Негіздері


Ересек ағзадағы қанның тҥзілуі



Pdf көрінісі
бет286/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

2.2.5 Ересек ағзадағы қанның тҥзілуі
Постоэмбриондық гемопоэз эритроциттер, гранулоциттер, тромбоциттер, 
агранулоциттер түзілетін мамандалған гемопоэтикалық ұлпаларда, миелиндік 
және Т- және В —лимфоциттер мен плазмоциттер жіктелетін лимфоидтық 
ұлпаларда жүреді. 
Миелиндік ұлпа сүйектердің қуыстары мен эпифиздерінде орналасқан. 
Миелиндік ұлпа эритроциттердің, гранулоциттердің, моноциттердің, қан 
пластинкаларының, лимфоциттердің және тимус (алқым безі) кӛк бауыр, 
лимфалық бездер сияқты мүшелерге кӛшіп қоныстанатын дәнекер ұлпасы 
мен қанның бастама жасушаларының дамитын орны (102-сурет). 
Гемоцитобластардың бӛлінуі кезінде кіші кӛлемді, цитоплазмасының 
базофильділігі айқын байқалатын жасушалар пайда болады. Бұл клеткаларды 
эритробластлар
деп атайды. Олар кӛбейіп гемоглобин жинайды. 
Гемоглобиннің жиналуына байланысты рибосомалардың саны кеміп
цитоплазманың базофильдігі азайып негізгі ғана емес қышқыл 
бояғыштармен бояла бастайды. Осыған байланысты эритробластарды 
полихроматофильдік эритробластлар деп атайды. Полихроматофильдік 
эритробластар жедел кӛбейіп, бірте-бірте ӛлшемі кішірейіп, ең соңында 
цитоплазмасы оксифильді, үлкендігі эритроцитке жуық оксифильдік 
эритробластар немесе нормобластар деп аталатын эритробластарға 
айналады. Бұл жасушалардың ядросы кішірейіп, солып плазмалеммаға 
жақындап цитоплазманың аздаған бӛлігімен жасушадан шығып кетеді. 
Ядросынан айырылған оксифильді нормоцит ретикулоцит деп аталады. 
Гемоглобиннің жиналу процесі аяқталғаннан кейін ретикулоцит жетілген 
эритроцитке айналады. 
Ересек организмдерде эритропоэз мына схема бойынша жүреді: 
гемоцитобласт 
— 
проэритробласт 

базофильді 
эритробласт 
— 
полихромотофильді эритробласт — оксифильді эритробласт — ретикулоцит —
эритроцит. Ересек организмде гранулоциттердің дамуы да сүйектің қызыл 
кемігінде жүреді. Гранулоциттер гемоцитобластардан пайда болады. 
Гранулоциттерге айналатын гемоцитобластарды 
миелоциттер 
деп атайды. 
Миелоциттер базофильді, эозинофильді және нейтрофильді миелоциттер 
болып бӛлінеді. Миелоциттер біраз уақыт кӛбейеді. Ядросы ұзарып
цитоплазмадағы дәндер саны кӛбейеді, ақырында клеткалар бӛліну қабілетінен 
айырылып жас, кейін таяқша ядролы және сегментті ядролы лейкоциттерге 
айналады. 


210 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет