«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


Заңымен   8) тармақша өзгертілді ( бұр.ред.қара



Pdf көрінісі
бет136/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   295
Байланысты:
Неке

Заңымен
 
8) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
8) агенттіктің өз мемлекеті аумағында қызметінің тоқтатылуы; 
2016.09.04. № 501-V ҚР 
Заңымен
 
9) тармақшамен толықтырылды 
9) 
Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің белгіленген 
санынан асыру болып табылады.
9. 
Өз қызметін аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді алған агенттік алты ай өткен 
соң Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті 
органына қайтадан жүгінуге құқылы. 
113-
бап. Агенттіктер филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметін 
ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) тоқтату
1. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін ол аккредиттеу мерзімі өткенге дейін 
күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының балалардың 
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына мерзімді ұзарту туралы өтініш береді. 
Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасының 
балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы өтінішті қабылдаған 
күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту 
туралы (ұзартудан бас тарту туралы) дәлелді шешімді Қазақстан Республикасының 
балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қабылдап, агенттіктің 
филиалына және (немесе) өкілдігіне шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні 
ішінде жібереді. 
2. Егер олар агенттікті алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған болса, осы 
баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткен соң аккредиттеу мерзімі өздігінен 
ұзартылады.
3. 
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті 
органы:
1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;


2) 
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті 
органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға агенттік филиалының және 
(немесе) өкілдігінің қызметіне негізделіп шағымдар жасалған жағдайда, агенттікті 
аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті 
органы Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы шешім 
қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға хабарлайды. 
4. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан 
бұзушылықтар бір ай ішінде жойылған кезде Қазақстан Республикасының балалардың 
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы оны қайтадан қолданысқа енгізеді.
5. Агенттіктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері мынадай жағдайларда: 
1) балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына 
сәйкес жүзеге асырмаса;
2) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан 
бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса; 
3) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметін тоқтату туралы өтініш берсе; 
4) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу 
мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса, өз қызметін тоқтатады. 
6. Агенттік филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметін тоқтату мәселелері 
осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап 
он жұмыс күні ішінде қаралады. 
Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы дәлелді 
шешімді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 
уәкілетті органы қабылдайды және шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні 
ішінде оған жібереді. 
2016.09.04. № 501-V ҚР 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет