80
Ядроның сыртқы мембранасы эндоплазмалық
тордың мембранасына
жалғасады және оның цитоплазмаға қараған бетінде рибосомалар
орналасқан. Бұл ядро қабықшасы мен эндоплазмалық
тордың ұқсас және
бір-бірімен байланысты екенін кӛрсетеді. Сондықтан,
ядро қабықшасын
эндоплазмалық тордың туындысы деп қарастырады. Кӛптеген жануарлар
мен ӛсімдіктер клеткаларының ядро қабықшасының
сыртқы мембранасы
тегіс емес, цитоплазмаға қараған бетінде дӛңестер мен ӛсінділер болады.
Ішкі мембрана ядроның хромосомалық материалымен ұштасады. Әртүрлі
клеткалардың ядро қабықшасында диаметрі 80-90 нм саңлаулардың
кӛптеген саны болады.
Саңлаулар саны ауытқымалы және ол ядролардың
үлкендігі мен клеткалардың функциялық белсенділігіне тәуелді.
Клеткадағы синтез процестері
неғұрлым жоғары болса, саңлаулар саны
соғұрлым кӛп болады. Ядро қабықшасының
қызметi - қорғаныштық, зат
алмасу процесін реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: