науадан ағып кетеді. Қалта Ішіндегі және сыртындағы ерітінді концентрация айырмасы артқан сайын диализатордың өнімділігі жоғарылай түседі. Диализатордьщ басты кемшілігі диализ проце-сінің баяу жүретіндігінде.
Электродиализ. Бұл — диализ әдісін электр тогын пайдаланып, жеделдетілген әдіс. Әр түрлі үлгі бойынша қүрастырылган элек-тродиализаторлардыңжұмыс істеу негізі бір. Ол ішкі қабырғалары жартылай өткізетін қабілеті бар кеуектен жасалған үш науа-дан тұрады. Осы үш науаның ортасындағысына тазаланатын кол-лоидты ерітінді, ал сыртқы екі науаға ағын су — еріткіш құйыла-ды. Сыртқы науа ішіндегі электродка тұрақты ток кернеуі беріле-ді. Ондағы потенциал 2 — 5-103 В/м-деп кеміген кезде, коллоидты ерітіндідегі әрбір ион өзіне сәйкес келетін полюстегі электродқа қарай бағытталады. Кеуек арқылы тек иондар ғана өткендіктен, коллоидты ерітінді өзіндегі қосымша электролиттерден тазалана бастайды. Кәдімгі жай диализаторлардағы тазарту процесі тәулік-теп жүрсе, ал электродиализаторлардағы бүл процесс өте жылдам өтеді және еріткіш шығымы барынша азаяды. Соңғы кезде элек-тродиализ әдісі биохимияда, медицинада, тамақ өнеркәсібінде жиі қолданылуда.