Заңымен 7- тармақ жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 7. Агенттік филиалын және (немесе) өкілдігін аккредиттеу, олардың қызмет етуін
тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының баланың
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының ресми интернет-ресурсына шешімді
орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау
саласындағы уәкілетті органы таратады.
114- бап. Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің құқықтары мен міндеттері 1. Агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі:
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді ( бұр.ред.қара ) 1) агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтарына бала асырап алуда жәрдем
көрсетуге;
2) асырап алынатын бала туралы белгіленген тәртіппен және көлемде ақпарат алуға;
3)
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымды
адамдардың және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне шағым
жасауға;
4)
Қазақстан Республикасының заңнамасындағы, бала асырап алу тәртібіндегі
өзгерістер туралы ақпарат және өздерінің тікелей қызметіне қатысты басқа да ақпарат
алуға құқылы.
2. Агенттіктердің филиалы және (немесе) өкілдігі белгіленген тәртіппен:
1) аккредиттеу алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды
тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін есептік тіркеу үшін белгіленген
тәртіппен есептік тіркеуден өтуге;
2012.24.12. № 60-V ҚР