Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Күріш салынған бүктеме (орыс.пирожки с рисом, ағылшын. cakes with rice) –



бет46/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102
Күріш салынған бүктеме (орыс.пирожки с рисом, ағылшын. cakes with rice) – қамырдың илеу мен ашыту әдісі осының алдындағы бүктемелермен бірдей. Мұның тек фаршы бөлек. Фарш күріштен дайындалады. Ол үшін қайнап тұрған суға күрмегі теріліп, тазалап жуылған күріш салып пісіріледі. Піскеннен кейін арнайы тесік торлы ожаумен сүзіп алынады. Бұл әдіс қыйындық келтірсе, дәке қалтаға салып алуға да болады. Ол қазаннан алынған соң қалтаның аузы шешіліп табаққа аударылады да, салқын сумен шайылып, әбден сорғытылады. Содан соң оған ұсақтап кесілген жұмыртқа, пияз қосылып, еріткен май құйылады, тұздалады.
Бұл кезде қамыр да ашып бабына келеді. Ол осының алдындағы бүктемелердің қамырындай дайындалады. Ортасына күріш фаршы салынып, жиектері бүктеледі де, шеттері жабыстырылып, май қыздырған қазанға қуырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет