Қазақ тілі Жаратылыстану мамандықтарына арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар 2008 (07) ббк 81. 2 Каз-9 Қ 17 С. Торайғыров атындағы пму-дың филология



Дата31.01.2018
өлшемі368,81 Kb.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
с.торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Қазақ тілі кафедрасы

қазақ тілі
Жаратылыстану мамандықтарына
арналған бақылау жұмысына
әдістемелік нұсқау

Павлодар


2008

УДК 811.512.122 (07)

ББК 81.2 Каз-9

Қ 17


С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде басуға ұсынылған

Рецензент:

филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ф. Зейнулина



Құрастырушы: Шакарман Ә.П.
Қ 17 Қазақ тілі: жаратылыстану мамандықтарына арналған бақылау

жұмысына әдістемелік нұсқау. Құраст.: Шакарман Ә.П. –

Павлодар: Кереку, 2008. – 24 б.

Бұл басылым «Қазақ тілі» пәні бойынша өтетін жаратылыстану мамандықтарына арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылады. Жұмыстың мақсаты, орындалуы және мазмұны берілген.

УДК 811.512.122 (07)

ББК 81.2 Каз-9


© Шакарман Ә.П., 2008

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008



Кіріспе

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және Қазақстаннан тыс тұратын қазақтардың ана тілі.

Жоғары оқу орнында қазақ тілін оқытудың басты мақсаты - студенттердің орыс тілді мектептерде қазақ тілінен алған білімдерін жетілдіру. Жаратылыстану ғылымдары бойынша берілген мәтіндерді түсініп, түсінгенін өзіндік ой қорытындысымен баяндап бере алу, және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілін тәжірибелік тұрғыдан меңгеру – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Жұмыс барысындағы іс-қағаздарын, кеңселік құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімдей білудің негізі де осы қазақ тілінің грамматикалық құрылымын жетік білуді талап етеді, әрі бұл – кез-келген маманның жоғары біліктілігін көрсетеді.

Қазақ тілі пәнін сырттай оқитын студенттерге оқытудың негізгі мақсат-міндеттері:

- белгілі бір тақырып көлемінде, сол сияқты мамандыққа қатысты тақырып көлемінде сөйлесу, әңгімелеу және мазмұндау дағдыларын қалыптастыру;


  • берілген мәтінді өз бетімен оқып, қысқаша аннотация жазуға дағдыландыру;

  • мамандыққа қатысты мәлеметтерді жинақтап, сөздіктің көмегімен құрастыру, мәтін құру;

  • белгілі тақырып көлемінде сұхбат құру, сұрақ қоя білу, берілген сұраққа толық жауап қайтара білу дағдыларын қалыптастыру;

Жоғарыда аталған мақсат-міндеттерге жету үшін алғашқы сабақтан бастап студенттерден өздігімен жұмыс жасау талап етіледі.

Берілген әдістемелік нұсқаудағы тіл ұстартуға арналған мәтіндер қазақ тілі арқылы қазақ халықының әдебиеті, мәдениеті және эстетикалық талғамы жөнінде тағылым беруді мақсат етеді.

Бақылау жұмысы грамматикалық тапсырмалар және мәтінмен жұмыстан тұрады. Бақылау жұмысын орындау үшін студенттердің қазақ тіл білімінің фонетика, лексика және грамматика бөлімдерінен базалық білімі болуы қажет.
1 Бақылау жұмысы
1.1 Қазақ тілінің фонетика, лексика және грамматика бөлімдерінен теориялық білім береді

1.2 Студентті белсенді түрде өздік жұмысын жасауға

жігерлендіреді, деректермен ғылыми тұрғыда жұмыс істеуге бағыттайды


    1. Қойылған сұрақтарға шығармашылық тұрғыда жауап іздеуге

дағдыландырады.

1.4 Бақылау жұмысы студенттің білімін бақылайтын нысан және есеп берудің бір түрі.


1.2 Бақылау жұмысының тақырыптарын таңдау реті
1.2.1 Бақылау жұмысының орындалуы университеттің оқу жұмыс жоспарымен айқындалады

1.2.2 Жұмыстың негізгі тақырыптары кафедра оқытушыларымен әзірленеді

1.2.3 Табысталған жұмыстар тексергеннен кейін сынақтан өтеді

1.2.4 Студент тізбеден өз нұсқасын таңдап алады (сынақ кітапшасының тіркеу нөмірінің соңғы саны). Сонымен қатар басқа да варианттар ұсынылады.


1.3 Жұмыстың орындалуы және мазмұны

1.3.1 Жұмысты бастамас бұрын, ұсынылған әдебиеттер тізімімен танысады;

1.3.2 Үйлесімділік сілтемелерсіз түрлі әдебиеттен ақпаратты алып, пайдалануға болмайды;

1.3.3 Жұмыс зерттеулік нысанда болу керек, студент ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге дағдыланады және шығармашылық талдау жасауға машықтанады;


1.4 Жұмыстың ресімделуі:

- бірінші беті (Қосымша А);

- библиографиялық сипаттама;

- сөзді және сөз тіркесін қысқартуға болмайды;

- бақылау жұмысының беттері нөмірленіп, түптелген болуы керек.


2 Жұмыстың құрылымы, көлемі және ресімделуі
2.1 Тапсырма компьютерде басылу керек. МЕСТ 2.301-68 бойынша А-4 (210х297) форматты ақ қағаздың бір жақ бетінде болуы тиіс

2.2 Беттер рамкамен ресімделмейді

2.3 Беттің төрт жағына да жол қалтыру керек. Жолдардың мөлшері: сол жағы - 30мм; оң жағы - 10мм; үстіңгі жағы - 20мм; астыңғы жағы - 20мм. Кәріп KZ Times New Roman, А-4 форматы, № 12-14

2.4 Бірнеше бетке басылатын мәтіннің титулдық бірінші беті ешқашан нөмірленбейді, бірақ саналады; беттер араб цифрлармен нөмірленеді; беттердің рет сандары құжаттың жоғарғы жағына ортаға шамамен жоғарыдан 10 мм түсіріліп қойылады

2.5 Жұмыстың соңында қолданылған әдебиет тізімі беріледі

2.6 Жұмыс өте ұқыпты, таза орындалуы керек


3 Жұмысты тапсыру және қорғау


3.1 Тапсырылған бақылау жұмыстары кафедра лабарантымен тіркеуге алынады

    1. Оқытушы жұмысты оқып, бекітеді

    2. Егер бақылау жұмысы дұрыс орындалмаса, қатесін жою үшін, ол студентке қайтарылып беріледі

    3. Тексерілген бақылау жұмысын алғаннан кейін ескертпе-лермен мұқият танысып шығып, оларға талдау жасау керек

    4. Жұмыстың қорғауы арнайы семинарда немесе әңгімелесу түрінде өтеді

3.6 Қорғау қорытындысы бойынша баға қойылып, сынақ кітап-шасына жазылады

Бақылау жұмысын орындау кезінде төмендегі нұсқаулар басшылыққа алынады:



1) мәтін аудару

Қазақ тіліне белгілі бір мәтін аудару кезінде ескеретін ең басты мәселе, бұл сөйлемдегі тірек сөз баяндауыш екені, әрі ол көбінесе етістіктен жасалатыны. Сөйлем ішіндегі басқа да сөз таптарына (зат есім, есімдік, үстеу, т.б.) сұрақ осы етістіктен қойылады. Ал зат есімнен қойылатын сұрақ сол зат есімнің алдыннан келіп, онымен тікелей байланысқа түсетін сөз таптарына қойылады. Олар көбінесе сын есімнен, сан есімнен, ілік септігіндегі зат есімнен жасалған анықтауыштар болады. Сөйлем ішіндегі зат есімнің мұндай шектеулі мүмкіндігі барлық назарды етістіктен жасалған баяндауышқа аударуға итермелейді. Себебі етістіктен жасалған баяндауыш жіктік жалғаулары арқылы іс-әрекеттің субъектісін көрсетсе, шақ жұрнақтары арқылы әрекеттің болған мезгілін көрсете алады. Мұнда ең бастысы сұрақты дұрыс қою арқылы сөз табы мен сөйлемнің синтаксистік мәнін анықтау қажет;



2) грамматикалық тапсырмаларды орындау

Грамматикалық тапсырмаларды орындау үшін әр тапсырмадан кейін орындаудың үлгілері беріледі. Келтірілген үлгілерде әр сөз табының бастапқы және ауыспалы белгілері мен синтаксистік қызметі ескерілген. Мәселен, қазақ тіліндегі етістіктердің бастапқы формасы, етіс категориясы, болымды – болымсыз түрі сияқты белгілері бар. Зат есімнің жанды / жансыз, септік, тәуелдік, жіктік категориялары сияқты белгілері болады. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі сын есімдер септік, тектік және сандық тұрғыдан өзгермейді, есесіне сын есімдердің тұлғасы шырай категориялары арқылы өзгеріске түседі. Ал сан есімдердің ішіндегі жинақтау сан есімі сандық, септік және тәуелдік форма қабылдай алады. Мысалы: біреу-лер-іңіз-ден. Сол сияқты болжалды сан есім шамалы, мөлшерлі, қаралы, таяу, жақын, жуық, таман, тарта сияқты көмекші сөздері мен –дай, -дей, -даған, -деген (ондаған, жүздей) жұрнақтары арқылы жасалады.

Үстеу, есімше, көсемше, көмекші есімдер сияқты категориялар тұрақты болып келеді. Үстеуді талдау кезінде оған етістіктен қойылатын сұрақ арқылы оның мағыналық тұлғасын дұрыс анықтап алу қажет. Сол сияқты үстеудің адвербиалданған септік формаларынан (кешке, жазда) және түбірлердің кірігуінен (бүгін, биыл, былтыр) жасалған түрлерін де, сын есім мен етістіктің тіркесінен болған қимыл үстеу (суық қарады) түрлерін де дұрыс анықтау керек.
4 Бақылау жұмысының үлгілері
1 нұсқа

1.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз. (Прочитайте и переведите. Составьте словарь слов и словосочетаний)


Іргеқұмдағы Исатай ауылы жәрмеңкешілері Хан Ордасынан алас-қапас қайтарының аз-ақ алдында ғана жаңа орынға жылжып қонған. Құм ішіндегі жазықтың еркегі мен жусаны, мортығы мен селеуі аралас бітік ескен шұрайлы тұсы еді. Адам қарасы әбден көз байлана кеш жатқанымен ерте оянады.Таңда есінеген қоңыр салқын желмен мал өргізгендердің даусы алыс-алысқа жаңғырып, қой маңырап, шелек қаңғырлап, қазан шықырлайды.

Бүгін де сол қалпы.Тек ортадағы Исатай үйінің жер ошағы басына әдетте кіші сәскеге таман шығатын бүйірлі сары самауыр бүгін ертерек қайнап,үйге ертерек кірген.Күн арқан бойынан аса бергенде, батырдың ақ табан аты атқазықта ерттеулі тұрды. Қасында үш-төрт кісі бар, үйінен шыққан Исатай оны шылбырынан жетектеп, ауылдың құбыла бетіндегі тайпы дөңеске қарай аяңдауы мұң екен, үй-үйден шыға-шыға келген аттылы, жаяу жұрт солай қарай ағылды. Таңғы жел бұл кез теріс бұрылып,етектен күлгін түсті жыртық бұлтты жоғары түріп келе жатқан. Әне-міне дегенше күннің бетін шылап бергенде, дөңнің үстін селдір көлеңке жауып, адамдардың жүздері өз қалпынан құбылып көрінді. Өңдері бозарыңқы, қабақтары қатқыл. Аттарын жақынға айқастыра матай-матай тастап, Исатайдың алдында дөңгелене малдас құрып, кейбірі жүрелей отыр. Біразы – түнеугүні Толыбайға,одан Қылшыққұмға барғанда, қасында жүрген, одан жәрмеңкеге бірге барып,бірге қайтқан жігіттері.(205)(Б.А.)


1.2 Мәтіннен 10-12 етістікті теріп жазып, талдаңыз (Выпишите из текста и разберите 10-12 глаголов)

Үлгі: оянады – глагол (етістік), ояну, неперех.(салтты), действ. залог (негізгі етіс), в положительной форме (болымды түрінде), в изъяв. наклонении (ашық рай), переходное настоящее время (по контексту) – ауыспалы осы шақ, 3-лицо (3-жақ), ед. число (жекеше түрі), в предложении синтаксическая функция – сказуемое (баяндауыш).


1.2.1 Мәтіннен 10-12 зат есімді теріп жазып, талдаңыз Выпишите из текста и разберите 10-12 существительных в косвенных падежах)

Үлгі: шылбырынан (жетектеп) – имя сущ/ое (зат есім), шылбыр, неодушевленное (жансыз), нарицательное (жалпы), употреблено в форме Исходного падежа единственного числа ( жекеше түрінің Шығыс септігінде тұр), в форме принадлежности (далее – Ф. пр.) 3-лица ( Тәуелдік жалғауының 3-жағында), в предложении – обстоятельство образа действия ( сөйлемде- сын-қимыл пысықтауыш)


1.2.2 Мәтіннен 8-10 есімдікті теріп жазып, төмендегі келтірілген үлгі бойынша талдаңыз. (Выпишите из текста 8-10 местоимений в различных формах и разберите их по нижеприведенному образцу)

Үлгі: кейбірі – местоимение (есімдік), кейбір, неопределенное (белгісіздік), в Именительном падеже единственного числа (жекеше түріндегі Атау септігінде), в Ф.пр. 3-лица (тәуелдік жалғаудың 3-жағында тұр)


1.2.3 Мәтіннен 8-10 сын есімді теріп жазып, төмендегі келтірілген үлгі бойынша талдаңыз. (Выпишите из текста 8-10 прилагательных и разберите их по нижеприведенному образцу)

Үлгі:


а) таңғы (жел) – имя прилагательное (сын есім), таңғы, относительное (қатыстық сын есім), производное (туынды) – таң+ғы, в предложении – определение (анықтауыш);

в) күлгін түсті (бұлттар) – имя прилагательное, күлгін түсті, составное (күрделі), качественное (сапалық сын есім), в положительной степени сравнения (жай шырай), производное (күлгін + түс+ті), в предложении – определение (анықтауыш)


1.2.4 Мәтінде кездесетін сан есімдерді теріп жазып, төмендегі келтірілген үлгі бойынша талдаңыз. (Выпишите из текста числительные и разберите по нижеприведенному образцу)

Үлгі: үш-төрт (кісі) – имя числительное (сан есім), үш-төрт, приблизительное (болжалды сан есім), образовано путем повтора (редупликат), в предложении – определение (анықтауыш)

1.2.5 Мәтіннен 5-7 үстеуді теріп жазып, төмендегі келтірілген үлгі бойынша талдаңыз. (Выпишите из текста 5-7 наречий и разберите их по нижеприведенному образцу)

Үлгі: бүгін (кірген) – наречие (үстеу), бүгін, наречие времени (мезгіл үстеу), неизменяемая часть речи (өзгерілмейтін сөз табы), производное (туынды) – бұл + күн, в предложении – обстоятельство времени (мезгіл пысықтауыш)


1.2.6 Мәтіннен көмекші сөздерді теріп жазып, кестеде көрсетілген үлгі бойынша талдаңыз. (Выпишите из текста служебные части речи (послелоги, частицы, союзы и служебные имена) и разнесите их в соответствии с образцом по следующей таблице)

Септеулік (послелоги)

Демеулік (частицы)

жалғаулық (союзы )

Сәскеге таман -

Дөңеске карай -



Алдығы ғана – огран. частица; аз-ақ – усилит. Частица

Еркегі мен жусаны, мортығы мен селеуі

1.3 «Зат есім септіктері» грамматикалық тақырыбын талдаңыз. Зат есімнің септіктері бойынша сызба құрастырыңыз. Мәтінде кездесетін септіктерден мысал келтіріңіз. (Раскройте грамматическую тему «Зат есім септіктері». Составьте схему падежей имен существительных. Приведите примеры из текста на употребление падежей.)

1.4 «Менің күн тәртібім» тақырыбына мәтін құраңыз. (Составьте текст на тему « Мой распорядок дня»)



2 нұсқа
2.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз. (Прочитайте и переведите. Составьте словарь слов и словосочетаний)

Мен қазіргі кезде жастардың жан дүниесін онша түсіне алмаспын деп ойлаймын. Алайда, жастық шақтың кейбір сәттері қазірге дейін есімде қалыпты.Ұзақ жылдарғы сәтсіздіктерден, көптеген кедергілерден сендердің, адам баласына тән, ұлы іске деген құлшыныстарың сарқылмаған шығар деген сенімдемін.

Сендер тек қара бастарыңның қамын ойлап жүрмегендерің маған мәлім. Күндіз де, түнде де Отанның, халқыңның жағдайын қалай жақсартуға болады деген ой құрсауынан шыға алмай жүргендеріңді де білемін. Отанына берілген ұлы адамдар сендерді ұлы іске бастаса, немқұрайдылық, енжарлық білдірмейтіндеріңе де сенімім мол. Мен сендерді байлыққа кенелтемін деп айта алмаймын. Бірақ, алақан жайып қайыр сұрамайсыңдар да. Тек ол үшін қажырлылықпен, үлкен сеніммен еңбек ету қажет.

Бүгін әдебиет академиясы сендерді Отан үшін күреске шақырады. Осы өз ана тілдеріңе айтылған үндеуге құлақ аспауларың мүмкін бе? Академияның мақсаты – ұмыт бола басталған халық әндерін, халық поэзиясың, балаларға арналған өлеңдерді, ескі қолжазбаларды,деревняның салт-дәстүрлерін жаңғыртып, еске түсіру, қазіргі өмір салтымызға енгізу. Ана өсиетіне құлақ асып, Отан – анаға қызмет етуге бел буғандардың қатарынан сап түзеңдер. Реформа болып жағдайымыз жақсарды деп, не болмаса үкімет басшыларынан өздеріңнің праволарыңды сұрап, өтінудің қажеті жоқ.

Көп сөйлегенім үшін кешірім сұраймын. Менің айтайын дегенім: ана тілдеріңді жетілдіріңдер, оның грамматикасын оқыңдар, сөздіктер құрастырыңдар, деревнялардан Отан жөніндегі білімдеріңді толықтыратын материалдар жинаңдар деу еді ғой. (210) (Р.Т.)

2.2 Мәтіннен 10-12 етістікті теріп жазып, талдаңыз (Выпишите из текста и разберите 10-12 глаголов)

2.2.1 Мәтіннен 10-12 зат есімді теріп жазып, морфологиялық тұрғыдан талдаңыз (Выпишите из текста и разберите 10-12 существительных в косвенных падежах)

2.2.2 Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, талдаңыз. (Выпишите из текста местоимений в различных формах и разберите их)

2.2.3 Мәтіннен 5-7 сын есімді теріп жазып, талдаңыз. (Выпишите из текста 5-7 прилагательных и разберите их)

2.2.4 Мәтіннен 5-7 үстеуді теріп жазып, оған морфологиялық талдау жасаңыз. (Выпишите из текста 5-7 наречий и сделайте морфологический разбор)

2.2.5 Мәтіннен көмекші сөз қатысқан тіркестерді теріп жазыңыз. (Выпишите из текста служебные части речи вместе со знаменательными словами, к которым они относятся.)

2.3 Грамматикалық тақырып «Есімдік». Қазақ тіліндегі есімдіктердің сызбасын жасаңыз. Орыс тіліндегі есімдіктерден айырмашылығын түсындырыңыз. өз жауабыңызды нақты мысалдармен дәлелдеңіз. (Грамматическая тема: «Местоимение». Составьте схему разрядов местоимения в казахском языке. В чем существенное отличие казахских местоимений от русских? Аргументируйте свой ответ примерами.)

2.4 Сіз бірінші рет университеттің кітапханасына келдіңіз, кітапхынығы жазылып, қандай-да бір кітапқа тапсырыс беру жөнінде «Кітапханада» атты сұхбат-мәтін құрыңыз. (Вы впервые пришли в библиотеку университета и не знаете, как записаться в библиотеку, как подать заказ на ту или иную книгу. Именно об этом Вы расскажете в своем тексте-диалоге «В библиотеке»)
3 нұсқа
3.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз. (Прочитайте и переведите. Составьте словарь слов и словосочетаний)

Жарқыраған май күні бір түрлі боп нұрланып, тамылжып тұр. Аспанда ұсақ қана ақ мамық бұлттар қалқиды. Айналадағы жазық пен төбешіқтің бәрі де ал қара көк. Аласа, тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Қызғалдақ, жауқазын, сарғалдақ, бәйшешек дегендер қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып жайнайды. Гүлеп ұшқан көбелектей көп бояулы, неше алуан...

Бөктер желі таңертең, әрдайым, Шыңғыс аса соғатын қоңыр салқын күйінде. Қазірде де күн қызуын жеңілдетіп, майда қоңыр лептей үріп тұр. Бірақ, бұл жарастық, бұл жастық кімдер үшін?

Әлдекімнің рахаты, әлдекімдердің қызығы, сайраны үшін болар. Жалғыз-ақ, мынау екі қаралылар үшін ол жоққа тән.

Бұлардың алдында кішкене көк төмпешік үстінде, құбыла жақтағы серек тасы шошайған жалғыз жас бейіт қана тұр. Көздері де, көңілдері де сонда.

Дүниенің көктемі Құтжанның былтыр ғана осындай кезде, күліп жайнап жүрген аман шағын, сау шағын еске түсіреді. Еске түсіреді де, тағы да толқып келген құсамен басады. Жүрек басынан запыран, зәр төгілгендей болады.

Қодар батыр денелі, алпысқа жаңа кірген, бурыл қарт еді. Жалғыздық пен осы қаралылық иықтан баспаса, өмірдің мұны мойытар өзге күші жоқтай.

Ол жасында найзагер батыр болған. Осы жасына шейін өз қасиетін жоятын жаман аттан да аулақ. Өз өмірі, өз үй-ішімен, өз айранын ішіп күн кешетін.(200).(М.Ә.)

3.2 Мәтіннен 10-12 етістікті теріп жазып, талдаңыз (Выпишите из текста и разберите 10-12 глаголов)

Үлгі: тамылжып тұр – глагол (етістік), тамылжу, неперех.(салтты), действ. залог(негізгі етіс), в положит. форме (болымды түрінде), изъяв. накл/ие (ашық рай), наст. время (осы шақ, күрделі), 3 лицо ед. числа (жекеше түрінің 3 жағы), сказуемое (баяндауыш)

3.2.1 Мәтіннен 10-12 зат есімді теріп жазып, талдаңыз Выпишите из текста и разберите 10-12 существительных в косвенных падежах)

Үлгі: дүниенің (көктемі) – имя существительное (зат есім), дүние, неодуш.(жансыз), нариц.(жалпы), в Род. падеже ед.числа (жекеше түрінің Ілік септігінде), синтаксическая функция – определение (анықтауыш)

3.2.2 Мәтіннен 8-10 есімдікті теріп жазып, төмендегі келтірілген үлгі бойынша талдаңыз. (Выпишите из текста 8-10 местоимений в различных формах и разберите их по нижеприведенному образцу)

Үлгі: әлдекімнің (рахаты) – местоимение (есімдік), әлдекім, неопределенное (белгісіздік есімдігі), в Род. падеже ед. числа (Ілік септік, жекеше түрі), в предложении определение (анықтауыш)

3.2.3 Мәтіннен 8-10 сын есімді теріп жазып, төмендегі келтірілген үлгі бойынша талдаңыз. (Выпишите из текста 8-10 прилагательных и разберите их по нижеприведенному образцу)

Үлгі: ұсақ (бұлттар) – имя прилагательное (сын есім), ұсақ, качественное (сапалық сын есім), в положительной степени сравнения (жай шырай), непроизводное (негізгі), определение (анықтауыш)

3.2.4 Мәтіннен сан есімдерді көшіріп жазып, талдаңыз. (Выпишите из текста числительные и разберите их)

Үлгі: алпысқа (келген) – числительное (сан есім), алпыс, количественное (есептік сан есім), в форме Дат. падежа (Барыс септікте тұр), обстоятельство (пысықтауыш)

3.2.5 Мәтіннен 5-7 үстеу тауып, талдаңыз. (Выпишите из текста 5-7 наречий и разберите их)

Үлгі: қазірде – наречие (үстеу), қазір, наречие времени(мезгіл үстеу), неизменяемая часть речи (грамматикалық жағынан өзгерілмейтін сөз табы), обстоятельство времени (мезгіл пысықтауыш)

3.2.6 Мәтіннен көмекші сөздері теріп жазыңыз да, талдаңыз. (Выпишите из текста в отдельные колонки все служебные части речи вместе со знаменательными словами и проанализируйте их)

3.3 «Сын есімнің сөзжасамы» тақырыбына сызба құрыңыз. (Составьте схему на тему: «Словообразование имен прилагательных»)

3.4 «Менің үйім» тақырыбына сұрақтар және сөздік құрастырыңыз. Осы сұрақтар мен сөздіктің көмегімен өз үйіңіз туралы әңгімелеңіз. (Составьте вопросник и словарь на тему Опираясь на вопросник и словарь, расскажите о своем доме (квартире, комнате)
4 нұсқа
4.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз. (Прочитайте и переведите. Составьте словарь слов и словосочетаний)

Алакөбең. Ақ таң сонау көкжиектен түн көрпесінің шетін сөгіп, жердің бетін сәулелендіріп келеді.

Асқар таудың кең аңғарына сұғына кіріп,беткейлеріне дейін жамырай шашылып, иықтаса өріле салынған күрке үйлердің шеткерірек бірінің тапал шарбағынан ырыс секіріп, дәл осы сәтте,еліктің төрт-бес айлық құралайы бетін өрге салған еді. Оны саяжайдың ауласынан сабалақ жүн қанден күшік қана шәуілдеп шығарып салды.

Етекте көкжиекпен ұштаса, шаңытып, қалың ағаштардың сарыбалақ жапырақтарына көмкеріліп, дамылсыз соққан жүректей күндіз-түні дүбірі бір басылмас үлкен қала жатыр. Аспанмен тірескендей тіп-тік ақ, сары, көк үйлері көкке бойлайды. Ал дәл ортасындағы үш-төрт трубадан будақтай көтерілген қара қошқыл түтін, қою тұмандай, қала үстіне бірте-бірте жайылып барады. Олардан қалыспайын дегендей, әр тұстан, кішірек мұржалардан да түтіндер көтерілді. Әлгінде ғана жаңа атқан таң шапағымен жарқырай көрінгендей болған қала үсті әп-сәтте боз жамылғы жамылғандай. Сол түтіннің қолқа қабар ащы иісі тынысын қапқандай бала елік мазасыздана тақыр төбенің майда құмдақ топырағын оң аяғының тұяғымен тарпып-тарпып жіберді. Таудың ұшар басындағы ақ шыңдары күзгі күннің шұғыласымен арайлана қалыпты. Бұлғап тұрған ақ жібек орамалдай бауырында бір шөкім ақша бұлт баяу қалқиды. Асқар тау бауыры әлеміш белбеумен орағандай, әлі реңін бермеген ну шырша, қалың қарағай мұнартады. Солтүстік жақтан салқын лепті мөп-мөлдір самал еседі.

Бала елік тақыр төбе басын тағы бір тарпып қалып, таудың қалың шатқал, қою орманына сіңіп жоқ болды.(206)

4.2 Мәтіннен 10-12 етістікті теріп жазып, талдаңыз (Выпишите из текста и разберите 10-12 глаголов)

4.2.1 Мәтіннен 10-12 зат есімді теріп жазып, морфологиялық тұрғыдан талдаңыз (Выпишите из текста и разберите 10-12 существительных в косвенных падежах)

4.2.2 Мәтіннен 5-7 есімдікті теріп жазып, талдаңыз. (Выпишите из текста местоимений в различных формах и разберите их)

4.2.3 Мәтіннен 5-7 сын есімді теріп жазып, талдаңыз. (Выпишите из текста 5-7 прилагательных и разберите их)

4.2.4 Сөздіктің көмегімен асқар (тау), көкжиек, қою, мөп-мөлдір, баяу, самал, шырша лексемаларының лексикалық мағынасын табыңыз. (Установите по словарю лексическое значение следующих лексем - асқар (тау), көкжиек, қою, мөп-мөлдір, баяу, самал, шырша)

4.2.5«Төбе» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз. (Фонетический разбор слова – төбе)

4.2.6 Мәтінде үстеулер бар ма? Бар болса, берілген үстеулерге талдау жасаңыз. (Встретились ли Вам в тексте наречия? Если встретились, то выпишите их и проанализируйте)

4.3 Грамматикалық тақырып «Осы шақ». Дара және күрделі осы шақтың жасалу жолын кестеге түсіріңіз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. (Грамматическая тема: «Настоящее время» Составьте таблицу образования простого и сложного настоящего. Ответьте на вопросы)

- Ауыспалы осы шақ және нақ осы шақтың қандай айырмашылығы бар? (Чем отличается переходное настоящее от настоящего актуального?)

- Күрделі осы шақ және дара осы шақтың қандай айырмашылығы бар? (Чем отличается сложное настоящее от простого настоящего?)

- Отыр, жатыр, тұр, жүр көмекші етістіктері қандай мағына береді? (Какие значения передают вспомогательные глаголы (отыр, жатыр, тұр, жүр)? Аргументируйте свой ответ.)

4.4 Сізге жыл мезгілдерінің қайсы ұнайды? Өзіңізге ұнайтын жыл мезгілінің жақсы тұстарын атап беріңіз. Ол үшін «Менің сүйікті жыл мезгілім» атты мәтін құраңыз. (Какому времени года Вы отдаете свое предпочтение? Постарайтесь убедить всех остальных в преимуществах Вашего времени года. Для этого нужно всего лишь составить текст «Мое любимое время года»)
5 нұсқа
5.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз. (Прочитайте и переведите. Составьте словарь слов и словосочетаний)

Сегіз Асау батырдың аулынан үйіне келгесін Кішкентай бидің асына жүз жігітімен, бәйгеге қосатын төрт атымен (біреуі жорға) ерекше салтанат құрып барады. Ол қашқындықты тоқтатқалы еліндегі үлкен жиынға алғаш рет қатысып отырғандықтан серілерін он-оннан он топқа бөліп, әрқайсысына бір түсті ат мінгізеді де, жұртшылық назарын өздеріне аударады. Баһрамұлы асқа, азаға салуға отыз түйе, қырық екі жылқы апарып, жиналғандарды тағы да таңғалдырады.

Кішкентай биді Сегіз қашқын болып жүрген кезінен бері сыйлайтын…Себебі ол елде отырып-ақ серінің қамын ойлап,қолынан келген көмегін жасаған Алшында Көбей деген атақты мырзаның асына барғанында Кішкентай бәйгеде жүлде алған көк жол тұлпарын үйіне қайтарында Сегізге беріп кетеді. Сонда ол: “Қашсаң, құтыласың, қусаң, жетесің. Мұны бәйгеге қосып, қызығын көр, шырағым!” – депті. Кішкентайдың жанашырлықпен сыйлаған атына риза болған жас батыр өзінің жігіттерінен Жайық жақтан оған екі қыран, төрт айғыр, жүйрік тазы беріп жібереді.

Қалғұтон бойында өтетін асқа келген Сегіз серіні Кішкентайдың інісі Сайдалы жақсы қарсы алып, оны бес жігітімен он сегіз қанат ақ ордаға жайғастырады да, қалған тоқсан бес серіге үлкен үш үйден орын береді. Бұл асқа Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары мен қазақтың бар жерінен беделді адамдар қатысып, бәйгеге қосуға әкелген жүйріктері мен жорғаларының және әр алуан ойындарда өнерлерін ортаға салатын жігіттерінің тізімдерін ас иесіне береді. Сонда тізімге бір мың бес жүз ат ілігеді. Соның екі жүз елу бесі жорға жарысына қатысуға тиіс болады. Ал қалған аттарды төрт топқа бөліп әрқайсысына жүлде тағайындайды.(210.) (Т.С.)

5.2 Мәтіннен 10-12 етістікті теріп жазып, талдаңыз (Выпишите из текста и разберите 10-12 глаголов)

5.2.1 Мәтіннен 10-12 зат есімді теріп жазып, морфологиялық тұрғыдан талдаңыз (Выпишите из текста и разберите 10-12 существительных в косвенных падежах)

5.2.2 Мәтіннен 5-7 есімдікті теріп жазып, талдаңыз. (Выпишите из текста местоимений в различных формах и разберите их)

5.2.3 Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, талдаңыз. (Выпишите из текста все числительные и сделайте их морфологический разбор)

5.2.4Түсіндірме сөздіктің көмегімен бәйге, сері, би, жорға, тұлпар, мырза, жүлде сөздерінің мағынасын ашыңыз. (Установите по словарю толкование слов – бәйге, сері, би, жорға, тұлпар, мырза, жүлде.)

5.2.5 «Жанашырлықпен» сөзінің сөзжасамдық сипатын беріңіз. (Сделайте словообразовательный анализ слова – жанашырлықпен.)

5.3 Грамматикалық тақырып: «Сын есімнің шырайлары». Салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайдың жасалу жолын көрсетіңіз. Биік, терең, ұзын, жұмсақ, ыстық сөздерінен шырай түрлерін жасаңыз. (Грамматическая тема: «Степени сравнения прилагательных». Составьте схемы образования сравнительной и превосходной степеней. Образуйте все возможные степени сравнения от прилагательных – биік, терең, ұзын, жұмсақ, ыстық.)

5.4 Сізге қонақ келді. Сіз оған өз қалаңызды таныстыруыңыз керек, қаланың тарихы, мәдени орындары жөнінде мәлімет беруіңіз қажет. Ол үшін «Біздің қаламыз» атты тақырыпқа мәтін құрастырыңыз. (К Вам в гости приехал приятель. Теперь ему надо показать город, рассказать о его истории и достопримечательностях. Как это Вы сделаете? Очень легко, если разработаете тему «Наш город». Итак, дерзайте…)



Әдебиеттер
1 Конститутция. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. ­ Алматы: «Жеті жарғы» 1998. ­ 158 б.

2 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. ­ Алматы: Рауан, 1994. ­ 285 б.

3 Бектұров Ш.К. Читаем газеты на казахском языке. Қазақша газеттерді оқып үйренейік. ­ Алматы: ВШП «Әділет» 1999. ­ 357 б.

4 Белботаев А., Тукебаева Ж. Казахский язык для начинающих 1-3 книги. ­ Алматы: Қазақстан, 1994. ­ 358 б.

5 Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. ­ Алматы: «Жалын» 1989. ­ 245 с.

6 Оралбаева Н. Қазақ тілін үйренеміз. ­ Алматы: «Мектеп» 1989. ­ 421 б.

7 Тургамбаева Б., Линко Т. Вы говорите по казахски? /Самоучитель казахского языка. ­ Алматы: Балауса, 1992. ­ 259 с.

8 Беташар. Құрастырған Жақау Дәуренбеков. ­ Алматы: Өнер, 1991. ­ 358 б.

9 Сейіт Кенжеахметов. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. ­ Алматы: «Ана тілі» 1994. ­ 485 б.

10 Мұса А.О., Төленов У.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.К. Қазақ тілі: оқу құралы. ­ Алматы: Экономика, 2001. ­ 478 б.

11 Қазақ тілі (жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған). Справочное пособие / под редакцией д.ф.н. А.С. Сейдимбека, редактор-составитель В.Ю. Франк. ­ Алматы: «Болашақ балапандары» 1999. ­ 650 б.

12 Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ж. Малайсарин. ­ Алматы: «Ана тілі» ЖШС, 2003. ­ 587 б.

13 Күлкенова О. Тіл ұстарту /жаттығулар жинағы/. ­ Алматы: Қазақ университеті, 1992. ­ 198 б.
Сөздіктер
1 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. ­ Алматы: Рауан, 2000. ­ 256 б.

2 Махмудов Х., Мұсабаев Ғ. Қазақша-орысша сөздік. ­ Алматы, 1989. ­ 546 б.

3 Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. ­ Алматы: Қазақстан, 2001. ­ 257 б.

4 Кеңесбаев Ү. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. ­ Алматы: Ғылым, 1977. ­ 358 б.

5 Орысша-қазақша сөздік. 1-2 том /жалпы редакцияны басқарған ф.ғ.д. проф. Ғ.Ғ. Мұсабаев. ­ Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1978. ­ 525 б.

6 Қысқаша орысша-қазақша сөздік /жалпы редакциясын басқарған Қаз ССР ҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор Ш.Ш. Сарыбаев/. ­ Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1987. ­ 320 б.

7 Франк В. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік тақырыптық сөздік. – Алматы, 2000. ­ 490 б.

8 Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Серимов У.С. Қазақша-орысша салықтық-құқықтық түсіндірме сөздік. – Алматы, 1999. ­ 350 б.

9 Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1993. ­ 450 б.

10 Орысша-қазақша фразеологиялық сөздік. – Алматы: Ғылым, 1985. ­ 426 б.

11 Рүстемов А.З. Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. ­ Алматы: Мектеп, 1989. ­ 352 б.

12 Емлесі қиын сөздер. – Алматы: «Балауса» 2000. ­ 198 б.

13 Синонимдер сөздігі: - Алматы, 2001. ­ 350 б.

14 Белбаева М. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі. – Алматы: «Мектеп», 1988. ­ 420 б.

15 Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1988. ­ 300 б.

16 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз/. Редакциясын басқарған Р.Ғ. Сыздықова., К.Ш. Хұсайын. ­ Алматы: «Дайк – Пресс» 2002. ­ 850 б.

17 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ­ Алматы, 1986. ­ 10 Т.

Қосымша А


(міндетті)
Бақылау жұмысының бірінші бетін ресімдеу үлгісі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
с.торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ тілі кафедрасы

бақылау жұмысы


БЖ. хххххх.хх-хх.хх.хх.
Пән_________________________________________________________
Нұсқа_______________________________________________________
____________

(бағасы)

Жетекші

____________________

____________________

____________________

Студент

____________________

____________________

____________________

(тобы)


200___
Қосымша Б

(анықтамалық)
Кесте Б.1 ­ Сан есімнің түрлері (числительные)


Сан есім түрі

Тұлғалық көрсеткіші

Мысал

Есептік (количественные числительные)

-

Бір, бес, мың, жүз

Реттік (порядковые числительные)

Аффикс (-ы)ншы/ (-і)нші

бес+інші, алты+ншы

Жинақтық (собирательные числительные)

суффикс –ау/-еу ( 1 - 7)

бес+еу, алт+ау

Болжалдық (приблизительные числительные)

а)суффикс –дай/дей//-тай/тей;

б) шамалы, мөлшерлі, қаралы, таяу, жақын, жуық, таман, тарта, аса көмекші сөздері



елу+дей, алпыс+тай;

жүзге тарта,елуден аса, он шақты



Топтау (разделительные числительные)

Түбірдің қайталануы арқылы

Путем повтора (редупликат)



бес-бестен, екі-үштен

Бөлшектік (дробные числительные)

а) бөлшектік мағына

б) жарым, жарты, ширек сөздері арқылы



Бір жарым, үштен бір

Кесте Б.2 ­ Есімдік түрлері (местоимения)




Жіктік есімдігі (личные)

Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

Сілтеу есімдігі (указательные)

Бұл, мынау (мына), анау (ана), сол (сонау), осы

Өздік есімдігі (возвратные)

өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздерің, өздеріңіз, өздері

Жалпылау есімдігі (определительные)

Бәрі, бар, барлық, барша, бүтін, бүкіл, түгел, күллі

Белгісіздік есімдігі (неопределенные)

Біреу, кейбір, әркім, бірдеме, әлдекім, қайсыбір, әлдене, әр, кімде-кім, әрне

Болымсыздық есімдігі (отрицательные)

Ешкім, ештеңе, ешқашан, ешқайда, ешқандай, ешқайсы, дәнеңе (дәнеме)

Сұрау есімдігі (вопросительные)

кім? не? неше? қанша? қандай? Қалай? қайда? қайдан? қайсы? нешінші? қай?

Кесте Б.3 ­ Етістіктің шақтары

Болжалды келер шақ (глагол будущего предположительного времени)


Мен

бар+ар+мын, көр+ер+мін

Біз

бар+мас+пын

Сен

бар+ар+сың, көр+ер+сің

Сендер

бар+мас+сың+дар

Сіз

бар+ар+сыз, көрерсіз

Сіздер

бар+мас+сыз+дар

Ол

бар+ар, көр+ер

Олар

бар+мас

Мақсатты келер шақ (глагол будущего времени цели (намерения))




Мен

бар+мак+пын айт+пақ+пын

Біз

кет+пек+біз жаз+бақ+пыз

Сен

бар+мақ+сын айт+пақ+сың

Сендер

кет+пек+сің+дер жаз+бақ+сың+дар

Сіз

бар+мақ+сыз айтпақ+сыз

Сіздер

кет+пек+сіз+дер жаз+бақ+сыз+дар

Ол

бар+мақ

айт+пақ


Олар

кет+пек

жаз+бақ


Ауыспалы келер шақ (глагол переходного (настоящего-будущего) времени)


Мен

айт+а+мын ,кел+е+мін

Біз

айт+амыз, кел+е+міз

Сен

айт+а+сың, кел+е+сің

Сендер

айт+а+сың+дар, кел+е+сің+дер

Сіз

айт+а+сыз, кел+е+сіз

Сіздер

айт+а+сыз+дар, кел+е+сіз+дер

Ол

айт+а+ды, кел+е+ді

Олар

айт+а+ды, кел+е+ді

Жедел өткен шақ (глагол очевидно-прошедшего времени)




Мен

кел+ді+м

Біз

айт+ты+қ

Сен

кел+ді+ң

Сендер

айт+тың+дар

Сіз

кел+ді+ңіз

Сіздер

айт+тыңыз+дар

Ол

кел+ді

Олар

айт+ты

Бұрынғы өткен шақ (глагол давнопрошедшего времени)





Мен

көр+ген+мін

Біз

көр+іп+піз

Сен

көр+ген+сің

Сендер

көр+іп+сің+дер

Сіз

көр+ген+сіз

Сіздер

көр+іп+сіз

Ол

көр+ген

Олар

көр+іп+ті

Нақ осы шақ (глагол собственно-настоящего времени)




Мен

жүр+мін

Біз

жүр+міз

Сен

жүр+сің

Сендер

жүр+сіңдер

Сіз

жүр+сіз

Сіздер

жүр+сіздер

Ол

жүр

Олар

жүр

Ауыспалы осы шақ (глагол настояще-будущего времени)




Мен

жүр+е+мін

Біз

жүр+е+міз

Сен

жүр+е+сің

Сендер

жүр+е+сіңдер

Сіз

жүр+е+сіз

Сіздер

жүр+е+сіздер

Ол

жүр+е+ді

Олар

жүр+е+ді

Кесте Б.4 ­ Етістіктің рай категориясы

Шартты рай (условное наклонение)


Мен

Кел+се+м

бар+са+м


Біз

кел+се+к

бар+са + қ




Сен

Кел+се+ң бар+саң

Сендер

кел+се+ң+дер

бар+са+ң+дар



Сіз

Кел+се+ңіз бар+са+ңыз

Сіздер

кел+се+ңіз+дер

бар+са+ңыз+дар



Ол

Кел+се

бар+са


Олар

кел+се

бар+са

Қалау рай (желательное наклонение)


Мен (менің)

бар+ғы+м келеді айт+қы+м келді

Біз (біздің)

бар+ғы+мыз келеді, айт+қы+мыз келді

Сен (сенің)

кет+кі+ң келеді кел+гі+ң келді

Сендер (сендердің)

кет+кі+лер+ің келеді, кел+гі+лер+ің келді

Сіз (сіздің)

бар+ғы+ңыз келеді

айт+қыңыз келді



Сіз (сіздердің)

бар+ғы+лар+ыңыз келеді, айт+қы+лар+ыңыз келді

Оның (ему)

кет+кі+сі келеді

Олардың (им)

айт+қы+сы келді

Бұйрық рай (повелительное наклонение)




Мен

-айын (бар+айын)

-ейін ( кел+ейін)

-йын (қара+йын)

-йін (төле+йін)



Біз

-айық (айт+айық)

-ейік (көр+ейік)

-йық(дайында+йық)

-йік (жөнде+йік)



Сен

Нулевое окончание: кел, бар, айт

Сендер

-(ы)ң+дар

(айт+ың+дар)

-(і)ң+дер (кел+ің+дер)


Сіз

-(ы)ңыз (бар+ыңыз)

-(і)ңіз (кел+іңіз)



Сіздер

-(ы)ңыз+дар (айт+ыңыз+дар)

-(і)+ңіз+дер (кед+іңіз+дер)



Ол

- сын (бар+сын)

- сін (кел+сін)



Олар

-сын (айт+сын)

-сін (көр+сін)




Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................3

1 Бақылау жұмысы ...........................................................................4

2 Жұмыстың құрылымы, көлемі және ресімделуі........................5

3 Жұмысты тапсыру және қорғау...................................................5

4 Бақылау жұмысының үлгілері......................................................6

1 нұсқа.............................................................................................6

2 нұсқа.............................................................................................9

3 нұсқа...........................................................................................10

4 нұсқа...........................................................................................12

5 нұсқа...........................................................................................14

Әдебиеттер....................................................................................16

Қосымша А...................................................................................18

Қосымша Б....................................................................................19






Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет