166
Жұмыртқаның ортасында ұрықтық дискімен байланыста болатын ақ-сары
уыз орналасқан. Ақ-сары уыздың орталық бӛлігін қоршап, кезектесіп сары
уыздық
пластинкалар орналасқан, олар үлкеңдігі жағынан да,
қара-қоңыр
және ақ-сары уыз деп те ажыратылады. Жұмыртқа Фаллопий (жұмыртқа)
түтігімен қозғалып келе жатқанда ақ уыз деп аталатын қабатпен қапталады.
Сары уыздың қарама-қарсы полюстерінен басталатын
холаза
деп аталатын
белок жіпшесі жұмыртқа клеткасын әк қабықасты
жарғақ қабыққа бекітіп
тұрады. Осының нәтижесінде жұмыртқаны қалай айналдырса да жұмыртқа
клеткасы ӛз орнын ӛзгертпейді. Ақ уыз бірі-біріне жанаса орналасқан екі
қабаттан тұратын жұқа әк қабықтық жарғақ қабықшасымен қоршалған.
Жұмыртқаның доғал ұшында жарғақ қабаттың
қабаттары бір бірінен
ажырап,
ауа камерасы
деп аталатын қуысты құрайды. Ұрық ауа камерасы
арқылы оттегін қабылдап, зат алмасу нӛтижесінде
пайда болған
кӛміртегінің диоксидін сыртқа шығарып отырады.
Ақ уыз бен әк қабаттың түзілуі де жұмыртқа түтігінде жүреді. Ақ уыз
ұрықтың даму барысындағы бастапқы кезінде қорғаныш қызметін атқарады,
ұрыққа сұйық кӛзі болып, дамудың екінші жартысында қорекке айналады.
Құрлықта дамуына байланысты жұмыртқада
ұрықтан тыс органдар
дамып жетіледі. Бұған жататындар амнион, аллантоис және сероза. Амнион,
сұйыққа толы амнион қуысын құрайды, онда дамитын ұрық орналасады.
Аллантоистың қызметі тыныс алу мен трофикалық функция атқару және зат
алмасудың ақырғы ӛнімдерін сыртқа шығару. Жұмыртқаның бӛлшектенуі
де түтікте жүреді. Бӛлшектенуі жартылай дисклік бӛлшектену.
Жұмыртқаның анимальдік полюсіндегі ұрықтық диск ғана бӛлшектенеді
(79-сурет).
Құстар салған жұмыртқа, бӛлшектенудің бір кезеңінде немесе
гаструланың бастапкы кезеңінде пайда болған кӛп клеткалық ұрық.
Достарыңызбен бөлісу: