рек. Генетикалық түрлендірілген ағзаларды
енгізу кезіндегі сияқты
қоғамдық пікір нанотехнологияны енгізуде де маңызды рөл атқарады.
Дәл осы себептен көптеген нанотехнологияны зерттеушілер нанотех
нология тәуекелдерін бағалау мен оларды жою бойынша шешімдер
қабылдау үдерістеріне қоғамды қатыстыруға көп көңіл бөледі.
Медициналық имплантанттар
Бүгінгі таңда көптеген медициналық импулантанттар (мысалы,
сүйектер немесе жүрек клапондары) титан балқымалары, тат баспай-
тын болат және арнайы пластмасса (мысалы, полиэтилен негізіндегі)
материалдардан жасалады. Бұл балқымалар мен пластмассалар
биологиялық үйлесімді болғандықтан қолданылады. Ортопедиялық
имплантанттардың (жасанды сүйектер)
тығыздығы жоғары және
олардың кеуектері жоқ.
Биологиялық үйлесімді материалдар (мысалы, титан, алтын
және тат баспайтын болат, пластмасса) ағза ұлпаларымен реакцияға
түспейді және ағзаның иммундік реакциясын тудырмайды.
Имплантант табиғи сүйек сияқты жұмыс істеу үшін
қоршап
тұрған ұлпалардың оған жабысып өсуге мүмкіндігі болу керек. Бұл
имплантантқа қажетті беріктік береді. Әдеттегі импланттанттар ма-
териалдары өте берік болғандықтан оларға адам ұлпалары жеткілікті
дәрежеде ене алмайды және сондықтан оларды пайдалану тиімділігі
төмендейді. Сонымен қатар пластмассалардан жасалған имплантант-
тар жылдам тозады (шамамен
1 0
жылда) және оларды алмастыру
үшін өте ұзақ уақыт алатын күрделі және қымбат хирургиялық оталар
жасау керек болады. Көптеген емделушілер үшін бұл өте қымбат.
Биоинженерия аумағындағы мамандар үнемі
медициналық
имплантанттар ретінде қолдануға болатын жаңа материалдар
іздеу үстінде. Мысалы, цирконий оксидінің нанокристалдарының
қаттылығы, тозуға төзімділігі,
коррозияға тұрақтылығы және
биологиялық үйлесімділігі өте жоғары, сегізінші тарауда айтылып
кеткендей, керамикалық материалдарды золь-гель ауысу көмегімен
кеуекті етіп жасауға болады. Аэрогель
ретінде мұндай материалдар
олардың салмағынан
1 0 0
есе артық жүктемеге шыдай алады, осының
салдарынан олардың негізіндегі имплантанттар тиімділігі мен құны
біршама төмендейді. Салмағы аз, беріктілігі мен қаттылығы жоғары,
биологиялық үйлесімді, төзімді және
коррозияға тұрақты кремний
карбиді негізінегі наноматериалдары жүректің жасанды клапандарын
жасау үшін пайдалануға болады.
Нанокерамика негізіндегі медициналық импланттанттардың
эсіресе остеопорозбен зардап шегетін үлкен жастағы адамдарға көп
пайдасы тиеді.
Достарыңызбен бөлісу: