Тәуекел және пайда
Кейбір сыншылдар молекуларлық инженерия қоғамға айтуға
тілжетпестей әсер етуі мүмкін деп есептейді.
Күмәншілдер болса, өте кішкене наноқұрылғылар мен жаңа
наноқару түрлері экономикалық
дағдарыс туындатып, қоршаған
ортаға түзелмейтін нұқсан келтіруі мүмкін дейді.
Сонымен бірге нашар жоспарлау жұмыстары мен жеткіліксіз
мөлшердегі бақылаулар өнімдерге деген сұраныстың күрт артуына
алып келіп, өз кезегінде көлеңкелі экономика күрт артуы да мүмкін.
Алайда бұл күмәншіл бағалауларды барлық жұмыс түрлерінен
де көруге болады. Нанотехнологияға байланысты барлық пайда
болған тәуекелдер кез-келген ескі, жаңа
технология тәуекелдеріне
ұқсас.
Барлық айтылған кемшіліктер мен кедергілерге қарамастан
біздің әлемдегі нанотехнологияның орны мен рөлін бағалау үшін
олардың артықшылықтары мен пайдасын ескеру керек:
• дәрі-дәрмектерді бүтіндей тасымалдау;
• “чиптағы зертхана” көмегімен ауруларды болжау;
• генетикалық ауруларды емдеу;
• наноэлектроника;
• наносенсорлар;
• оптикалық массивтер;
• жанармай элементтері;
• энергияны тиімді өндіру мен тасымалдау.
Ауру түрлерінің көбеюі әрдайым қолайсыздық пен жайсыздыққа
алып келеді. Нанотехнологияда қайырымдылық
пен қатыгездіктің
зор күш қуаты бар. Шындығында нанотехнологияны пайдаланудың
тиімділігі тізімімен бірге қолымызда олармен әрқашан ілесе жүретін
кемшіліктер тізімін алып жүруіміз керек. Қарапайым шешім жоқ.
Тек қана барлық әрекеттерді толық жоспарлау мен талдау, зерттеу
ғана әлеуетті қауіп-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Нанотехнология біздің өміріміздің көптеген тұстарын өзгертетін
көп жаңа өнімдерді тиімді және арзан өндіру бағытында сәтті дамып
келеді. Алайда алдын-ала ойланбаса нанотехнологияның кеңінен
тара-
луы өте қарқынды екпін алып, адамзаттың олардың мүмкін болатын
салдарына көңіл бөлуге уақыты жетпей қалуы мүмкін.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Нанотехнологиялар қандай салалармен түйіседі?
а) экономика;
ә) этика;
б) мәдениет.
в) барлық аталған аймақтарда.
2. Барлық аталған аумақтар мен АҚШ еңбекті қорғау Ұлттық ин
ституты нені дайындауды және басып шығаруды жоспарлап отыр?
а) Ұлттық нанотехнология күніне арналған парақтар;
ә) наноматериалдармен тәжірибелік жұмыс нәтижелеріне шолу
жасалған құжат;
б) Нанотүтікшелерді алу әдістері тізімі;
в) Қоршаған ортаны қорғауға байланысты ең жақсы идеяға
сыйлық.
3.
Функционализацияланбаған
фуллендердің
балықтарға
жасалған зерттеу нәтижелері көрсетті:
а) қоршаған ортаға әсерін;
ә) бағасы қымбаттығын;
б) жабысқақтығын;
в) ашық көк түсті.
4. Нанотехнологияларда орасан зор әлеуеттік пайда және не
бар?
а) тәуекел;
ә) нашарлау;
б) цирк қойылымы;
в) мектептегі түскі астың жақсаруы.
5. Фуллендердің беткі қабаттарына
кішкене молекулярлы
бөліктерді байланыстыру арқылы цитоуыттылықты қалай өзгертуге
болады:
а) арттыруға;
ә) функционализациялану дәрежесіне байланысты төмендетуге;
б) бірқалыпты етіп қалдыруға;
в) екі есе арттыруға.
6
. Қоғамның нанотехнологияға қарым-қатынас қоғамдық өмір
салаларының қайсысымен анықталмайды:
а) жұмысбастылыққа әсері;
ә) жаңа алмасты алу мүмкіндіктері;
б) жеке тұлға мен меншікке қол сұқпаушылық;
в) жаңа дәрі-дәрмектер мен емдеу әдістерін ойлап шығару
мүмкіндіктері.
7. Нанотехнологияның тұрақты және жауапты дамуына, олардың
қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, құқықтану және т.б
салаларға әсерін бағалауды зерттеу жұмыстарымен
қандай құрылым
айналысады?
а)
ә) Ш Ғ ;
б) Я М ;
в) М А .
8
. Наномасштабты деңгейде өлшеулерді стандарттау нені
салыстыруға мүмкіндік береді:
а) әртүрлі дүкендердегі таразы көрсеткіштерін;
ә) фунттар мен метрлер;
б) мейіз бен жаңғақтар;
в) әртүрлі зерттеулер нәтижелерін.
9. Нанотехнологияға байланысты орасан зор жаңа ғылыми және
технологиялық мәліметтерді меңгеруге және олардың көмегімен оның
дамуы жолындағы әлеуетті тосқауларды жоюға мүмкіндік беретін
не?
а) кеңес берілген киім стилі;
ә) қоғамның немқұрайлылығы;
б) білім беру;
в) жұмыс орындары ауданының артуы.
10.
Функционализацияның
есебінен
цитоуыттылықты
төмендету төмендегі аумақтардың қайсысына инновация енгізуге
көмектеспейді?
а) байланыстар
ә) суды тазалау
б) бала тәрбиесі
в) медицина