Н. Дүкенбай
Г. Дүкенбай
Музыкалық психология,
музыкалық білім беру
психологиясы,
музыкалық іс-әрекет психологиясы
Мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттері мен
оқытушыларына арналған оқу құралы
Павлодар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Н. Дүкенбай
Г. Дүкенбай
Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы
Мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттері мен
оқытушыларына арналған оқу құралы
Павлодар
Кереку
2008
КДК 159.9:78 (075.8)
ББК 88. 4 я 73
Д 87
Баспаға С.Торайғыров атындағы ПМУ Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі
ұсынды
Рецензия жазғанан:
Г.К. Қажыбаева – филология ғылымдарының кандидаты, доценті.
Н.Дүкенбай, Г.Дүкенбай
П30 Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы,
музыкалық іс-әрекет психологиясы: мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттеріне және оқытушыларына арналған оқу құралы / ПМУ доценті Н. Дүкенбай, ф.ғ.к., ПМУ доценті
Г. Дүкенбай. – Павлодар : Кереку, 2008. – 104 б.
ISBN
Оқу құралы келесі материалдарды қамтиды: Тұлға. Музыкалық қабылдау. Музыкалық қаблеттер. Ойлау. Тұлға және қоғамның музыкалық санасы және музыкаға оқыту: психологиялық-педагогикалық аспектісі ... музыкалық психология және музыкалық білім беру психологиясы мен музыкалық іс-әрекет психологиясының негізгі түсінігі, категориялары. Жалпы музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуы (есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі, кәсіби есте сақталуы), көркем-бейнелеушілік қалыптасу мәселесін, шығармашылық қиялы мен елесін, оқу әдісінің жүйесі мен оқушы-музыканттың шығармашылық потенциалын (деңгейін) қарастырады.
Оқу құралы Мемлекеттік стандартқа сәйкес 050106 (бакалавриат) «Музыкалық білім беру» мамандығы және 6N0106 (магистратура) бойынша жазылған. Оқу құралын оқытушыларға, магистранттарға, аспиранттарға, жоғары және орта арнайы кәсіби оқу мекемелерінің студенттеріне, жалпы білім беру мекемелерінің мамандарына ұсынамыз.
УДК 159.9:78 (075.8)
ББК 88. 4 я 73
ISBN
© Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай, 2008
© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2008
Кіріспе
Педагог, орындаушы, музыкант-ізденуші болам деген мамандарға кәсіби музыкант болып қалыптасу үрдісінде психологиялық дайындық маңызды роль атқарады. Музыкалық білім беру үрдісінде психология, оның ішінде музыкалық білім беру психологиясы (іс-әрекет психологиясы) оқу-білім процесіне қойылған мақсаттар мен міндеттерге ықпал тигізеді: жалпы және арнайы қабілетінің қалыптасуына, көркем-бейнелі ойлауының дамуына, техникалық дағды мен икемділігін түйсінуіне және т.б.
Берілген пән бойынша практикалық дәрістер оқушы-музыканттың практикалық іс-әрекетіне байланысты (осы атауды «музыкалық іс-әрекеті психологиясы» дәлелдейді). Оның атауын, мазмұнын, тақырыптарын оқу құралы ашады дегенге сенеміз. Студенттің музыкалық-психологиялық мәселелерге кіруін және де өз-өзін осы саладан хабардар етуін үйретеді. Ең негізі өзін-өзі музыкалық психологияға бейімдейді және берілген материалдарды білім жүйесінде, өз білімінде де қолданады.
Оқу құралында жалпы және арнайы психология саласындағы белгілі өкілдердің пікірі, көзқарастары және ғылыми позициясы берілген. Бір байқайтын нәрсе: психология саласына үлес қосқан, музыкаға әуес психологтар және музыканттар психологиямен шұғылданатындардың да пікірлері аз емес.
Психология саласында шетел ғалымдары Г.Риман, Э.Курт т.б. үлкен жетістікке жеткен және Ресей ғалымдарының да үлесі мол: Б.М.Теплов, Л.С.Выготский, Г.М.Коган, Е.В.Низайкинский, В.В.Мендушевскийлердің еңбектері де атаулы атаққа ие болды.
Сондықтан музыкалық-шығармашылық іс-әрекет психологиясын, оның негізін және заңдылықтарын кәсіби музыкант білуі жөн. Сондықтан музыкалық психологияны білмей жақсы оқытушы, мұғалім болмайсың, музыкалық психологияны біле тұра сабақ үрдісінде, дәріс оқығанда, көрермен алдында орындау барысында бір мәселені шешуге болады, ол-сахналық стресс. Музыкалық - психология үрдісіне кіру керек нәрсе және ол қызықты да.
Қазіргі ғылым ой-пікірінде, адам іс-әрекет үрдісінде, шығармашылық практиканы қосқанда, өзінің қабілетін, потенциалын, креативін бір ретте төрт, не үш бөлігінің мүмкіншілігін пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |