161
мезодерма оқшауланғаннан кейін алғашқы
ішектің қалған материалы
хорданың астында түйісіп ішек түтігінің бастамасын құрайды. Ішек түтігі
алғашқы кезде тұйық болады да, ауыз және артқы саңлаулар болмайды,
оның материалы энтодерма болып саналады. Сонымен, ланцетникте барлық
энтодерма
ішекті құрайтын болса, амфибийде энтодерма сары уыздық
(уақытша) және ішек-қарындық (тұрақты) деген бӛліктерге бӛлінеді.
Гаструляция процестерін зерттеуде неміс эмбриологі В. Фогтың 1925 ж.
ұсынған ұрықтардың бӛлігін белгілеу әдісінің маңызы ерекше.
Агардың
кішкене бӛлігін зиянсыз (уландырмайтын) бояудың
(нейтральді қызыл, кӛк метилен, Бисмарктың қоңыр бояуы т. б.) ерітіндісіне
салады. Боялған агардың бӛлікшесін эксперимент жүргізетін
эмбрион
нүктесінің бетіне жабыстырады. Бояу ұрық клеткасына сіңіп, олар боялады.
Егер бастула кезеңінде оның түрлі бӛліктері белгіленсе, гаструляцияда
клеткалардың қозғалып, орын ауыстырғандарын анықтауға болады.
Тіршілік барысында
амфибия бластуласын бояу әдісі, ондағы мүшелер
дамитын болашақ материалдардың орнын дәл анықтауға мүмкіншілік
береді. Тритон бластуласының тӛбесі — анимальді бӛлігі, нерв жүйесі мен
тері жабындысы бастамаларын түзуші болашақ эктодермаға сәйкес келеді.
Бластуланың аралық бӛлігінде болашақ хорданың зонасы орналасқан,
онымен қатар, вегетативтік полюске жақын асқорыту түтігінің алдыңғы
бӛлігі мен хордалық пластинканың бастамасын түзуші прехордалық
пластинка жайғасқан. Прехордалық және хордалық
бастамалар арасында
сегменттерді, бүйір пластинкаларын және құйрық мезодермасын түзетін
мезодерма бастамасы орналасады. Одан әрі даму кезінде бұл материал
ұрықтың ішіне қарай ӛтеді. Хорданың екі жанында орналасқан
презумптивтік (жорамал) аралық зонаның бӛлігі
дененің бұлшық ет
сегменттерінің материалы болып есептеледі. Аралық зонаның бүйір және
кұрсақ бӛліктері мезодермалық материал ретінде дене қуысын, бүйректі
және басқа құрылымдарды қалыптастыруға қатысады. Вегетативтік
полюстің аймағында презумптивтік орта және артқы ішектердің материалы
жайғасқан
.
Болашақ бастың бӛліктері — кӛз,
есіту және иіс сезім
органдары, ұрықтың алдыңғы ұшына сәйкес келетін бластуланың анимальді
полюсіне жақын орналасқан. Аралық зона мен арқа бӛлігінің ортасында
хорда материалы жатады. Амфибий жұмыртқасының анимальді полюсі
ересек жануарлар мен ұрықтың алдыңғы ұшына сәйкес келеді. Хордадағы
аралық зонаның ең кең бӛлігінде орналасқан
клеткалық материалдар
ұрықтың арқасына сәйкес келеді, ал оған қарама-қарсы беті кұрсағы болып
саналады. Осы сияқты презумптивтік (жорамал) органдардың бластулалық
кезеңдерін құстар мен басқа жануарларда да байқауға болады.
162
Ганс Шпеманның ұрық бӛліктерін кӛшіріп-қондыру (эмбриондық
трансплантация) әдісі сол бӛліктер тағдырын жеңіл байқауға мүмкіншілік
береді. Шпеман алғашқылардың бірі болып қосмекенділер нерв жүйесінің
бастамасы хорда-мезодерма материалына байланысты екенін анықтаған.
Орталық нерв жүйесі бастамасын анықтайтын хорда — мезодермалық
бастама
материалын Шпеман
Достарыңызбен бөлісу: